Басы » Tәрбие сағаттары » ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ЖЕҢІСІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС» АТТЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ЖЕҢІСІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС» АТТЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 9+9ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ЖЕҢІСІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ                       «ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС» АТТЫ                                      АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІНІҢ                                                           БАҒДАРЛАМАСЫ

 ЖҮРГІЗУШІЛЕР: Өтегенов Жарқын

                                   Тлекешова Нұргүл

 БАҒДАРЛАМАНЫ ҚҰРАСТЫРҒАН: Жумиева Сандуғаш Садуоқасқызы

 КӨРІНІС

(Бейбіт өмір сүріп жатқан адамдар  еш уайымсыз 3 жұп вальс билеп жүреді. Сол кезде радиодан 1941 жылы 22 маусым күні, таңғы сағат 4-те… деп басталатын хабар болады)

 

РАДИО ДАУЫСЫ: «Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы сағат 7ºº-де ресми түрде жариялады».

(Сол хабарды естіген адамдар түсінбей, шошынып етеді.                                                                          Бәрі жан-жаққа тарап, үйлеріне хабарлауға кетеді)

(Үй іші. Әжей ұршық иіріп отыр. Үйге немересі жүгіріп кіреді)

 

  • Әже, әже, соғыс басталыпты.
  • Не дейді, Ойбай! Кеше ғана әскерге шығарып салған баламның халі не болды екен?! Енді қайттім?! Кімнен сұраймын, кімге барамын?
  • Әже, жүріңіз, жұрт алаңға жиналып жатыр, сонда барайық.

(Балалардың бәрі суық хабарды естіп үйлеріне жеткізуге тез кетіп қалады).

КӨРІНІС

(Барша азаматтар соғысқа аттануда. Бірі баласымен, бірі әкесімен, бірі бауырымен,                            бірі жолдасымен, енді бірі сүйіктісімен қоштасады)

1-ЖҮРГІЗУШІ: Армысыздар, құрметті ардагерлер, ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізіліп отырған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» атты мерекелік бағдарламамызға қош келдіңіздер!

 

2-ЖҮРГІЗУШІ: Добрый день наши уважаемые ветераны Великой Отечественной войны, труженики тыла! Сегодня в преддверии замечательного, поистине великого праздника – ДНЯ ПОБЕДЫ. В этой дружеской обстановке мы хотели бы поздравить вас с этим великим и любимым праздником и подарить вам тепло наших сердец, веселое настроение, заряд энергии на долгие годы жизни.

 

1-ЖҮРГІЗУШІ: Адамзат тарихында айрықша орын алатын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл уақыт өтті. ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс болатын. Себебі, Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 196 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Ал еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда барлығы 1 млн. 900 мыңдай адам Отан үшін сапқа тұрды. Бұрын соңды болып көрмеген бұл сұрапыл соғысқа Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50 полк пен батальон құрылып майданға аттанды.

 

2-ЖҮРГІЗУШІ: Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Сол сұрапыл соғысқа біздің де ер жүрек батырларымыз майдан даласында ерліктің үлгісін көрсетіп қаза болды.

1-ЖҮРГІЗУШІ: Осындай, нұрлы күн мен ашық аспан, бейбітшілік таңды арыстандай алысқан жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алады!

(ҮНСІЗДІК… САҒАТ ДАУЫСЫ)

1-ЖҮРГІЗУШІ: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған құттықтау сөз мектеп директоры Аскарова Батима Жұмабекқызына беріледі.

ӘН: «КАТЮШКА» орындайтын АЖГЕРЕЙ ДАСТАН

 

2-ЖҮРГІЗУШІ: День победы – это радостный и горький праздник! Да он и не может быть другим. Потому что не бывает безоблачной радости, радости без слез и печали. В эти дни, когда все вокруг оживает и наполняется новым дыханием. Мы понимаем, как прекрасна жизнь и как она нам дорога. И эту жизнь подарили вы, ведь благодаря вам героям Великой Отечественной войны, кто воевал, погибал, выживал в адских условиях, когда, казалось, невозможно было выжить.

 

КӨРІНІС

Алғашқы күн. Әлия, қыздар, командир.

(Командир сапта тұрған қыздардың қатарына келіп назар салады.                                   Қатардың ең соңында тұрған Әлияны көреді).

 

КОМАНДИР: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша  келдіңіз? Жасыңыз нешеде?

ӘЛИЯ: Мен Молдағұловамын, қазақстандықпын. Жасым 17-де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгерлік тапсырманы орындауға дайынмын.

КОМАНДИР: Ефрейтор Молдағұлова, сізді асханаға көмектесуге жіберемін.

ӘЛИЯ: Жоқ, командир жолдас, Мен майданға картоп ашуға келген жоқпын, фашистермен қасық қаным қалғанша күресуге келдім.

КОМАНДИР: Жарайсың, Молдағұлова фашистерді естен кетпестей соққымен қуамыз.

ӘН: «ӘЛИЯ» орындайтын АХМЕТ АЙНАМКӨЗ

 

КӨРІНІС

(Хат келу. Үй іші. Немересі жүгіріп кіреді)

  • Әже, әже, пошташы апа келе жатыр. Ағамнан хат әкеле жатқан шығар.
  • Құдайым-ау, өзің құлыныма жар бола көр, аман қыла көр!

ПОШТАШЫ ҚЫЗ КІРЕДІ:

  • Әже, сүйінші, балаңыздан хат келді.( Үшбұрышты хатты алып әжесіне береді)

ӘЖЕСІ: — Айналайын қалағаныңды ал» (хатты кеудесіне басып жылайды.)

  • Қане қызым не жазғанын оқып берші».

ӘН: «АНА ТУРАЛЫ БАЛЛАДА» орындайтын ЖАЙЛАУ АСЛАНБЕК

 

КӨРІНІС

(Хат жазу. Соғыс алаңы. Дәрігер жаралылардың аяғын таңып жүреді)

ӘЖЕСІ: Айналайын құлыным, тілегіңе жет. Біз сені жеңіспен күтеміз!

 

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ия, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне – 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы-мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына – 70 жыл.

70 жыл бейбіт өктем таң атқалы

70 жыл шуақты күн таратты әнін

Ашылды жеңіс күннің парақтары

Талай құс содан бері қайта оралды

Соғыста тек өлгендер оралмады…

БИ: «КАТЮШКА»

 

1-ЖҮРГІЗУШІ: Өрт лаулап бұрқырап қорғасын,

Шеңгелін қанды ажал жайғанда.

Ойрандап жауыздың ордасын,

Болдық біз найзағай майданда.

 

2-ЖҮРГІЗУШІ: Бел шешіп қабағын ашпағын,

Бой жазды күлімдеп қалың кел.

Әлемді апаттан сақтаған,

Жеңіспен оралды жауынгер.

ӘН: «СМУГЛЯНКА» орындайтын МАҚСОТОВА АЙГҮЛ

 

1-ЖҮРГІЗУШІ: Бұл мереке әр кезде батырлық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Ендеше, ерлікке тағзым етер ыстық ықыласпен өрілген бақытты ұрпақтың жырына құлақ түрелік!

 (КӨРКЕМ СӨЗ: «…………………..» оқитын 6 Б сынып оқушысы ДАНИЯЛ)

 

2-ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі мерекенің біз үшін орны ерекше. Осыдан 70 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашан мақтан етеміз.

БИ «СИНИЕ ПЛАТОЧКИ»

 

1-ЖҮРГІЗУШІ:  

Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,

Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.

От-жалыннан Отанды азат еткен,

Құрметпен қарсы алады Жеңіс күнін.

 

2-ЖҮРГІЗУШІ:

Сегодня праздник входит в каждый дом,

И радость к людям с ним приходит следом.

Мы поздравляем вас с великим днём,

С днём нашей славы! С днём Победы!

ӘН: «ДЕНЬ ПОБЕДЫ» орындайтын Әжімұратов Әлихан ХОР.

 

1-ЖҮРГІЗУШІ: Жеңіс! Жеңіс! Расында да бұл сөз бес әріптен тұрса да мән-мағынасы зор. Біз бұл сөзді қуаныш қып мақтанышпен айтамыз.

 

 

2-ЖҮРГІЗУШІ: Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлап, тыныштықты сақтаушы елміз.  Еліміз бен әлемде мәңгілік тыныштық сақталсын!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *