Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі,
Нығыманова Ж. Т.
Сыныбы: 3-сынып
Пәні: әдебиеттік оқу, Т. М. Әбдікәрім т.б., 3-сынып, «Атамұра» 2014
Тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа (1 сағат).
Мақсаты: — «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқи отырып, негізгі идеясын түсіну. Сын тұрғысынан ойлана кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру.
Міндеті: -Шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқи отырып, негізгі идеясын ашу, кейіпкерлердің іс-әрекетіне мінездеме беру.
-тірек сөздердің мағынасын ашу
-жыл мезгілдеріне байланысты шегіртке тіршілігіне баға беру;
-топтық жұмысқа қалыптастыру.
Оқып-үйренудің нәтижесі: — Мысалды оқи отырып, негізгі идеясын ашады; кейіпкерлердің іс-әрекетіне мінездеме береді;
-тірек сөздердің мағанасын ашады;
-жыл мезгілдеріне байланысты шегіртке тіршілігіне баға береді, адам өміріндегі іс-әрекетпен байланыстырып тұжырымдайды.
Қолданылған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Шаттық шеңбер», «Серпілген сұрақтар» (доппен), «Шашу», «Бір қадам артқа», «Өкіл», «Топтастыру», «Кері байланыс» (доппен), «Балапан» .
Уақыты
кезеңдер |
Мазмұны | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек |
Кіріспе
|
«Шаттық шеңбер» (бір-біріне жақсы тілектер айту).
Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу. |
Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. | Жылы, достық қарым-қатынас орнайды. | Тамаша! | Күй «Көңіл толқыны», ойыншық. |
«Серпілген сұрақтар» (доппен)
Мақсаты: өткен сабақты қайталау. |
Өткен тақырыпты тексеру. Допты әр оқушыға кезек лақтырады. Өткен тақырып қандай және оның авторы. Не туралы айтылады? Қай жер суреттеледі? Күзгі ауа- райы қандай екен? Табиғат қандай өзгеріске енеді? | Допты қағып алған оқушы ой-пікірлерін ортаға салады, шағын ойталқы жүзеге асады. |
Жарайсыңдар!
Үй тапсырмасы бойынша «Кім жұлдыз?». Смайликпен бағалау. |
Доп.
смайлик |
|
Тұсаукесер
3 минут
|
«Шашу».
Мақсаты: оқушылар бірлесе жұмыс атқару түсті шариктермен топтасу. |
Қоржындағы базарлықты ұсынады. Оқушылардың орналасуын қадағалайды. | Қоржыннан қолына түскен шариктердің түсіне сай екі топқа топтасады: «Көк» және «Күлгін» не өздері қойған топ аты. | Бәрекелді! | Түсті шариктер. |
Әр сабақтың ұстанымын еске салу. | Ұстаным.
Әр баланың пікірі құнды. Ұстаздың әр сөзін зейінмен тыңда. Бірлік бар жерде тірлік бар. Еңбек бәрін де жеңбек. Осының бәрі де біздің қолымыздан келеді. |
Жарайсыңдар! | Ұстаным. | ||
«Бір қадам артқа» (суретпен жұмыс)
Мақсаты: суретпен жұмыс арқылы бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау. |
Суреттерден не көріп отырсыңдар? Қандай жыл мезгілі бейнеленген? Құмырсқаның киімі қандай? Шегірткенің ше? Шегіртке неліктен жылап тұр Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? Тәрізді сұраулар ұсынады. | Оқушылар суретке қарап өз ойларын жинақтаумен болжамдарын айтады. | Жарайсыңдар! | Сурет, оқулық 48-бет | |
Негізгі бөлім.
15-17 мин.
|
«Өкіл».
Мақсаты: Диалог негізінде оқыту және оқу ( түсіну және түсіндіру). «Түртіп ал» Мақсаты: түйінді ойларды іріктеп жазып үйрену. |
Мәтінді 2 бөлімге бөледі. Әр топқа өз бөлімін оқуды және кесте толтыруды тапсырады.Өзара бір-біріне мазмұндатады.
Үнсіз оқушының қатысуын бақылайды. Сабақтың дұрыс жүруін қадағалайды. ұйымдастырады |
Оқиды, дәптерге негізгісін жазып алады. Орнында бір оқушы қалады, басқа жанұя мүшелері келесі топқа барып, сол топтың тапсырмасымен танысады. Жанұясына оралып, түсінгендерін қалған түсіндіруші оқушыға баяндайды. | Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.
|
Кітап, дәптермен жұмыс. «Бағдаршам» |
Сергіту сәті.«Балапан» биі
Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту. |
Ұйымдастырып, балалармен бірге сергумен ынтымақтастық атмосферасын орнатады. | Бейнетүсірілімдегі қимылды қайталап сергиді. | Топтар бір-бірін бағалайды. | Бейнеролик | |
«Топтастыру»
Мақсаты: жаңа білімді жинақтау. |
Жаңа тақырыптан не түсіндің?
Білім бәсекесін тудырып, топ жобаларының мағыналы, көркем безендірілуіне талап қояды. |
«Жаз мезгіліндегі шегіртке» және «Қыс мезгіліндегі шегіртке» топтастырып, жобалайды, сызады не салады, жазады, топта талқылайды. , Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, өз ойларын еркін, дәлелді жеткізе білуге тырысады. | Кері байланыс. Жапсырма гүлдермен бір-бірін бағалайды яғни, «Бір жұлдыз» | желім, стикер,музыка. Флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы | |
Қорытынды. | «Венн диаграммасы»
(құмырсқа мен шегірткенің ұқсастық және айырмасы) Мақсаты:мететаным дағдысын қалыптастыру.
«Бағалау парағы». Мақсаты:өзіне сыни көзбен баға беруге қалыптасу |
1.Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипатта. 2. Құмырсқа орнында болсаң не істер едің? .– деген сұрақпен метатану дағдыларын өрістету.
Анықтайды, ұсыныстарын есепке алады, ескереді. |
Салыстырады,, өз пікірлерін айтады,ауызша топтастырады.
Блум таксономиясы бойынша бағалау шәкілін толтырады. «Бағалау парағын» толтырады.. |
Блум жүйесімен бағалау парағы |
Бағалау парағы. АКТ, электронды оқулық
Стикер.
|
Үйге тапсырма: | Шегіртке мен құмырсқаның іс әрекетін сипаттайтындай мақал- мәтел жинақтау. «Шегіртке тәрізді қиналмас үшін не істер едің?» ойыңды жазып кел немесе рөлдік ойын әзірлеп келіңдер. |
Бірінші сабақ талдауы
Сабақ қалай өтті. Оқушылар «Шаттық шеңберіне» тұрғызылды. Сары қоян ойыншығын бір-біріне сыйлаумен тілектерін айтты. Түсті шариктермен топтастырылды. Топқа ат қойылды: «Қоңыр күз» және «Алтын күз». «Серпілген сұрақтар» стратегиясымен үй тапсырмасы тексерілді. Топ «Ұстанымы» оқылды.
«Бір қадам артқа» стратегиясында суретпен жұмыс арқылы бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасалды.Бірінші тапсырма — мәтінді оқу. Мұғалім тарапынан 3-сыныпқа «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы екіге бөлініп оқуға ұсынылды. Екінші тапсырма – оқи отырып дәптерге қысқаша концептуалды кесте толтыру яғни, «Түртіп алу» тапсырылды. Үшінші тапсырмада — Орнында бір оқушы қалды, басқа жанұя мүшелері келесі топқа барып, сол топтың тапсырмасымен танысты. Жанұясына оралып, түсінгендерін қалған түсіндіруші оқушыға баяндады. Әр топ енді сынып бойынша топтасты. Тізбектеу әдісімен оқушылар өзіне бөлінген беттерді бір-біріне әңгімеледі. Тыңдаушылар өзіне керегін дәптерге жазып отырды. Сергіту сәті орындалды. «Балапан биі». Оқушыларға өте жағымды әсер қалдырды. Төртінші тапсырмада әр топ өз тақырыбы бойынша шегіртке сипатын флипчардқа топтастырып қорғады. Қорғалған жобаларға балалар жапсырма гүлдермен баға берді. Сабақтың кезеңдері аяқталған сайын оқушылардың біткендерін шапалақ ұрумен белгі берді. Кері байланысқа «Бағалау парағы» қолданылды. Оқушылар: «Бүгінгі сабақ қаншалықты қиын болды?» деген сұраққа: «Қиын емес», ал: «Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?» дегенге: «Өте сенімдімін» деп жауап берді.
Не сәтті өтті. Оқушылардың мәтінді түсінуі, мазмұндауы, «Құмырсқа орнында болсаң не істер едің?» сұрағына өз пікірлерін еркін білдіруі. Сергіту сәттері. Үндемейтін Ақмаралдың пікірін еркін білдіруі.
Не сәтсіз өтті. Сыныптың балалары баяу, қобалжып, содан уақыт жетпей үлкен үзілістің 15 минутын пайдаландық.
Не дамыту керек. Оқушыларды сөйлете білуді. Уақытпен санасуды. Ынтымақтастық іс-әрекетті. Дарынды оқушымен жұмысты.