Басы » Жаңалықтар » Биылғы ҰБТ тәртібі қаталырақ болмақ.

Биылғы ҰБТ тәртібі қаталырақ болмақ.

Биылғы ҰБТ тәртібі қаталырақ болмақ

 

Биылғы ҰБТ тәртібі қаталырақ болмақ.

Енді тест тапсырылатын аудиторияны ІТ-маманы қадағалап, шпаргалкамен ұсталғандар ЖОО-ға түсу құқығынан айырылады.

Биыл түлектер сынақты жаңа тәртіппен тапсырады. Осы жолы ҰБТ сұрақтары да жаңарған. Сондай-ақ түлектің тестілеу кезінде алған бағасы мен жылдық қорытынды бағасы қосылып, орташа арифметикалық бағасы шығатын болды. Тестілеу маусымның 2-сі мен 15-і аралығында болады.
Сауалдар қоры 21 мың 200 жаңа сұрақпен толыққан. Оның 3 мыңы логикалық сұрақ түрінде болады. Сондай-ақ осы жылдан бастап оқушының ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде алған бағасы мен жылдық қорытындысы қосылып, орташа арифметикалық бағамен есептеледі.
«Ұлттық бірыңғай тестіні тапсырған кездегі алынған бағамен қорытынды бағаның орташа арифметикалық бағасы қойылады. Егер де дау туған жағдайда, баға жоғарылатылады. Мысалы, егер де оқушы ҰБТ тапсырған кезде 4 деген баға алса, ал енді оның қорытынды бағасы 5 болған жағдайда онда оқушыға жоғарылату мақсатында 5 деген баға қойылады”,- деді Алматы қаласы білім саласын бақылау департаментінің басшысы Қанай Батырбаев.
Биылдан бастап әрбір аудиторияны ІТ-маманы қадағалайды. Олар ұялы байланыстың бөлмеде болмауын, бейнебақылау камераларының дұрыс жұмыс істеуін, сондай-ақ, жауап парақтарындағы белгіленген нұсқалардың жөнді есептелуін бақылайды.
Мамандар осы арқылы тәртіпті одан әрмен күшейтпек. Енді тест тапсыру кезінде бітірушіден тыйым салынған заттар мен «шпаргалка” тәркіленсе, ол аудиториядан қуылады. Сөйтіп тест тапсыру құқығынан айырылады.
«Онда тест материалдары жойылып, мектеп бітіруші аудиториядан шығарылады. Ол биыл жоғарғы оқу орнына түсу құқығынан айырылады. Бірақ мектепте емтихан тапсырып, аттестат алуына толық мүмкіндігі болады”,- деді деді Алматы білім саласын бақылау департаментінің басшысы Қанай Батырбаев.
Биыл Алматда 7905 оқушы мектеп бітіреді, оның 6247-сі ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш білдіріпті. Олардың қатарында 276 түлек алтын белгіге үміткер. Қалада 7 ҰБТ өткізу орталығы жұмыс жасайды.
Айта кетсек, Алматы қаласы үш жыл қатарынан ҰБТ кезінде үздік көрсеткішке ие болып, республика бойынша көш бастап келді.
Алматы ТВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *