Басы » Математика » Рационал сандарды салыстыру

Рационал сандарды салыстыру

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі Жагипбарова Асель Сейтмаганбеткызы

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Рационал сандарды салыстыруға есептер шығарту арқылы олардың дұрыс, шапшаң,тиімді жолмен шығару тәсілдерін қамтамасыз ете отырып,дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушы білімін тақырыпқа сай және оқулықтан тыс қызықты да, тың мәліметтермен, қосымша дидактикалық құралдар, логикалық есептермен қызықтыра отырып, білімдерін арттыру. Оқушылар арасында бәсекелестік тудырып, осы арқылы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік, ұлттық және эстетикалық тәрбиеге баули отырып, шапшаңдық пен ұқыптылық, ұстамдылыққа тәрбиелей білім беру.

Сабақтың типі: білімді пысықтап бекіту

Сабақтың әдісі: есеп шығару,сұрақ-жауап, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, плакат, үлестірме қағаз, домино.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма ,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен әрі қарай сырласып, кейбіреулерімен мұндасып қалу үшін сабақты бастауға рұқсат етіңіздер.

  • «Көпір тапсырмалары» математикалық лото
  • «Жұбын тап» ойыны
  • «Кім жылдам?» математикалық эстафета
  • «Қателер қалашығы»
  • Сергіту сәті
  • «Мысық пен күшік» ойыны
  • «Домино» ойыны

ІІ. Өткен материалды еске түсіру

«Көпір тапсырмалары» математикалық лото

  1. Санның модулі қалай жазылады?

Жауабы:  |-а|=а

  1. Қандай сандар 0-ден үлкен?

Жауабы: Кез келген оң сан 0-ден үлкен.

  1. Теріс санның модулі қандай санмен өрнектеледі?

Жауабы: Теріс санның модулі оған қарама-қарсы санға тең.

  1. Қандай сандар 0-ден кіші?

Жауабы: Кез келген теріс сандар 0-ден кіші.

  1. Оң санның модулі қандай санмен өрнектеледі?

Жауабы: Оң санның модулі сол санның өзіне тең.

  1. Қандай санның модулі 0-ге тең?

Жауабы: Нөл санының модулі 0-ге тең.

 

«Жұбын тап»ойыны

Слайдта суреттер берілген, әр суретте 1 есептен берілген. Есептердің дұрыс жауаптарын сәйкестендіру керек.

|-2|= 2

|-4|+|8|= 12

3∙|-9|= 27

-0,18 бен 0,9    -0,18 <0,9

(-4)  мен (-9)        (-4) >(-9)

0 мен -2012        0 >-2012

ІІІ. Жаңа сабақ

«Кім жылдам?» математикалық эстафета

Оқулықтан есептер шығару. №394, 400, 401.

 

«Қателер қалашығы»

Қате жазылған есептердің қатесін табу керек.

 

  • -4,9 < -6    
  • -1000 > 0
  • 3,5 < -1150
  • |-7| = |-11|
  • |-89| > |-98|
  • -0,999 < -100
  • -0 = 0
  • |-3| = -3
  • |9| = -9
  • |-0|= 0
  • || = 0
  • || = -3
  • |-100| = -100
  • -258 >258

 

Сергіту сәті. Мимика. Мимикамен слайдта көрсетіліп тұрған нәрсені түсіндіру, көрсету қажет. Слайдта көрсетілген суреттер: көбелек, тышқан, жаңбыр, тақта, + амалы, қоңырау.

 

ІV. Бекіту.

«Мысық пен күшік» ойыны

«Домино» ойыны

Парақшаларда берілген сөздерді домино секілді жинап, ереже шығару керек.

Координаталық бойында  үлкен сан      
оң жақта, ал  кіші сан
оның сол жағында  кескінделеді.
түзу одан  

 

Ереже: Координаталық түзу бойында үлкен сан оң жақта, ал кіші сан оның сол жағында кескінделеді.

 

Екі санның қайсысының
модулі  кіші болса,
сол сан үлкен.
теріс    

 

Ереже: Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен.

  1. Үйге тапсырма.

№399, 402.

  1. Оқушы білімін бағалау: сабаққа белсенді қатысып отқан оқушыларды бағалау

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *