Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Қасиетті Құран Кәрім туралы «Адам ата» жайында

Қасиетті Құран Кәрім туралы «Адам ата» жайында

Төлегенова Алтын Хадимовна
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Абай қазақ орта мектебі

Қазақ әдебиеті 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран Кәрім туралы «Адам ата» жайында
Сабақтың мақсаты: 1. Діни әңгімелерді оқи отырып, Ислам діні, Құран Кәрім туралы оқушылардың түсінігін кеңейту;
2. «Адам ата» әпсанасы арқылы адамзат алдындағы оң бағыт пен теріс соқпақ, имандылық пен әзәзілдіктен дұрыс жолды таңдау керектігін ұғыну;
3. Оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Түрленген сабақ
Сабақтың әдісі: Талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: Тарих
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

— Әр халықтың ұлттық болмысын, тіршілік ету тәлімін, өмірге деген көзқарасын, рухани өрісін, танымы мен нанымын жалпақ жұртқа жайып, өзін танытатын әрі мәшһүр ететін халықтың ежелден келе жатқан ескі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, жөн-жоралғылары болса керек. Талай ұрпақтардың ұлан-ғайыр көшін ұзатып салып, тар жол, тайғақ кешулі замана зобалаңдарынан өткен өрісті тарихымыздың өн бойында өшпей, өскін жайып, халық тірлігінің өзегімен өріле жасасып келе жатқан бұл қасиетті қазыналарымыз өзінің өміршеңдігімен тәнті етеді. Өйткені бұл б
ас иер киеміз халқымыздың тілі мен ділі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дүниетанымы мен наным-сенімінде бағы мен бары да, құты мен құдіреті де жатыр.
Әпсана — парсыша ертегі, хикаят арабша әңгіме, қисса арабша әңгіме, аңыз деген мағына береді. Еуропа әдебиеттеріндегі легенда деген ұғымның баламасы. Аңызға, мифқа, ертегіге тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады.
І. Қызығушылықты ояту
Құран Кәрім дегенде ойымызға не келеді?
— Тарих
— Әдебиет
— Әдет-ғұрып
— Салт-сана
— Шариғат
— Тазалық
— Шипагерлік
— Әділдік
ІІ. Мағынаны тану
Электронды оқулықпен жұмыс
1. Түсінік
2. Мәтін
3. Сөздік
4. Талдау
5. Қосымша оқу
Түсінік
Жер бетіндегі халықтардың көбі бір Аллаға табынады, сыйынады. Осы үлкен сенім адам баласына көмектеседі. Осы сенімнен дін тарайды. Дүние жүзіне кең тараған төрт ірі дін тармақтары Ислам, Христиан, Будда, Католик діндерінің бәрінің де өзегі – адамгершілік, тазалық.
Алла сөзі Жебірейіл періште арқылы төрт пайғамбарға, яғни, Мұсаға – «Таурат», Ғайсаға – «Інжіл», Дәуітке – «Забур», Мұхаммед пайғамбарға – «Құран Кәрім» тапсырылады.
Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар ғалейһи-салам арқылы жіберген ақиқат жолы, дүние жүзіне ең ықпалды әрі кең тараған дін. Ислам арабша мойынсұну, амандық, татулық деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбарға түсірілген Құран Кәрімді өзінен бұрынғы кітаптардың растаушысы (барлық пайғамбарларға бұрын жіберілген өсиеттерді түгел қамтиды.) және Жаратушының ең соңғы өсиеті деп санайды.
Мұсылмандар – Мұхамбет пайғамбардың үмбеттері.
Сөздікпен жұмыс
Алла – Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы.
Уаһи – хабар.
Сахаба – пайғамбарымыздың ислам дініне үлес қосқан серіктері.
Хафиз – Құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адамдар.
Қари – Құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.
Ғайып – көзбен көрмесек те, жүрекпен, иманмен сезінетін әлем.
Талдау
Дискуссиялық карта
Шығармадағы жақсылық пен жаман істерді талдай отырып, кестені толтыру

+ —

ІІІ. Ой толғаныс
«Соңғы сөзді мен айтамын»
Шығарманың ой түйінін анықта.
Үй тапсырмасы
Міндетті деңгейлі тапсырма
Әпсана-хикаятты мазмұндау
Оқулықтағы шығарма соңындағы тапсырмаларды орындау
Мүмкіндік деңгейлі тапсырма
Адам ата мен Хауа ана екеуі тыйым салынған жемісті жемегенде не болар еді? (Шығарманың өз ойынша аяқтау)
Сыныптан тыс оқуға ұсынылатын шығармалар тізімі
1. Құран Кәрім
2. Рабғузидің «Хисса сул әнбия»
3. Ғ. Мүсірепов «Ана жыры» әңгімесі
Дискуссиялық карта

+ —
Адамды артық етіп жарату Адамның шайтанның азғыруына еруі

Дискуссиялық карта

+ —
Адамға жұмақта жақсы жағдай жасау Шайтанның адамды азғыруы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *