Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Ақжайық ЖОББМ
Хабидуллина Айгул Гарифоллаевна
Тақырыбы: Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы ұғымы
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы ұғымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Паскаль программалау тіліндегі мәліметтер типі жөнінде, Айнымалы туралы ұғым қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жеке және ұжым болып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Паскаль программалау тілі жөнінде алған білімдерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың жүрісі:
- Ұйымдастыру
- Өткенге шолу
- Жаңа білім беру
- Оқулықпен жұмыс
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма беру
Өткенге шолу
Сәйкестендіру тест
|
А. Алгоритмді графикалық тілде өрнектеу |
|
Ә. мән, өту |
|
Б. Эллипс-тің ішіне |
|
В. MOD |
|
Г. Реттелген амалдар тізбегі |
|
Д. Меншіктеу белгісі |
|
Е. алг, арг, нәт. |
|
Ж. Program, begin сөздерінің арасына |
|
З. Алгоритмді компьютерде орындайтын ережелер жиыны |
|
И. DIV |
Жауаптары
1-Г 6-Ә
2-З 7-И
3-А 8-В
4-Б 9-Д
5-Е 10-Ж
Жаңа білім беру:
Айнымалылар латын әріптері мен цифрларының кез келген тіркесітүрінде беріледі. Айнымалы деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар атаулармен белгіленіп, әр түрлі уақытта әртүатауы сипаттайтын рлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттайтын var түйінді сөзімен басталады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.
var <идентификатор>:<тип>
мысалы:
Var А, В:integer;
Sum, baga: real;
Стандартты типтер
Типтер | |||
Қарапайым | Күрделі | ||
Бүтін сан | Integer | Жиымдар | Array |
Нақты сан | Real | Файлдар | File |
Символдық шама | Char | Жазбалар | Record |
Логикалық шама | Logical | Жиындар | Set |
Мәтіндік шама | Text |
Паскаль тілінің функциялары
№ | Математикалық жазылуы | Паскаль тілінде жазылуы | Түсініктемесі |
1 | sinX | Sin(X) | Синус |
2 | cosX | Cos(X) | Косинус |
3 | arctgX | Arctan(X) | Арктангенс |
4 | x2 | SQR(X) | “х-тың” квадраты |
5 | √x | SQRT(X) | “х-тың” квадрат түбірі |
6 | |x| | abs(X) | “х-тың” абсолют шамасы |
7 | lnX | Ln(X) | “х-тың” натурал логарифм шамасы |
8 | ex | exp(X) | е-нің х дәрежесі |
Өрнек- арифметикалық амалдардың таңбөаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығы. Өрнектерді есептеу барысында амалдардың орындалу реті жақшалармен көрсетіледі.
Математикалық жазылуы | Паскаль тілінде жазылуы |
a-b2a+b | (a-b)/(2*a+b) |
x3 | sqr(X)*X |
e(3k+a)ln(a) | exp((3*k+a)*ln(a))5 |
5√x | exp(ln(x)/5) |
ax3+bx+c | a*sqr(x)*x+b*x+c |
sin2x-cos2x | sqr(sin(x))-sqr(cos(x)) |
Өрнектер арифметикалық, логикалық және символдық өрнектерге бөлінеді
Логикалық өрнек нәтижесі “ақиқат” немесе “жалған” болады. Логикалық өрнек логикалық тұрақтыдан (сан не сөз), логикалық айнымалыдан (кез келген атаудан), қатынас белгілері (‹, ›, ‹=, ›=, =, ‹›) мен логикалық амалдардан (not, and, or), жақшалардан тұрады.
Символдық өрнектерге – char, string, text типті шамалар жатады.
Оқулықпен жұмыс
40 беттегі 4 тапсырманы орындау 1-4
- (sqr(x)*sqr(x)*x+x*y)/(2*x+sqrt(y))
- (2*abs(x)+3*abs(y))/sqr(abs(x*y))*abs(x*y)
- sqrt(ln(sqr(a)+c))/(a-c)
- (sin(3*x)+sqr(cos(2*x))*cos(2*x))/(sqr(ln(x))+exp(ln(x)/3))
Сабақты бекіту
- Айнымалы дегеніміз не?
- Өрнектер қандай түрлерге бөлінеді?
- Логикалық өрнек неден тұрады?
- Символдық өрнектерге қандай типті шамалар жатады?
Үйге тапсырма
- Оқулықтағы Паскаль тілінің объектілері деген тақырыпты оқып келу.
- 40 беттегі 4 тапсырманың 5,6 орындап келу.