Басы » География » КЕНГЕ ЖАТПАЙТЫН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

КЕНГЕ ЖАТПАЙТЫН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

Атырау облысы
Атырау қаласы
Жалпы білім беретін Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі: Баязитова Аккенже Ешановна
Сабақ тақырыбы:» КЕНГЕ ЖАТПАЙТЫН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР »

Сабақтың тақырыбы: КЕНГЕ ЖАТПАЙТЫН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

Сабақтың мақсаты: еліміздің басты кен орындары туралы білімдерін тиянақтау, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар туралы білімдерін кеңейту. Пайдалы қазбалар жайлы танымдарын арттырып, өз беттерімен жұмыс істеп, қорытынды шығара білуге дағдыландыру. Табиғатты аялап, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: пайдалы қазба коллекциясы, физикалық карта, тапсырма жазылған карточкалар.

Түрі: аралас сабақ, топтастыру, жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

І. Психологиялық дайындық.

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру.

  • Біз үш топқа бөлініп дүниетану сабағында пайдалы қазбалар жайында алған білімдерімізді ортаға салып және кенге жатпайтын пайдалы қазбалар туралы білімдерімізді әрі қарай кеңейтеміз.

ІІІ. Топ басшылары өз тобымен таныстырады.

І топ – Жүйріктер

ІІ топ – Алғырлар

ІІІ топ – Тапқырлар

  • Балалар өздерің білетіндей Қазақстан Республикасының жер көлемі ұлан байтақ. Ол 2 миллион 724 мың шаршы километр аумақты алып жатқанын білеміз. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында? (9 орын)
  • Қандай мемлекеттермен шекаралас?
  • Қырғызстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан (картадан көрсету)
  • Пайдалы қазбаларға да бай, оның қоры шетелдіктердің қорынан бірнеше есе артық екенін де мақтан ете аламыз.

Енді осы пайдалы қазбаларымыз жайлы білімдерімізді тиянақтайық.

І топқа тапсырма:

1.Пайдалы қазба деп нені атайды? Пайдалы қазбаларға нелер жатады? (Оларды топтастырыңдар).

 

2.Тас көмір, мұнай туралы айтыңдар (картадан көрсет).Қай өңірден шығады?

 

 

 

 

Оқушылар өз білімдерін тақтаға шығып, көрсетіп, дәлелдейді.

ІІ топқа тапсырма:

Қолдануына қарай пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді?
Жанғыш пайдалы қазбалар Кенді пайдалы қазбалар

(Сызбаны толтырыңдар).

1.Мыс, қорғасын, алюминий туралы айтыңдар (картадан көрсет). Қай өңірден шығады?

Топ мүшелері шығып білімдерін ортаға салады.

Әр топ мұқият тыңдап, керек жерлерін толықтырып отырады.

ІІІ топқа тапсырма:

 Жаңа сабақты 3-сыныпта алған білімдері мен және алдын ала берілген тапсырма бойынша топ жетекшісі тақтада сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіреді.

Жаңа сабақ.

Пайдалы қазбалардың бірқатары қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге және құрылыс қажетіне жұмсалатыны бәрімізге белгілі. Олардың құрамынан металл қорытып алынбайтындықтан кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деп атайды.

 

 

  1. Тұз.

 

 

 

Тұзды тұзды көлдерден өндіреді. Оны арнайы тұз сорғыш машиналармен сорып алады. Машина бірден тұзды айырып, бірден бірнеше вагондарға тиейді.

Йодталған ас тұзын 20 грамм шамасында әрбір адам өз ағзасына күніне ас арқылы алу керек.

Тұздан сода, хлор және басқа заттар алынады (дәрі, тыңайтқыш ретінде)

  1. Фосфорит.

 

 

 

Фосфорит – тыңайтқыш алынатын қоңыр түсті тас. Қаратау кен орны дүние жүзінде теңдесі жоқ сапалы фосфорит өңдіреді.

Талшықты тау жынысы асбесті халық тас зығыр деп атайды. Өте берік талшық. Ол отқа жанбайды. Қышқылдардың әсеріне төзімді, электр тогын өткізбейді. Өрт сөндірушілердің киімін тігеді. Асбест кен орны Қостанай облысындағы Жетіқара маңайында ашылған.

Гранит, құмтас, әктас, ұлутас, саз, құм – құрылыс материалдары тобын құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әктастың үш түрі бар: бор, кәдімгі әк тас және мәрмәр. Олар бір-бірінен қаттылығына қарай ажыратылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке – жеке тоқталып кету.

Сарамандық жұмыс. Әктас пен мәрмәрді суға салып қандай реакция болатынын ажырату. Әктас газ шығарады, қорытылады, мәрмәрдан газ бөлінбейді.

Дәптермен жұмыс.

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар тізбегін жазып алу.

Картамен жұмыс.

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсету.

Сабақты қорыту.

  • Балалар бүгін сонымен не туралы айттық?
  • Не үйрендіңдер, не білдіңдер?
  • Пайдалы қазбаның адамзатқа көрсетер пайдасы бар, бірақ та оларды өндіре отырып біз табиғатқа зиян келтіреміз бе?
  • Табиғатты қорғауды қалай түсінесіңдер?
  • Табиғат ананың берген сыйын дұрыс пайдаланып, қоршаған ортаны аялап қорғайтын, Отатын сүйетін ұлтжанды азамат болып өсіңдер!

Бағалау.

Үйге тапсырма: Оқулықтағы мәтінді қайталап, кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың таңбалану белгілерін дәптерге салып келу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *