Қызылорда облысы
Шиелі ауданы
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Жагипбарова Асель Сейтмаганбеткызы
Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сызықтық функция анықтамасын түсіндіру, графигін салу, білім-біліктерін тексеру. Есептер шығаруға машықтандыру.
Дамытушылық: Функция графигі арқылы формула жазу, график салу дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сабақ барысында ойын арқылы оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жігерін арттыру, намысын қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім игерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, есеп шығару, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірме қағаз.
Сабақтың өтілу барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу әдебі
Ә) Сабаққа қатысуын бақылау: кезекші оқушы арқылы түгендеу
- II. Өткен материалды еске түсіру:
Есептерді тексеру, үй тапсырмасын сұрау.
- Үй тапсырмасын пысықтап бекіту:
- Функция дегеніміз не? (Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды)
- “Функция” терминін математикаға енгізген ғалым кім және қазақша мағынасы қандай? (“Функция” терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі,философы, әрі өнертапқыш тарихшы Готфрид Вильгельм Лейбниц болатын. “Функция” латынның functio сөзінен шыққан, қазақша “орындау, атқару” дегенді білдіреді).
- Аргумент дегеніміз не? (Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады).
- Кестенің қадамы деген не? (Кестенің қадамы дегеніміз — аргументтің қатар тұрған екі мәннің айырмасы)
- Жаңа сабақ
y = kx + l (мұндағы x — тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.
у = kx + l функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.
Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.
Егер у = kx + l формуласындағы k = 0 болса, у = 0x+l, онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.
Сызықтық функцияның графигі
У = 1,5x — 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.
Ол үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.
х | -3 | -2 | -1 | 0 | 1 | 2 | 3 |
у | -6,5 | -5 | -3,5 | -2 | -0,5 | 1 | 2,5 |
Координаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік.
Белгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1,5x — 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық.
Жазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті.
Y = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0;l) нүктесінде, ал абциссалар (Ох) осін (;0) нүктесінде қияды.
Оқулықпен жұмыс: №1328, 1329, 1330.
- Математика тілінде сөйлесейік
Сөз | Сөз төркіні | Мағынасы |
Математика | Матема (грекше) | ғылым,ілім |
Цифр | сифр (арабша) | бос орын |
Нөл | нулла (латынша) | ештеңе |
Плюс | плюс (латынша) | арттыру |
Минус | минус (латынша) | кеміту |
Натурал сан | натура ( латынша) | табиғат |
Арифметика | арифмос (грекше) | сан |
Метр | метрон (грекше) | Өлшем |
Фигура | фигура (латынша) | бейне, кескін |
Циркуль | циркус (латынша) | Дөңгелек |
- Ойлан, тап!
Ұрылар мен кемпір
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір: “Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, менде бұларды алдайын”, — деп ойлайды. Сөйтіп жалма – жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
“Сапырып – сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер ” – деген екен.
Мұны естіген ұрылар: — “Қой, мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік”, — деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.
Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу?
Жауабы: 10 адам, 5 ұры
YII. Демалыс сәті
Тақтаға бір оқушы шығады, тақатаға қарамай тұрады. Отырған оқушылар интерактивті тақтада берілген суретті мимикамен не екенін түсіндіру керек.
YIII. Сабақты бекіту
- Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады?
- Y = kx + l функциясының графигі қалай салынады?
- Y = 3x + 5 функциясының графигінен l-дің мәні неге тең?
- Координаталары берілген түзуге тиісті (тиісті емес) екенін қалай тексереміз?
- Үйге тапсырма: №1331,1332
- Оқушы білімін бағалау: оқушы жауабын талдау, күнделіктеріне бағаларын қою.
жақсы