Алматы облысы Жамбыл ауданы Бозой орта мектебі
Испанбаева Индира Уристеновна
Сабақтың тақырыбы : Металдар тақырыбын жинақтау.Қорытындылау
9-сынып химия
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың халық арасында ежелден пайдаланып келе жатқан металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы, қолдану аясының кеңдігі туралы алған білімдерін толықтыру. Өз жұмысына анализ жасауды үйрету.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесі түгендеу.
Кане балалар, біз алдағы сабақта шаршап шалдыққан шығармыз. Осы сабақта көңілді көтеріңкң күйде болу үшін мынадай психологиялық жағдай туғызайық. Мына тақтада турған сиқырлы ағашты мына гүлдермен әсемдейік . Әркім өзіне ұнаған гүлдерден алып ағашқа ілеміз.
Қызғылт сары – cалт дәстүрді ұстанатын ұстамды,сыйлы
Қызыл – тез шешім қабылдағыш,шыдамды
Сары- Талғамы жоғары, сезімтал
Көк- өзіне өзі берік, күшті
Күлгін — достыққа адал, қиын қыстауда қол ұшын беретін адам
Ендігі кезекте біз сендермен жұмысқа кіріспес бұрын топқа бөлінейік. Тақтада көріп отырған көліктерінді таңдандар астындағы санға қарап топ нөмірін білеміз.
І.Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы.
«Сырларым бар химиктерге аян,
таба алсаң қасиетімді етем баян» жұмбақтарды жасыру арқылы металдарды табу.
1.Су бетінде қалықтап, қандай металл жүзеді?
Айтшы, ойланып, денеңде жетпейтін қандай тұз еді?(натрий)
2. Ертеден белгілі жетеудің бірімін.
Электроника саласында ірімін.
Көптеген құймаларға кіремін,
Әдемілігім жөнінде алтыннан тең жүремін.(мыс )
3.Менделеев ауылының алтыншы көшесінде тұрағым,
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын,
Мені балқыта алмай қиналады көбісі,
Қазақстан әлемде, кенім жөнінен бірінші.(вольфрам)
4.Қара металлургия жанымын,
Машина , трактордың қанымын.
Жетінші қосымша топшада болсам да
Металл атаулының ең көп қолданылатын санымын.(темір)
5.Табылса бұрын там-тұмнан,
Қазір көп әр өлке де,
Қымбат болды алтыннан,
Қандай металл ертеде?(алюминий)
- Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға қолданады.(қорғасын)
ІІ. № 1 тапсырма деңгейлік тапсырмалар орындалады.
Тақтада металдар тақырыбында соңғы тақырып «Шойын мен болат» тақырыбына мына сызбаны толтыру керек.
Шойын | Шойын мен болат ұқсастығы | Болат |
№2 Тақтадағы тапсырмалардан «Ойлан тап» деп аталады.
Сілтілік металдар : li, Ca, K,Be,Na,Fr
Темірді балқытып бөліп алудың біздің заманымызға дейін 1400,1500 жылдарда Кіші Азияда ашылды.
Химиялық элементтердің басым көпшілігі металдар. Қазір белгілі болған 110 элементтің 89,100-і металдарға жатады.
Кермек сулар тұрақты,уақытша және ауыспалы болады.
№ 3 ендігі кезекте сендерге мынадай сыйлықтар кепті оның ішінде тапсырма бар екен. Тапсырманы алфавиттегі әріптерді орынға қойып табу керек.
- Темірді ыстық күйінде соқ. 25,8,17,39,23,7,39 38,24,25,38,15 14,8,11,39,18,7,8 24,20,15
- Жарқырағанның бәрі алтын емес 10,1,23,15,38,23,1,6,1,18,18,38,19 3,2,2339 1,16,25,38,18,18
- Арпа бидай ас екен, алтын күміс тас екен
- Оқу инемен құдық қазғандай
ІІІ. Сергіту сәті
ІV . Ендігі кезекте оқушылардың мынадай тақырыптарға жаздырам.
- 1. Металдардың адам өміріндегі маңызы (тұрмыста,техникада т.б)
- 2. Металдарға бай тағамдар туралы мәлімет.(алма, банан, алмұрт, құрма, киви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан т.б)
- V. Сабақты бекіту . Екі топқа сұрақтар оқимын жауабын білгендер жауап береді.
- Өнеркәсіптің негізгі металы? /Темір/
- Сүйекті қаптайтын элемент? /Кальций/
- Металдардың және оның құрамаларының айналадағы ортамен әрекеттесіп, бүлінуі. /Коррозия/
- Қанның құрамына кіретін металл? /Темір/
- Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? /Калий/
- Ең қиын балқитын элемент? /Вольфрам/
VІ. Сабақты қорыту .
Оқушылар бағалау парағы арқылы өздерін қорытады.
Оқушының
аты |
Ой қозғау стратегиясы | Деңгейлік
тапсырма |
Топтық жұмыс | Топтық жұмысты қорғауы | Сабақтағы тәртібі |
Сабақ соңында тақтада оқушылардың бүгінгі сабақта пайдаланылған этаптарын көрсету.
VII. Үйге тапсырма : Металдар тақырыбына ребус,крассворд жасау.
Интернеттен металдар тақырыбына қызықты материалдар жинау.