№14 орта мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Джилкибаева Гулжан Хасановна
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП
ТАҚЫРЫП: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Мектеп ұжымына орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыруды үйрету. Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу туралы түсінік беру, маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Білім сапасы артады, мұғалімдер орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарына 7 модульді жоспарларына ықпалдастыра алады. Қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясына салуды үйренеді, оқушылардың ынталануына , критерийалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізеді
МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Мектеп ұжымы.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ: Қызығушылықты ояту, Ой қозғау, Мағынаны ашу, Рефлексия.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: «Миға шабуыл»(стратегиялық сұрақтар) . Топтық жұмыс(бірлесіп талқылау) , мәтінмен жұмыс, постер қорғау, кері байланыс түрлерімен таныстыру.
- ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта ,таныстырылым,аудио және видио материалдар
- ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: үлестірме материалдар Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар үлгісі, « кері байланыс» түрлері.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП МАЗМҰНЫ :
Жұмыс кезеңі:
Кіріспе бөлім |
Кезеңнің мазмұны | Қатысушылардың іс-әрекеті | Уақыты | Ресурстар
|
Ой қозғау
«Дейін-кейін» кестесі Бірлескен талдау. Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспар дегенді қалай түсінесіздер. Мақсат: Қатысушылардың оң көзқарастарын қалыптастырып белсенділігін арттыру,топтық жұмысқа жұмылдыру.
Міндеттер: Қатысушылар топқа бөлініп,бір-біріне жылы лебіздерін жолдап,ынтымақтастық орта қалыптастыру. Әдістер: әңгіме; диалог топпен жұмыс. |
Ұйымдастыру кезеңі Қатысушыларды шеңберге турғызып бір-біріне комплимен айтады. Ынтымақтастық орнайды. | Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырамын.Түрлі түсті стикерлерді тарату арқылы топқа бөлу.
|
5мин.
|
Стикер түстеріне қарай топқа бөліну. |
Мағынаны ашу
Мақсат: Мұғалімдерге орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құруға үйрету. Қолданылатын стратегиялармен таныстыру.
Әдістер: Сұрақ-жауап |
«Орта мерзімді жоспар», «Қысқа мерзімді жоспар» « 7 модуль» жайлы не білесіздер? Деген сұрақты «дейін» кестесіне толтырды.
1.Таныстырылым. « Орта мерзімді жоспар» үлгі бойынша кесте түрлері, мақсаты, маңызы,мәні -қадағалау; -интерпретация; -қорытынды. 2.Таныстырылым: Блум таксономиясы презентациясы.
|
Таныстырылымды көре отырып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар туралы түсінік қалыптасады.
|
20
мин
|
Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспармен танысады |
Топтық жұмыс
Постер қорғау.
|
Практикалық тапсырмалар арқылы орта мерзімді жоспарды құруға үйрету.
|
Мұғалімдер бірлестік болып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құрып үйренеді. | 20 мин | Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспар |
Сергіту сәті | «Вокзал» биі | Би ырғағын қайталайды | 2 мин | Видеозапись |
«Дейін-кейін» кестесі | Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанын толтыруды сұраймын. | «Дейін-кейін» кестесін толтырады | 10 мин | Кері байланыс түрлері .
|
Ассоцияция тәсілін талдау | Екі мұғалімнің сабақ бойы алған әсерін тыңдау. | 2 мұғалім сөйлейді | 5мин | Сұрақтар қатары. |
Кері байланыс
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» | Кері байланыс жазады | 3 мин |