Басы » Бастауыш сыныптар » Табиғат «Ауа райы»

Табиғат «Ауа райы»

Күні:22.10.2014 Пәні:Дүниетану Сынып:1 «В»
Сабақтың тақырыбы: Табиғат  «Ауа райы»
Мақсаты: Ауа температурасы жайында түсінік беру. Термометр және оны пайдалана білу техникасы жайында меңгерту. Ауа райының шартты белгілерін меңгерту.
Табыс критерийлері: Тақырыпқа берілген мәтіннің мазмұнын түсінеді.Ауа температурасын анықтай алады. Термометрді таниды және оны практикада қолдана алады.Ауа райының шартты белгілерін таниды және сол шартты белгілерді пайдаланып ауа температурасын анықтай алады Сұрақтарға нақты жауап береді.

Өзін-өзі бағалай алады. Өмірден мысал келтіреді.Өз ойларын дәлелдей алады.

Сабақтың әдісі:Бағалау: Топтық жұмыс,сұрақ-жауап.өздерінің бағалауы, смайликтер
Ұйымдастыру кезеңі:3 минут Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.)
Қызығушылықты  ояту5 минут   Топқа бөлу,топ мүшелерін сайлауСабақтың мақсатымен таныстыру
Мағнаны түйіндеу.(8 минут) Топтық жұмыс. Постер қорғау.Ой толғаныс.Сұрақ – жауап әдісі.

1.Адамның сезім  мүшелерін атап жіберейік

2.Олардың қызметін айтып жіберейік (топтық жұмыс)

3.Сезім мүшелерін қалай сақтау керек?

4.Адам мен табиғат өзара қандай байланыста?

5.Салауатты өмір салтын құру үшін қандай ережелерді орындау керек?

Сергіту сәті.1 минут. Жаттығу жасау.
Жаңа сабақ түсіндіру Тақырыпты ашу.  Таныстырылымда Қазақстанның әдемі табиғатының суреттерін көрсете отырып сын тұрғысынан ойлауды ұсынамын, бұл суреттер арқылы не түсіне алатындықтарын сұрау арқылы жаңа сабақтыың тақырыбын ашу.
Оқулықпен жұмыс6 минут Оқулықтағы берілген мәтінді түсініп оқу.(әр топ өз бөлігін оқиды, түсінгендерін айтып береді)
Сергіту сәті2 минут Көңілді жаттығу
Сөздік жұмысы5 минут Ауа райы,Термометр, градус,  жайында өз білетіндерін, естіген білген түсініктерін сұрап, өз ойларын ортаға салуды ұсынамын. Оқушылардың ойын толықтырамын. 
Сабақты қорыту.8  минут Топтық жұмыс. Әр топқа плпншет беріледі. Экранда 4 түрлі сурет. Сол суретте берілген көріністерге қарай отырып, ауа райыны анықтау.1-топ Ашық аспан

2-топ Тұтас бұлтты.

3-топ Аспан ала бұлтты

4-топ Қар аралас жаңбыр

 

Бағалау.2 минут

 

 

 

Оқушылар өз жұмыстарын смайл жапсырмалары арқылы көрсетеді.

Рефлексиялық есеп.

  1. 22- қараша күні 1 «В» сыныбында Дүниетану пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы «Ауа райы». Табиғат тарауының алғашқы тақырыбы. Жаңа ғана оқу мен жазуға қалыптасып жатқан оқушылар үшін  Кембриждік тәсілмен сабақ өткізудің өзіндің өзіндік қиындықтар мен қызықтары жетерлік. Қызықтан гөрі қиындығы басым сыныпта кедергілер де аз емес. Кедергінің ең үлкені  оқушылардың қазақ тілінде сөйлей алмауы, сөйлемек тұрмақ түсінбейтіндіктері.
  2. Сабақтың бірінші кезеңі, ұйымдастыру кезеңі. Бұл кезеңде балаларда бір жауапкершіліктің ұшқыны көздерінде тұрды. Өздеріне берілген тапсырмаларды орындауға деген талпыныс байқалды.  Сыныпта 19 оқушының 17-сі сабаққа қатысты. Сынып 4 топқа бөлінді. Әр топ өздеріне топтың атын және көшбасшысын таңдады. Оқушыларды топтарға бөлінуде сын тұрғысынан ойлауға үйрету стратегиясын пайдаландым. Яғни қолдарына алған сандар арқылы орындарын табуды ұсындым. Оқушылар тез орналасты. 1-топ «Айгөлек»  топ басшысы Аңсар, 2-топ «Угалек» топ басшысы Дарина, 3-топ «Қазақстан» топ басшысы Ратмир, 4-топ «Балапан» басшысы Диана болып тағайындалды. Топ басшыларының міндеті берілген жұмыс дайын болған кезде команданың дайын екендігін бірлесіп белгі беретіндігі, қорғаушыны анықтайтындығы түсіндірілді.
  3. Екінші кезең. Өткенді пысықтау.  Өткен тарау «Сезім мүшелері». 4 топқа әр сезім мүшесін қорғауға тапсырдым. 1-топ «Тері», 2-топ «Көз», 3-топ «Мұрын», 4-топ «Тіл». Осы берілген тақырыптар бойынша өткен тарауға қысқаша шолу жасалды. Әр топ постер жасап түсінгендері бойынша өз ойларын жеткізді.
  4. Сергіту сәті, бой жазу жаттығуы болды.
  5. Үшінші кезең. Жаға сабақтың мазмұнын ашу. Таныстырылым мен оқулықты және көрнекіліктің көмегімен жұмыс жалғасты.Осы кезеңде сөздік жұмысы да өз жалғасын тауып жатты. Түсіндірілімнің нақтылығын, оқушылардың қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында түсіндірілім мен сөздік жұмысын араластыра өткізуім өз нәтижесін берді.
  6. Қорытынды кезең. Топтық жұмыс. Топтық жұмыс. Әр топқа плпншет беріледі. Экранда 4 түрлі сурет. Сол суретте берілген көріністерге қарай отырып, ауа райыны анықтау тапсырылды.

1-топ Ашық аспан

2-топ Тұтас бұлтты.

3-топ Аспан ала бұлтты

4-топ Қар аралас жаңбыр

  1. Сергіту сәті. Оқушылардың шаршағандарын басу ретінде сабақтың соңында екінші сергіту сәтін жүргізуді жөн көрдім.
  2. Бағалау кезеңі. Оқушылар сабақтың соңында бүгінгі сабаққа қатыстарын смайл жапсырмаларымен бағалады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *