Басы » Информатика » Ғажайып информатика (Презентация)

Ғажайып информатика (Презентация)

Тогжан!

Бектембаева Тоғжан Дәлелханқызы

Алматы қаласы  «№122 жалпы білім беретін»

мектептің информатика пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: «Ғажайып информатика»

Мақсаты: Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуін қалыптастыру. Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, ой-өрісін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру;

Топпен бірлесіп шешім қабылдап, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға жағдай тудыру.

Жоспары:

  1. І тур. Топтардың сәлемдесуі (өздерін таныстыруы, ұраны, төсбелгісі).
  2. ІІ тур. «Сергіту сәті»
  3. ІІІ тур. «Кім жылдам?»
  4. ІҮ тур. «Жұмбақтар шешу»
  5. Ү тур. «Терезе элементтері»
  6. ҮІ тур. «Шатасқан әріптер»
  7. ҮІІ тур. «Капитандар сайысы»

Барысы:

Техника дамып ғарыштаған,

Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.

Компьютерлік ғажайып виртуальдық,

Өзіндік өрнегіммен өріс табам, — дей отырып, барлықтарыңызды «Ғажайып информатика» сайысын көріп тамашалауға шақырамыз!

Бүгінгі сайсымызға әділ баға беретін қазылар алқасы:

Кемельханова Лайла Сұлтанқызы,

Тегимбаева Салтанат Мұхитдинқызы,

Жүнісбаева Заукен Сұмағұлқызы,

І тур. «Топтар сәлемдесуі»

  • «Дискет» тобын шақырамыз.
  • «Принтер» тобын шақырамыз.
  • «Монитор» тобын ортаға шақырайық.

 

ІІ тур. «Сергіту сәті»

2 минутта информатикаға байланысты сөздер жазу.

 

ІІІ тур. «Кім жылдам?»

Әр топқа 3 сұрақтан қойылады.

  1. Ақпараттық үдерістің түрі:

А) қабылдау В)сызықтық   С) шығару   Д) шындық

  1. Ақпараттың қасиеттері:

А) шындық, толықтық;   В) дұрыстық, дәлдік; С) өзектілік, құндылық; Д) барлығы дұрыс

  1. Вирусқа қарсы программа:

А) WinRar; В) MS Essentials ; С) Windows Live; Д) MS Word.

  1. Мұрағаттық файлдардың кеңейтілулері:

А) rar, zip, 7-zip ; В) txt, doc ; С) 7-zip, txt; Д) rar, doc, mp3.

  1. Механикалық есептеу құрылғысы қай жылы құрылды?

А) 1958ж; В) 1698 ж С) 1590 ж; Д) 1642 ж.

  1. ЭЕМ II буыны қай жылдары жұмыс істей бастады?

А) 1958-1964 жж;   В) 1958-1979 жж; С) 1964-1972 жж;

Д) 1945-1958жж.

  1. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:

А) транзисторлар; В) интегралдық сызба; С) электрондық лампа;

Д) үлкен интегралдық сызбы.

  1. Алгоритмнің қанша түрі бар? А) 5   В) 6 С) 4 Д) 3
  2. Мәтіндік процессорға жатпайды:

А) WordPad; В) Microsoft Word; С) Paint;   Д) Блакнот.

 

ІҮ тур. «Жұмбақтар шешу»

Әр топқа бір-бір жұмбақтан жасырылады.

1-жұмбақ

Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан. (Компьютер)

2-жұмбақ

Компьютердің құрамдас бөлігі,

Қағазға басып береді. (принтер)

3-жұмбақ

Төртбұрышты жұқа қорап,

Магнитпен қапталған.

Сыйымдылығы 1,44 МБайт,

Сақтайды ол ақпарат (дискета)

 

Ү тур. «Терезе элементтері» 5-тапсырма слайд арқылы көрсетіледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

 

ҮІ тур. «Шатасқан әріптер» Информатикаға байланысты сөздерді құрастыр.

  1. ПЮТЬМОКЕР – КОМПЬЮТЕР
  2. НЕРЕПҚАТТА — ПЕРНЕТАҚТА
  3. РИНПЕРТ — ПРИНТЕР
  4. ОТИРМОН — МОНИТОР
  5. МОТРГЛИА – АЛГОРИТМ
  6. АКИТАМФОРНИ – ИНФОРМАТИКА

 

ҮІІ тур. «Капитандар сайысы»

Келесі алгоритмге блок – сызба құрыңдар:

Екі санды көбейту (75 саны мен 23 саны).

 

Әділқазыларға сөз. Марапаттау рәсімі.

 Презентацияны жүктеңіз

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *