Басы » Баяндамалар » БАСТАУЫШ КЛАСТАРДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ САПАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ КЛАСТАРДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ САПАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

Рисунок11БАСТАУЫШ КЛАСТАРДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ САПАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

 

№ 6 Хромтау гимназиясы бастауыш класс мұғалімі Жуминова Жанагуль Жубандыковна

Аңдатпа

Бүгінгі күні орта білім беру жүйесінде жоғары деңгейге қол жеткізген Кембридждің сыңдарлы оқыту теориясына негізделген Бағдарлама бойынша  өз білімімді жетілдіріп, білгенімді тәжірибеде іске асыруға келгенде толғандырған бір мәселе алдымда тұрды, ол бастауыш кластарда оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды сабақтарда тиімді қолдану.Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Бұл тапсырмалар дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау жасайтын болуы тиіс деген қағиданы басшылыққа алып, сол тапсырмаларды құрастыруға кірістім. Осы ізденістің нәтижесінде құрастырылған тапсырмалар, қысқа мерзімді жоспарлар оқушыларға білім беру барысында өз септігін тигізеді деген оймен ұсынып отырмын.

Алғысөз

Бүгінгі күні білім әлеуметтік және экономикалық  прогреске жеткізетін маңызды факторлардың бірі ретінде қарастырылуы керек. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш —  білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты  жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі —  әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау  жүйесі бойынша сараптау .

І тарау. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

  • заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
  • жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
  • оқушылардың білім сапасын арттырады;
  • оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
  • тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Бүгінгі таңда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде  оқушы білімі – қалыптастырушы және жиынтық бағалау негізінде  бағалануда. Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау)  маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты– оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын  жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі  тапсырма деңгейіне сәйкес  5-10 минут  болуы мүмкін. Сабақ барысында  қалыптастырушы бағалаудың  формальді, формальді емес  әдістерін тиімді әрі жүйелі  қолдану қажет. Формальді бағалау әдісі  нақты оқу мақсатына  негізделіп жүргізіледі. Дескрипторлар мен бағалау критерийлері тапсырмаға сай құрылып, оқушы білімінің нәтижесі ауызша немесе жазбаша түрде «мақсатқа жетті», «талпынады» деген бағалау түрі бойынша қорытындыланады. Формальді емес қалыптастырушы бағалау әдісі белгілі бір талаптарға сай ауызша немесе жазбаша жүргізіледі. Бұл қалыптастырушы бағалауда оқушы білімінің нәтижесі «мақсатқа жетті», «талпынады» деген бағалау түрлері бойынша емес , ауызша мадақтау немесе  белгілі бір шартты қимыл арқылы қорытындыланады

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу —  жиынтық бағалаудың  нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың  бастауы негізі  қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деп жазған. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы.

 

Оқу біліктілігіне негізгі мінездемелер:

  1. Түсініп оқу:

— түсініп оқу дегеніміз – оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну;

— мәтіндегі тура және тура емес мағынада берілген сөздердің мағынасын түсіну;

— мәтіннің ішіндегі сөздер байланысын түсіну;

— мәтіннің жеке бөлімдерінің пәндік жоспар мазмұнын түсіне білу (абзатц, бөлімдері, эпизодтары);

— мәтіннің мазмұнын тереңдеу түсіне білу (жазушы бұл шығарма арқылы нені, қандай ойды білдіргісі келді).

  1. Оқудың жылдамдығы:

— оқу техникасының нақты компоненті- оқу тәсілі. Оқудың буындап оқу,  тұтас сөздерді оқу, бірнеше сөздерді қатар оқу түрлері бар. Оқушыны буындап оқудан жылдам  тұтас сөздерді оқуға үйрету керек және оқуда сөздерді оқу жылдамдығын күшейтуге тырысу керек.

  1. Мәнерлеп оқу: мәнерлеп оқуда оқушы екпінге интонацияға көңіл аударып, кейіпкердің, автордың сөздерін дұрыс мәнерлеп оқып беруі тиіс.

 Мұғалім тексеру барысында мынаға көңіл бөлген жөн:

1.Оқушылардың тексті оқуда жылдамдығын тексеруде барлық оқыған сөздер, бір әріптен тұратын сөздер де есептеледі.

  1. Оқушылардың тексті оқуда дұрыс оқуын тексеруде мыналар қате деп есептеледі:

— егерде әріпті ауыстырып оқыса;

— оқуда әріпті тастап кету;

— оқығанда өздігінен әріп қосса;

— оқығанда әріптерді, буындарды, сөздерді қайталай берсе;

—  оқығанда   сөздегі екпінді  дұрыс қоймаса; интонацияға көңіл бөлмесе.

— мәнерлеп оқуға көңіл бөліну керек.

 

 «Әдебиеттік оқуды» бағалау критерийлері:

Тоқсанның аяғында оқушылардың оқу біліктілігі  мынадай критерийлер бойынша бағаланады: түсініп оқу, жылдам оқу, дұрыс оқу, мәнерлеп оқу.

«5» — егерде осы аталған төрт критерийлер орындалса;

«4»- егерде аталған критерийлердің  біреуі орындалмаса;

«3»- егерде  аталған критерийлерден  екеуі орындалмаса;

«2» — егерде аталған критерийлерден үшеуі орындалмаса.

Өлеңді жатқа айтуды бағалау критерийлері:

«5» — мәнерлеп жатқа айтып берсе;

«4» — жатқа айтуда өз қателерін өзі түзетіп жатқа айтса;

«3» — мәнерлеп оқымаса, өлеңді  жатқа оқығанда қателер жіберсе;

«2»- жалпы  өлеңді жатқа білмесе немесе толық жатқа айталмаса.

Өлеңді мәнерлеп оқуды бағалау критерийлері:

Өлеңді мәнерлеп оқуда мына талаптарға ұстаным жасау керек:

  1. Логикалық екпінді дұрыс қою;
  2. Пауза қоя білу;
  3. Дұрыс жылдам оқуды сақтау;
  4. Интонацияға көңіл бөлу;
  5. Қатесіз оқу.

«5» — аталған барлық талаптар сақталса;

«4» — аталған талаптардың 1-2- і орындалмаса;

«3» — аталған үш талап бойынша қате жіберілсе;

«2» — аталған талаптардан -3-4, немесе одан да көп жіберілсе.

Мәтінді рөлге бөліп оқуды бағалау критерийлері:

Мәтінді рөлге бөліп оқығанда мынадай талаптар қойылады:

— уақытында өз сөздерін оқи білу;

— дұрыс интонация қоя білу;

— қатесіз оқу;

— мәнерлеп оқу.

«5» — барлық аталған талаптар орындалса;

«4» — аталған талаптардан бір қате жіберілсе;

«3» — аталған талаптардан екі қате жіберілсе;

«2» — аталған талаптардан үш және одан да көп қате жіберілсе.

Мазмұндауды бағалау критерийлері:

«5» — оқыған мәтіннің мазмұнын толық айтып берсе, сұрақтарға жауабын мәтіннен таба алса, мәтіндегі ең негізгі ойды айтып берсе;

«4» — мазмұндауда 1-2 қате жіберсе, бірақ өз қатесін түсініп өзі түзетсе;

«3»- мұғалімнің   көмегімен мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып мазмұнын айтса; өз бетімен мазмұнын айтып бере алмаса, бірақ мазмұнын түсінсе;

«2» — жалпы оқыған мәтінді түсініп мазмұнын айта алмаса.

ІІ тарау. Оқыту мен тәрбиелеу егіз ұғым екенін ескере отырып, ұлы жазушыҚадыр Мырзалиев былай деген«Баланың тентектігін қойдырам деп, қайсарлығын өлтіріп ала көрме»

яғни бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақтарды қоюға болады. Мысалы айта кететін болсақ кез келген сабақтың басталуы сұрақ – жауаптан тұрады. Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады Бір-бірінің жауабына қанағаттанбаса, қосымша да сұрақтар беруі мүмкін.Олар түрткі сұрақтар, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы пікірталас кезінде көп туындайды. Сабақ кезінде оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында бір-бірімен сұхбат жүргізеді. Яғни талқыға салады. Ойдан ой туындайды, идеяларын бөліседі, онысын дәлелдеуге тырысады, бір-бірімен келіспейтін кездері де болып жатады, яғни өздерінің бойына сенімділік ұялап, сабаққа деген ынтасы артып, өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді. Оқушыларға ойын кеңейтетін, яғни ойын дамытатын тапсырмалар беріп отырсақ, онда олардың ойлау деңгейлерін көтеріп, сөйлеу дағдыларын арттырамыз деген ойдамын. Сабақ соңындағы кері байланыстың өзін де диалогқа жатқызуға боладыСабақ кезінде көбінесе мұғалімнің сұрақ қойғанынан гөрі оқушының оқушыға сұрақ қойғаны дұрыс деп есептеймін. Өйткені оқушылар сыныптасының қойған сұрағына қызығушылықпен жауап береді. Мұндай сәтте жауап дұрыс болмай қалған жағдайда басқа жауап беретін оқушы бар ма деп мұғалімнің қайта бағыттауына болады. Егер оқушылардың жауабы дұрыс болмай қалған жағдайда сұрақ қойып отырған оқушы өз ойын ашық білдіріп, мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп береді. Яғни оқушылар арсында пікірлесу, әңімелесу, ой бөлісу арқылы сабаққа деген қызығушылық артады, білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды, жояды.

 

Осы теориялық құндылықтарды басшылыққа ала отырып , сабақ жоспарыма критериалды бағалауды оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып мүмкіндігінше қолоданамын. Осы аралық уақытта оқушыларым ынтымақтастық аясында топпен жұмыс жасауға, өзін-өзі бағалауға, топ басшылары бағалау парақшасымен жұмыс жасауға, топтар бірін –бірі бағалауға қалыптасып қалды.

 

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ел рәміздері.

Мақсаты: Ел рәміздері туралы оқушыларға ұғым бере отырып, оқушының ой-өрісін  өзін-өзі реттеу арқылы жетілдіру, патриоттық сезімін ояту,шығармашылыққа жетелеу.

Жұмыс нәтижесі: Ел рәміздері туралы тереңірек мағлұматтар алады,алған мәліметтерін өмірде пайдалана алады.Тақырыптың мазмұнын  түсіну арқылы шығармашылығы қалыптасады.

Сілтеме: Әдебиеттік оқу және хрестоматиясы. Т.Әбдікәрімова,С.Рахметова.Б.Қабатай.

Негізгі идеясы: Еліміздің рәміздері  туралы толық  ақпарат алуы

Қолданылған әдістері мен тәсілдері:Диалогтік оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу:АКТ-ны қолдану;кубизм стратегиясы,ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;Оқуды және оқыту үшін бағалау;Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

Ресурстар: постер, түсті қағаз, маркерлер,дидактикалық материалдар, компьютер,смайликтер, стикерлер,формат А-3

Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу,мақсат қою.
  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

3.Рефлексия

  1. Үйге тапсырма
  2. Бағалау

Үйге тапсырма: ел рәміздерін жаттау, мәлімет жинақтау.

 

 

 

Ойлауды Блум бойынша

жіктеу

 

 

Мақсат

 

 

Тапсырма түрі.Түрткілер

 

 

 

Нәтиже

 

Бағалау

 

 

 

Критерийлер дескриптор ұпай
Білу Психологиялық ахуал.

Топқа бөлу: «Сурет бойынша»

Өткен тақырыпты тексеру.Қызығушылығын ояту

 Астана туралы эссені автор орындығында отырып оқып шығады.  Өткен тақырыптар бойынша білімін көрсетеді Білім көлемін

зерделеу

Жауап толық 3
Жауап толық емес 2
Жауап берген жоқ 1
Түсіну Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу  Оқулық бойынша мәтінді топқа бөліп оқу түртіп алу, Инсерт ойынын қолдану Ел рәміздерң туралы толық мағлұмат алды Тақырыптың негізгі идеясын табу Мәтінді меңгерді  

2

 

 

Қателіктері болды 1
Меңгере алмады 1
Қолдану Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар орындау Топтық жұмыс

1-топ ҚР мемлекеттік гимні

2-топҚР мемлекеттік туы

3-топ ҚР мемлекеттік елтаңбасы

Алған білімін тәжірибеде қолдана алды Іс тәжірибесі

дағдысын қалыптастыру

Тапсырманы толық ашты

 

Жартылай ашты

 

1
Аша алған жоқ

 

1
Талдау Аудио тыңдау арқылы,гимн,елтаңба,туды ажырату   Көк тудың желбірегені, гимн,Жаса қазағым. Тыңдау арқылы ажырата білді Тапсырманы дұрыс орындау Тапсырманы дұрыс орындады

 

 

 

 

 

 

2

Тапсырманы дұрыс түсінбеді

 

 

 

1

 

Түсінбеді

 

1
Жинақтау Алған білімдерін реттеу

 

 

Кубизм арқылы жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қою Алған білімдерін реттігімен

көрсете алады

Тапсырманы орындау деңгейі Тапсырманы дұрыс орындады 2
Дұрыс орындай алмады

 

1
Орындаған жоқ 1
Бағалау Дүниетанымын кеңейту «Смайликтер»

Стикерлермен

Ойланып, шешім қабылдайды Логикалық ойы Ойларын жеткізе алды. 2
Қателіктері болды 1
ойлары жеткізе алмады 1

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала. Еліміздің картасы

Мақсаты: Астана туралы,еліміздің картасы туралы  оқушыларга ұғым бере отырып, оқушының ой-өрісін  өзін-өзі реттеу арқылы жетілдіру, шығармашылыққа жетелеу

Жұмыс нәтижесі: Елордасы Астана туралы тереңірек мағлұматтар алады,алған мәліметтерін өмірде пайдалана алады.Тақырыптың мазмұнын  түсіну арқылы шығармашылығы қалыптасады.

Сілтеме: Әдебиеттік оқу және хрестоматиясы. Т.Әбдікәрімова,С.Рахметова.Б.Қабатай.

Негізгі идеясы: Астана туралы толық  ақпарат алуы

Қолданылған әдістері мен тәсілдері:Диалогтік оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу:АКТ-ны қолдану;ой шақыру стратегиясы,ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;Оқуды және оқыту үшін бағалау;Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

Ресурстар: постер, түсті қағаз, маркерлер,дидактикалық материалдар, компьютер,смайликтер, стикерлер,формат А-3

Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу,мақсат қою.
  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

3.Рефлексия

  1. Үйге тапсырма
  2. Бағалау

Үйге тапсырма: Астана-бас қала.Еліміздің картасы.мәтіндерді оқу,бір шумақ өлең жазып келу немесе шағын әссе жазу.

 

Ойлау

ды Блум бойынша жіктеу

Мақсат Тапсырма түрі түрткілер Нәтиже Бағалау
Критерий

лер

Дескрип

тор

Ұпай Жиынтық баға
Білу Психологиялық ахуал. «Әр елдің сәлемдесуі»

Топқа бөлу: «Сен қай түсті таңдадың?»

 

Өткен сабақтың білімін анықтау

«Ой шақыру»

арқылы сұрақтар қою

«Ой шақыру» арқылы тақырыптың түсінуін анықтау Өткен материалдан негізгі ойды  анықтай білді Сұрақтарға дұрыс жауап берді 2

 

 

 

Сұрақтарды түсінбеді

 

1

 

 

 

Сұрақтарға жауап бермеді  

1

 

 

 

 

 

Түсіну Астана туралы мәтіннің мазмұнын ашу,меңгерту Топпен жұмыс:мәтінді бөліктерге бөліп талдау;

 

Әр топқа Астананың суретін таратып беремін

Топпен жұмыс жасауда мәтінді оқушылар меңгереді Негізгі идеяны түсінген Тапсыр

маны толық орында

ды

 

2

 

 

 

Қателіктері болды  

1

 

Мүлде түсінбеді  

2

Қолдану Тақырыпқа сай алған білімін тапсырма орындау бекіту Топпен жұмыс:

1-топ:Алматы

2-топ:Астана

3-топ:Мен картамын

 

Бейне жазбаның көмегімен сергіту: «Туған өлкем» музыкалық әуен

Алған білімін тәжірибеде қолдана алады. Іс тәжірибе дағдысын қалыптастыру Тапсыр

маны толық түсінді

 

 

2

 

 

 

 

Өз ойын толық жеткізе алмады

 

 

 

1

Түсінген жоқ

 

1
Талдау Слайдтағы Астана бейнесі мен ойларындағы Астана бейнесін салыстыру

Салыстыра отырып пікірталасқа түсу

Астананың көрікті жерлері туралы слайдпен таныстырамын Венн диаграммасы Салыстыра  отырып ортақ  шешімге келеді. Ойын жеткізу деңгейі Өзара диалогқа түсе алды  

 

1

 

 

Диалогқа түсе алмады  

2

 

 

 

Диалогқа түспеді 1
Жинақ

тау

Сырлы сезім.(мәсе

ленің ең негізгі түйінін табу)

Топпен жұмыс жасау арқылы Астана туралы өлең шумақтарын құрастыру Өз ойларын жеткізе  алады жағдаяттан шығу жолын табады. Толық шықты

 

 

2

 

Жағдаяттан шығуда шатасты

 

 

 

 

1

Жағдаяттан шыға алмады  

 

 

1

Бағалау Танымдық қабілетін кеңейту Болашақтағы Астанам атты эссе жазу. Ойланад,ізденеді. Логикалық ойлауы Ойы жүйелі

 

2

 

 

Ойын толық жеткізе алмады  

1

 

Ойы жүйесіз  

1

 

Сабақта   критериалды бағалау кестесі бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды

 

Жоғары ұпай-5; Орта ұпай-3; Төмен ұпай-1
Оқушының аты -жөні Мәтіннің мазмұнын айтуы

(Толық айту-5 ұпай; іркіліп айту-3 ұпай; жартылай айтуы-1 ұпай)

 

Топпен жұмыста

(Көңілге жағымды-5 ұпай; ой қосуы орташат-3; ынтасы төмен-1 ұпай)

Ойын еркін жеткізе алуы

(еркін сөйлеуі-5; еркін сөйлей алмауы-3; мүлде араласпай отыруы-1 ұпай)

Өзін-өзі ұстауы

(Өзіне сенімді-5 ұпай; қобалжуы-3 ұпай; ұялу, қысылудың болуы-1 ұпай)

Қо

ры

тынды

1
2
3
4
5

 

Сабақта   критериалды бағалау кестесі бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды

 

Жоғары ұпай-5; Орта ұпай-3; Төмен ұпай-1
Оқушының аты -жөні Өлеңді толық айтуы

(Толық айту-5 ұпай; іркіліп айту-3 ұпай; жартылай айтуы-1 ұпай)

 

Мәнерлеп айтуы

(Көңілге жағымды-5 ұпай; мәнерлеуге тырысуы-3; Мәнері төмен-1 ұпай)

Орфоэпиялық норманың сақталуы

(Орфоэпияның сақталуы-5; бір-екі қатенің болуы-3; қателер санының үштен көп болуы-1 ұпай)

Өзін-өзі ұстауы

(Өзіне сенімді-5 ұпай; қобалжуы-3 ұпай; ұялу, қысылудың болуы-1 ұпай)

Қорытынды
1
2
3
4
5

 

 

  • Осы айтылған жұмыстарды ой елегінен өткізе отырып қортындылайтын болсақ,бастауыш кластарда критериалды бағалау бағалау жүйесі негізінде педагогикалық іс-әрекеттегі сапалық өзгерістерге жету жолдарында бұл әдістің артықшылықтары мынада деп ойлаймын:
  • Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
  • Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .
  • Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;
  • Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
  • Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
  • Критерий арқылы  бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;
  • Білім берудің сапасы артады.

 

  • Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор. Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген  ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала  алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау.

2.Красноборова А.А.  Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *