Жаңаөзен политехникалық колледжінің
тарих пәні оқытушысы
Сулейманова Азиза Атабековна
Сабақтың тақырыбы: «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан аумағында отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық їшін кїресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша їкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету.
Дамытушылық: Өз ойын саралай, тұжырымдай білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технология бойынша өз бетімен ізденуге баулу.
Тәрбиелік: Студенттердің бойына патриоттық сана-сезім ұялату, Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың тїрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ой-қозғау, талдау, іздену, өз бетінше жұмыс,сто технологиясының стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: К.Касымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына арналған слайдттар,карта, ваман қағаз, фишка
Қолданылған әдебиеттер: «Қазақстан тарихы» Т.Тұрлығұл,С. Жолдаспаев,Л. Қожакеева.Алматы 2007ж, Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.2010ж №10
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, студенттерді тїгендеу, оқу құралын тексеру.
- Їй тапсырмасын сұрау. «Ғажайып алаң» ойыны
- Бөкей сұлтанның қоластындағы қазақтар орналасқан аймақ қалай аталды? (Бөкей ордасы немесе ішкі орда).
2.1836-1838жылдардағы ішкі ордадағы көтерілістің басшысы кімдер?
(Исатай мен Махамбет).
- Көтерілістің негізгі себептері? ( Патша шенеуніктерінің, қазақ шаруаларын екі жақтап қанауы).
- Көтерілістің басты себептері? (Хан озбырлығына шек қою).
- Көтеріліс неше кезеңнен тұрды? (3 кезең).
- Көтеріліс неліктен жеңіліс тапты? (Көтеріліске қатысқан кейбір їстем тап өкілдері жеке мақсатты көздеді, Кіші жїзді тїгел қамти алмады, кїш тең болмады).
- Тарихи маңызы? (XIX ғасырдың 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс).
- Көтерілістің негізгі қозғаушы кїші? (шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты).
- Абылай ханың немересі? (Кенесары).
Жаңа сабақты меңгертуге дайындық кезеңі «ой-тїрткі салу» сәті:
- Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымын қалай тїсінесіңдер;
- Ұлт-азаттық қозғалыстың бір тїрі,- ол көп халық қатысқан қарулы тїрі.
- Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты?
- Ұлтты отарлық езгіден азат ету, оның ұлттық мїддесін қорғайтын мемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтіру.
III. Жаңа тақырыпты тїсіндіру.
- Көтерілістің себептері, мақсаты
- Көтерілістің басталуы, кезеңдері
- Кенесары Қасымұлы –аса көрнекті мемлекет қайраткері
- Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.
Көтерілістің себептері:
- Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты себептері: азаттық їшін кїрескен ағалары, әкесі, туысқандарының қаза табуы;
- Қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету;
- Ресейдің озбырлығын тежеу.
Көтерілістің мақсаты:
- Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып їлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтап қалу;
- Қазақ жерлерін бекіністерімен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату;
- Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.
Көтерілістің басты себептері:
Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жїзде хандық билікті жойып, Ресейлік әкімшілік басқарудың жїзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай тїсуі.
Көтерілістің қозғаушы кїші:
Көтерілістің басты қозғаушы кїші: қазақ шаруалары. Оған Ұлы , Орта, Кіші жїз қазақтарының белсене қатысуы байұлы: арғын, қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас, табын, т.б рулар қатысты. Кенесарының әскеріне халық арасында белгілі батырлар: Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұхарбай, т.б әртїрлі ұлт өкілдері болды.
Көтерілістің сипаты: Ұлт-азаттық және отаршылдық езгіге қарсы. Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы кїрес болды.
Маңызды оқиғалар
1837 жылғы қараша – Кенесары Петропавлдан шыққан Ақтау бекінісі қазақтарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, ашық қарсылық көрсетті.
1838жылғы 26 мамыр — Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді.
1841жылғы тамыз — Кенесары хандық билікті иеленіп, феодалдық мемлекет құрды.
1841жыл — Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды.
1842жыл — Орынбор генерал губернаторы Обручев әскері жіберілді.
1843жыл — IНиколай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді.
1847жыл сәуір-Кенесары 10мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.
1847жыл — Майтөбе жеріндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтан мен қаза тапты.
Жеңілу себептері:
- Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі;
- Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсїйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мїдделі болмауы;
- Ру аралық қайшылықтар;
- Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі;
- Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы.
Тарихи маңызы:
- Їш жїзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс;
- XIX ғасырдың I жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі;
- Патша їкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті.
- Жаңа сабақты пысықтау. 1.«Категориялы топтастыру стратегиясы» арқылы студенттер Кенесары туралы білімін кеңірек талдап, ойларын жинақтайды. Кенесары Қасымұлы: Ол кім?
- Картамен жұмыс: а) Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қамтыған аймақтар мен шайқас болған тарихи орындарды көрсет?
ә) 1837 жылғы қараша Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі қазақтарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, қарсылық білдірді?
б) 1838 жылғы мамыр айында Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап өртеп жіберді?
- Келесі тапсырмамыз «Ойлан тап» деп аталады.
1 Кенесары хандықты кімдер арқылы басқарды? (жасауылдар)
2 Мал өсірушілерден алынатын салық тїрі? (зекет)
3 Диқандардан алынатын салық тїрі? (ұшыр)
4 Кенесары хан орыс армиясының їлгісі бойынша өз әскеріне қандай белгі енгізді? (айырым)
- «Тапқыр болсаң тауып көр» тарихи оқиғаларды рет-ретімен қойыңдар.
- 1783-1797ж Кенесары Қасымұлы
- 1836-1838ж С.Датұлы
- 1837-1847ж Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
- 1773-1775ж И. Пугачев
V.Жаңа сабақты бекіту.5. Ойлаудың Алты қалпағы әдісі бойынша
«Ақ қалпық» — Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы бойынша 6 негізгі фактіні қарастыру;
«Қызыл қалпақ» — Кенесары көтерілісін, жеке тұлғаны жекелей бағамдау;
«Қара қалпақ» — Көтерілістертің теріс салдары, проблемаларды қарастыру;
«Сары қалпақ» — Көтерілістің жақсы жағын жинақтау;
«Жасыл қалпақ» — Көтерілісті шығармашылық тїрде ұсыну;
«Көк қалпақ» — 1837-1847жылдардағы К.Қасымұлы бастаған көтерілісті қорытындылау,тұжырымдарды қалыптастыру;
Сергіту сәті. «Тарихи математика»
- «Ақтабан шұбырынды» басталған жыл + И.Тайманұлы мен
М. Өтемісұлы бастаған қозғалыстың басталған жылы — Цин империясы Кансидің өлімі?
- Ақмола округінің салынуы + кіші жїздің Ресей империясының құрамына қосылған жыл — Омбы, Жәміш бекіністерінің салынған жылы?
VI.Қорытындылау: Ой- тїю:
Ұрпаққа өнеге!
Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.Хан арманы, халық їміті орындалды — Қазақстан тәуелсіздік алды, Кенесары есімі егемендікке қолы жеткен халықтың жїрегінде мәңгі сақтаулы.
Кері байланыс:
Сіз їшін сабақта ең негізгі болған сәт?…………………………………………….
Сіз їшін не қиын және тїсініксіз болды?………………………………………….
VII.Бағалау: фишкілер арқылы
VIII.Їйге тапсырма: Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызын әңгімелеп, Кенесарының ерліктері туралы эссе жазу.