Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шилісу негізігі мектебінің география пәнінің мұғалімі Әлішер Кәрімжан
Тақырыбы: Жер асты сулары.
Білімділігі: Қазақстан аумағында жер асты суларының және мұздықтардың таралуын көрсету.
Дамтушылық: Картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Қорытынды жасауға үйрету. Тәрбиелігі: Экологиялық тәрбие беру. Сабаққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: Қазақстан физикалық картасы, атлас, Электронды оқулық, слайд
Сабақ түрі; аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, оқұлықпен, картамен жұмыс, әңгіме.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
— сәлемдесу
— сабаққа қызығушылығын оятып, назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сәйкестік тест
1 | Қар сызығының орташа биіктігі Тянь – Шань тауларында | 3 | Республиканың барлық тауларында | |
2 | Мұздықтар қалыптасатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде | 5 | Сауыр жотасында | |
3 | 2724 мұздықтар бар | 6 | Тянь – Шань жоталарында 3000 м | |
4 | Таулы бөлікте мұздықтардың типтері | 7 | 12 – 20 м – ге ериді | |
5 | 18 мұздық орналасқан тау | 2 | Хионосфера | |
6 | Көпжылдық тоңның төменгі шекарасы | 8 | Климат қатал | |
7 | Мұздықтар жылына | 4 | 3 түрлі негізгі топтары бар | |
8 | Қазақстанның биік тауларында | 1 | 3800 м – ден |
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Жер асты сулары.
- Жарықшақтық типті. Таулы-қатпарлы Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Сарыарқаның ұсақ шоқылары және Орал-Мұғалжар тауларында тараған. Олар 30-50 м, кейде сирек 100-300 м тереңдікте орналасқан. Тектоникалық жарықтарда минералды бұлақтар орналасқан.
- Жарықшақтың қат-қабатты типті жер асты сулары Маңқыстау, Мұғалжар, Сарыарқа тауларындағы палеозой және мезозой жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Таулы өңірлердің 860 мың км2 ауданында таралған.
- Қат-қабатты жер асты сулар типі шөгінді жыныстардың арасында кеңінен таралған. Олар негізінен Қазақстанның Батыс, Оңтүстік және Солтүстік-Шығыс аудандарында таралған. Ірі артезиан бассейндері орын алады. Көптеген бөліктері өзен аңғарларында шоғырланған: Шу-Сарысу, Қопа-Іле, Балқаш-Алакөл ойыстары.
- Электронды оқулық: Дүниетану 2 – сынып «Жер асты сулар»
Тереңдік жағдайларына қарай |
Грунт (еспе) суыжер бетіне таяу орналасқан. Жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады.
|
Артезиан су өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысым күшті жер асты суы. Платормалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседі. 50-2700м тереңдікте.
|
Минералды сулар. Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтар кездеседі. 300ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды.
ІV. Бекіту
Кескін картамен жұмыс: Тянь – Шань, Жетісу Алатауы, Сарыарқа, Маңғыстау, Мұғалжар, Орал, Шу, Сарысу, Қопа, Іле, Балқаш, Алакөл.
Сөзжұмбақ «Артизан»
- …. радонды ыстық минералды су көзі ХІҮ ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарында кездеседі.
- Еспе су басқаша атауы?
- Қазақстанда жер астынан ыстық (………………..) су табу үшін барлау жұмыстары жүргізіліп отыр.
- Артуа провинциясы қай мемлекете?
- Жаңақорған санаториясы қай облыста орналсқан?
- Жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін қазылатын канал қалай аталады?
- Алтай тауындағы қайнар?
- Қорытынды
- Бағалау
- Үй тапсырмасы § 33 125-1128 бет оқу. Сурет салу