Басы » Тарих » Тәуке хан

Тәуке хан

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке ауылы

«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке

дейінгі  шағын орталықпен» КММ

тарих пәнінің мұғалімі-Дагарова Алия Абыйровна

 

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Тәуке ханның бұрынғы «Хан кеңесімен қатар» «билер кеңесі», «халық жиналысы» деп аталатын жаңа құрылымды енгізген, алғаш рет конституциялық сипаттағы «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар жинағын жасауы, сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен  таныстыру.

Дамытушылық: оқушыларға Тәуке ханның бұрынғы «Хан кеңесімен қатар» «билер кеңесі» «халық жиналысы» деп аталатын жаңа құрылымды енгізген, алғаш рет конституциялық сипаттағы «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар жинағын жасуы, сырқы саясатының негізгі бағыттарымен танстыру,оқушыларды Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты туралы өз беттерінше ізденіп, білімдерін толықтыруға бағыт беру.

Тәрбиелік : Тәуке хан сияқты талантты саясаткер және дипломаттың халқына сіңірген тарихи еңбегін түсініп, бағалай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау.

Сабақтың көрнектіліктері: Қазақстандық энциклопедиялар, «Елтұтқа» оқулығы, М. Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі», Қ. Салғарин «Хандар шежіресі»  карта.

 

Сабақтың жоспары:

  1. Тәуке ханға сипаттама
  2. «Жеті жарғы» заңы
  3. Тәукенің ел басқару шеберлігі
  4. Тәуке ханның жоңғарлармен қатынасы
  5. Тәуке ханның қарақалпақтармен қатынасы
  6. Тәуке ханның Бұхар хандығымен қатынасы
  7. Тәуке ханның орыс мемлекетімен қатынасы

 

Сабақ барысы:

Жоспардың бірінші мәселесі. Тәукенің толық есімі – Тәуекел Мұхаммед батыр хан. Шетел деректерінде Тявка, Туюке деген атпен де кездеседі. Атақты Салқам Жәңгірдің ұлы, шешесі қалмақ қызы болған. Тәуке хан 17 ғасырдың басында халық зердесінде өшпес із қалдырған ірі тарихи тұлғалардың бірі, көреген мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы, тілінен бал тамған шешен, қаһарлы әмірші болған.  Өзінің даналығы, ұлылығы арқасында халқына істеген жақсылығы үшін «Әз Тәуке» деген құрметті атаққа ие болған . Өзінің даналығы, ұлылығы арқасында халқына істеген жақсылығы үшін «Әзіз» таза, мейірбанды, әділ ұғымымен пара-пар). Халық Тәуке ханның заманың қазақ хандығының ең  бір өркендеген және тыныштық орнаған кезі. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» деп еске алады. Көрнекті орыс тарихшысы В. И. Левшин Тәукені даналығы, ел басқарудағы шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің ақылгөйі, заңгері Ликургке теңеген. Тәукенің билік құрған жылдарын әр зерттеушілер әр қилы етіп көрсетеді.  Оқушылаға соның ішінде басым түсетіні 1680-1718жылдар екндігін айту  керек. Бұл туралы  ҚКЭ-нің Vi томында, Е.В.Кан еңбектерінде көрсетілген .

Жоспардың екінші мәселесі. Тәукенің билікке келген тұсы Орта Азиядағы халықаралық жағдайдың  шиеленісе бастаған кезі болатын. Қазақ елінеОрыс мемлекеті, Жоңғария, Орта Азтия хандықтарыШкөз тігіп, қауіп төндіре бастады. Елдің ішінде феодаалдық алауыздық пен бытыраңқылық бой көрсете бастады.

Сондықтан Тәукесондай  заманда мемлекеттің ішкі жағдайының жақсы болуын, ел басқару жүйесінің жетілген, мүлтіксіз жұмыс істеуін, халықтың ынтымағы мен бірлігінің аса мықты болуын көздеген іс-шараларды жүзеге асыруға ұмтылды.

Ол бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын бір жерге қосты. Жеке-жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың оқшалауына тежеу салып, қазақ хандығының ішкі бірлігін нығайтуға барлық шараларды қолданып, қазақ хандығын едәуір күшейтті. Хандық билікті күшейттуге арналған реформалар жүргізді.

Тәуке ханның тарихтағы ең басты еңбегі оның қазақ әдет-ғұрыптарын өзіне дейінгі «Қасым ханның қасқа жолы» «Есім ханның ескі жолы» сияқты заңдарды жинастыра келіп Төле, Қазыбек, Әйтеке билермен қатар қазақтың біраз игі жақсыларының басын қосып, «Жеті жарғы» заңын қабылдауы болды. Осы деректерінде мұны «Тәуке ханның заңдары» деп атайды. Заңгер ғалымдарының бағалауы бойынша бойынша «Жеті жарғы» тәуелсіз, шын мәніндегі таза, ұлттық қазақ мемлекетінің бірінші Конституциясы болды.

Бұл заңын қабылдануы сол замандағы қазақ қоғамын өркениетке бір саты жоғарлатты. Мұны Еуропа елдеріндегі конституциялық монарх биліктерімен салыстыруға болады. Өйткені «Жеті жарғы» қабылданғаннан кейін хан оның принциптерінен ауытқымаған және бұл заңдар жинағын барынша қадірлеп, қастерлеген.

Сабақ жоспарының үшінші мәселесін түсіндіргенде Тәукенің басқа хандардан бір ерекшелігі – ол айналасына гөрі қарапайым халық арасынан шыққан әділ, беделді жандарды жинағанын, мемлекеттік мәселерді шешкенде  олармен ақылдасып отырғаның айту орынды. Сол арқылы өзіне қарсы шығып, елдің тұтастығын бұзұға тырысқан феоджал ақсүйектерді, сұлтандардыәлсіретуге тырысты. Бұрынғы «хандар кеңесімен» бірге «билер кеңесін» құрып оның, рөлін көтерді. Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен дау-шаралар билер кеңесінде, қазақ арасында ісімен емес, ел басқаруға да қатысқан. Ол тұрақты түрде жұмыс істеген, ханның кеңесшісі мәртебесі берілді және заң шығаруға да құқысы болды. Тәуке хан билер кеңесінің шешімімен міндетті түрде санасып отырған. Сонымен қатар билер қажет болғанда елшілік қызметті атқарған.

Мысалы, қыз дауысты Қазыбек,Шақшақұлы Жәнібек және тағы басқа билердің елші болып, көрші елдерге барғаны баршаға аян.

Тәукең тұсында билер кеңесімен қатар «халық жиналысы» да өткізілген. Мұнда елдіңалдында тұрған маңыызды ішкі және сыртқы маселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданған. Бұл құрылтайлар жыл сайын көктемді ел қысаудан жайлауға шығар алдында өткізілген (кейбір деректерде күзде өтеді деп кқрсетілген). Құрылтай 1983 жылға дейін Сайрамның жанындағы Мәртөбеде, кейін Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбеде өткізіліп отырған. Бұл «Күлтөнің басында күнде кеңес» деген даңққа бөленді.

Сабақ жоспарының төртінші мәселесі. Тауке ханның сыртқы саясатында елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық  сауда-саттық      қарым- қатынас жасауға тырысқан  дипломикалық саясат болады. Ол қазақ хандығымен жауласып келген Жоңғариялық соғысты тоқтатып, тату көршілік қатынас орнату жөніндеі ұсыныспен Қазыбек би бастаған елшілікті  жіберді. Қазыбек бидің жоңғар қоңтайшыысына йтқан мына сөзінен қазақ хандығының бейбіт ниеті айқын аңғрылы:

«Сен темір де, мен көмір,

Еріткелі еліктің баласын.

Екі  еліктің баласын

Теліткелі ел шықса.

Егесетін ел шықса,

Иліткелі келгенміне.

Тұрқы сары желіммін

Жабысқалы келгенмен

Жана үйреткен жас  тұрпар

Шабысқалы келгенмін

Танымайтын жаттарға

Танысқалы  келгенмін.

Қазақ-қалмақ баласы

Табысқалы келгенім.

Табысуға келмесең,

Тұрысатын жерінді айт.

Сен қабан да –мен арыстан,

Алысқалы келгенмін».

Бірақ сол кезде мейілінше жауласп алған жоңғарлар мен қазақтардың бітімге келе қоюы мүмкін емес еді. Жоңғар мемлекетінде Цеван Рабдан(1697-1727 ) билікке келген соң олардың қазақ жеріне шапқыншылығы тіпті үдей түсті. 1698,1611-12,714,1717-18 жылдары жоңғарлармен елеулі қақтығыстар болып, Тәуке елінің тұтастығын сақтап, бірнеше рет тойтарыс берді.

Сабақ жоспарының бесінші мәселесі. Тәукенің тұсында қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпалары олардың өзі биі Сасық би арқылы басқарып отырған. Бұл іс жүзінде жоңғарлардың шабуылынан қорғануды негіз еткен қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының әскери-саяси одағы сипатында болды.

Оқушылрға осы жерде орайы келіп тұрғанда бізбен ежелден көршілес әрі туысқан қарақалпақтар туралы, олардың сол кездегі қазақтармен қарым-қатынас туралы мағлұмат берген дұрыс сияқты.

Себебі,көршілес осы халыық туралы біздің тарих оқулықтарымызда айтылмайды.

Қарақалпақтар б.з.б.II-VII ғасырларда Арал теңізінің оңтүстік жағауларын мекендеген   сақ-массагет тайпаларынан тарайды. Кейін ғұндармен, түріктермен араласудың нәтижесінде орта ғасырларда печенег және оғыз халықтары пайда болды. Осылардың ішінде VIII-X ғасырларда қарақалпақ халқы Қоңырат (Қият,Ашамайлы, Қолдаулы, Қостамғалы, Балғалы, Қантекті, Қарамойын, Мүйтен, Жауынгер) және 14 ру аталатын екі арыс елден тұрады. Қарақалпақтар жартылай көшплі жағдайда суармалы егіншілік пен мал өсіру, балық аулаумнен айналысты.

XVII ғасырдың соңынан бастап   қарақалпақтар қазақ хандығына бағынды және салық төлеп тұрды. Өз жері арқылы өтетін сауда керуендерінен баж салығын алып, оны қазақ хандарына жіберіп отырған. Екі халықтың арасындағы сауда айырбас түрінде жүрді. Қазақтар олардан астық, оқ-дәрі, жеміс-жидек, қолөнер бұйымдарын алып, қарақалпақтарға мал және мал өнімдерін беретін болған.

Арал теңізі мн Сырдария өзенінің екі жағын тең жайлаған қарақалпақтар мен қазақтар тату көршілікте өмір сүрген. Мәуреннахр, Бұхар, Жонғария сияқты ортақ жауларына қарсы бірлесіп күрескен. Қазақ хандығы XVII ғасырдан бастап Ресей бостандығына түсе бестағанда қарақалпақтарды Хиуа хандығы жаулап алған.

Жоспардың алтыншы мәселесі. Тәуке хан Бұхар және Хиуа хандықтарымен бейбіт қарым-қатынас сақтауды естен шығармайды.Тәуке бұлармен арада кикілжің туа қалса, оны соғыссыз бейбіт жолменреттеуге тырысқан. Бұған мынадай дәлел бар.

Бірде Бұхар ханы Сұбанқұлыдан Тәукеге Хошин бастаған елшілік келеді. Елші қазақтарға қысым жасау ниетімен Сыр бойындағы қалаларды беруді, соғыс тұтқындарын қайтаруды және Бұхар көпестерінің  қазақ жеріне ішкерлей кіріп, сауда жасауына рұқсат етуді талап етеді. Егер бұл шарттар орындалмаса соғыс ашу ниетін білдіріп, қоқан-лоқы жасайды. Тауке бұхараықтардың қазақтармен соғысуы олардың өздеріне  де тиімсіз екенін дәлелдейді. Қазақтың 80мың әскері тек өздерін ғана емес, жоңғарлдан  Бұхар мен Хиуаны да қорғап тұрғандарын, егер бұхаралықтар қазақты шапса  өздеріне  де зиянын тигізетінін Бұхар ханына жеткізуді өтінеді. Тұтқындармен сауда мәселесін реттеген және Тәукенің осы дәлелдеріне иланған Бұхар ханы қазақ жеріне соғыс бастаудан бас тартады және реті келсе қазақтарға көмектсуді қарастырады.

Жоспардың  жетінші  маселесі. Тауке хан көршілес  Ресей  мемлектімен қарым-қатынасқа ерекше мән берген. Ол ұзақ уақытқа үзілген Ресей елімен дипломатиялық және сауда байланынсын қалпына  келтіреді. Тек 1686-1693  жыдар арасында ғана орыс жеріне бас рет елші  жібереді. Екі ел арасындағы шекара аумағындағы туған дау-шараларды сабырлылықпен, күш қолдануға бармай, көліссөздер арқылы реттейді. Тәуке хан бұрынғы сауда жолдарын қайта жандандыруға ұсыныс жасайды. Ол қазақ хандығының экономикалық дамуына пайдалы екендігін түсіне біледі.

Жалпы Тәуке хан тұсында Ресеймен қарым-қатынас басқа кезендермен салыстырғанда ең жақындасқан, ең түсініскен дәрежеде болды.

 

Қорытынды:     Тәукенің тұсында қазақ мемлекетінің жағдайы күрт жақсарып, халықаралық бделі өсті. Оның тұсында қазақ мемлекеттеріндегі қалалар саны ның тұсында қазақ мемлекеттеріндегі қалалар саны 32-ге жетті. Сол кездегі тұстасы тарихшы Нұр Мұхамед былай деп жазыпты: «Қазақ хандарының ерекше мекендері бар»   Үлкен орданың сарайы Ташкетте, кіші орданікі Түркістанға орналасқан. Қалада көңілі соққанда ғана өмір сүреді. Көбіне ордаларымен далада көшіп жүреді. Шаруаларына қалдырып кеткен адамдары иелік етед».

Тәуке ханның ел үшін сіңірген еңбегі ғалымдардың пікірінше екі қырынан айырықша назар аударады.

Біріншісі- елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмайды.

Екіншісі- елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси- құқықтық тәртіпті орнатуы.

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Қазақ халқы Тәуке ханды қалай бағалаған?
  2. Қазақ тарихында «Жеті жарғы» заңының маңызы қандай?
  3. Тәуке хан мемлекет басқаруда негізінен кімдерге арқа сүйеді?
  4. Тәуке хан мемлекет басқару ісіне қандай жақсылық енгізді?
  5. Тәуке хан көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты қалай жүргізеді?
  6. Тәукенің дипломатиялық шберлігін көрсететін мысал келтіру.

Үйге тапсырма

  1. Оқулықтардағы және көмекші құралдағы тиісті материалдарды оқу.
  2. Тәуке хан тұсындағы қазақ-орыс қатынастары.
  3. Тәуке ханның жоңғарлармен қатынасы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *