Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Бегалиев атындағы орта мектеп
Мереке Айдос Қалымтайұлы
10 сынып Тақырыбы: Ж.Байтоқиннің заседатель ретіндегі атқарған қызметінің қазақ құқығындағы маңызы.
ІҮ бағыт:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.
Секция: ІҮ. Құқықтану Жетекші:
Қабдолова Клара
Жексенбайқызы
жоғары санатты
тарих және
құқықтану
пәнінің мұғалімі
ғылыми жоба жұмысына
Пікір
Оқушы ғылыми жоба жұмысына таңдаған тақырыбына нақты мақсат қойған. Ғылыми жоба жұмысын дайындау бағытында ізденіс аяларының мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалана білген. Қазақтан шыққан заседатель Жылғара Байтоқин тұлғасын танытуда қосымша деректер мен ғаламторлық мәліметтерді,әдебиеттерді,қоғам қайраткерлерінің пікірлерін басшылыққа алған.Ғылыми жоба баяндамасының жазылуы талапқа сай. Баяндаманың бөлімдері бойынша оқушы өзіндік ой түйіндеген. Ғылыми жоба жұмысы аудандық деңгейде қорғауға лайық.
Мектеп директоры: Құбаева Г.Ө.
Ғылыми жетекші: Қабдолова К.Ж.
Аннотация Зерттеу мақсаты: Тарихтан өзінің орнын ала алмай, халық үшін істеген еңбегі ескерусіз келе жатқан ірі тарихи тұлғаның бірі Жылғара Байтоқиннің туған ортасын анықтау. Оның көзқарасының қалыптасуына ықпал жасаған ортаны, ішкі және сыртқы себептерді ашу,көзқарасындағы өзіндік ерекшеліктерді айқындау;Қайраткердің қазақ тарихындағы ролін және оның атқарған қызметінің бүгінгі тарихымыз үшін маңыздылығын айқындау, қазақтан шыққан аға сұлтандық, заседательдік еңбегінің зор екендігін көпшілікке таныту,қоғамдық өмірдің шырғалаң тұстарын Жылғараның тағдыры арқылы көрсету;
Гипотеза (болжам)
Болашақта қазақ тарихын,оның заңдық жүйесіндегі тұлғаларды анықтау бағыттарын айқындап көрсету. ХХI ғасырда елімізді әлемге танытатын болашақ қазақ зиялыларының қызмет жүйесін өзіндік оймен түйіндеу; тұлғаның іс-әрекеттері туралы қоғамдық ой қозғау.
Зерттеу барысы: Тақырып таңдап,оны нақтылап іздену бағытында аймақтарды белгіледім; әдебиеттер мен қосымша деректер жинастырып, күнделік жүргізіп,алғашқы жасаған жұмыстарымды тіркеп,жетекшіден бағыт алып отырдым; ғылыми жобаны қорғауға әзірледім,нақты мақсатпен жұмыстанып,жаңа деректер жинақтау үстіндемін.
Жобамыздың эксприменттік әдістемесі: Қазіргі кездегі ақпараттық технологияға негізделген жүйемен интернет желісінен зерттеуге алып отырған тарихи тұлғамыз туралы мәліметтер алып,жүйелеп, жоба мәтінін құрастырдым.Қазақ елінің басына түскен ауыр кезеңде өмір сүрген, өз тұлғасымен кейінгі ұрпаққа елеулі мұра қалдырған, бірақ танылмаған тұлға жәйлі басылым беттеріне хабарлар жолдап, Жылғара бейнесімен оқушыларды,қалың көпшілікті таныстыру;
Зерттеуіміздің жаңалығы және дербестік дәрежесі.: Өткен ғасырда өмір сүрген,ұлт тарихында елеулі із қалдырған, жоғалып табылған жәдігер, қилы заманды басынан кешкен тұлға, халқына ақ тілек жолында бар ғұмырын арнаған абзал азамат,еліміздің солтүстік өңірінің мақтанышы болған Жылғара есімін жаңғыртып, халықпен табыстыру.
Жұмыс нәтижесі: Жылғараның өмірі мен көзқарастарына байланысты қазақ князі,заседательі туралы жазылған пікірлермен,анықтамалық деректермен, қызметтес серіктерінің пікірлерімен танысып түйіндеме дайындау.
Қорытынды: Қазақтың танымал тұлғасы туралы “Бүгініміздің негізі – өткенімізде” тақырыбымен арнаулы жинақ құрастырып, шағын кітапша шығару; Өзіндік жоба негізімен қайраткер тұлғасын танымдық – тәрбиелік шаралар арқылы оқушыларға насихаттау;
Қорытындының практикада қолданылу бағыты Тарихта есімдері аталған тұлғалардың қатарында қазақ мақтанышы деп тануға Жылғара Байтоқиннің де болғандығын нақты деректермен көрсету.Тарих тарауларында өзіндік орны бар тұлғалардың қатарын басқарушылық қабілетін таныта білген. «қазақ» деп аталатын ұлы халқымыздың атына талай мадақтаулар мен марапаттар айтқызған, қайраткер бейнесімен толықтыру.
Мазмұны
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі.
в 9 класс, и золотою медалью на Александровской ленте, 22 февраля 1927 года произведен в Майоры, а 8 ноября 1930 г. в Подполковники и пожалован золотою медалью на Владимирской ленте; С сентября 1824 г. по июль 1826 г. и с 28 августа 1839 г. по 24 декабря1841 г. исправлял должность Старшего Султана в упомянутом Приказе, — и всегда к службе Нашей оказывает усердие и ревность. То Мы в воздаяние ревностных его Подполковника Джилгара Байтокина заслуг, також и по Нашей Императорской склонности и щедроте, которую Мы для награждения добродетелей ко всем Нашим подданным имеем и по дарованной Нам от всемогущего Бога самодержавной власти Всемилостивейше соизволили помянутого нашего верноподданного Байтокина в вечные времена, в честь и достоинство Нашей Империи Дворянства, равнообретающемуся в Нашей Всероссийской наследной Империи, Царствах, Княжествах и Землях прочему Дворянству, возвести, постановить и пожаловать, яко же мы сим и силою сего его Байтокина в вечные времена, в честь и достоинство Нашей Империи Дворянство воводим, постановляем и жалуем и в число прочего Всероссийской Империи Дворянства таким образом включаем, чтоб ему и потомству его по нисходящей линии в вечные времена всеми теми вольностями, честью и преимуществом пользоваться, которыми и другие Нашей Всероссийской Империи Дворяне по нашим правам учреждениям и обыкновениям пользуются. Для вящего же свидетельства и в признак сей Нашей императорской милости и возведения в Дворянское достоинство, жалуем ему Байтокину нижеследующий Дворянский Герб. В червленном щите четыре горизонтальные золотые полосы. Щит украшен дворянским шлемом и бурлетом золотого и червленого цветов; над бурлетом три червленые страусовые пера. Намет на щите червленый, подбитый золотом. Чего ради жалуем и позволяем помянутому Нашему верноподданному Подполковнику Байтокину вышеподписанный Дворянский Герб во всех честных и пристойных случаях, 38 в письмах, печатях на домах и домовых вещах и везде, где честь его и другие случающиеся обстоятельства того потребуют употреблять по своему изволению и рассуждению, так как и другие Нашей Империи Дворяне оную вольность и преимущество имеют. И того ради всех чужестранных Потентатов, Принцев и высоких областей владетелей також Графов, Баронов, Дворян и прочих чинов, как всех вообще, так и каждого особливо через сие дружебно просим, и от всякого по достоинству чина и состояния благоволительно и милостиво желаем оному Байтокину сие от Нас Всемилостивейше пожалованное преимущество в их Государствах и областях благосклонно позволять, а нашим подданным какого бы чина, достоинства и состояния оные ни были, сим Всемилостивейше и накрепко повелеваем помянутого Байтокина за Нашего Всероссийской Империи Дворянина признавать и почитать, и ему в том, також и в употреблении вышеозначенного Дворянского Герба и во всех прочих Нашему Всероссийской Империи Дворянству от нас Всемилостивейшие позволенных правах, преимуществах и пользах предосуждения, обид и препятствия отнюдь и ни под каким видом не чинить. А для вящшего уверения Мы сию Нашу жалованную Грамоту Нашею собственною рукою подписали и Государственною нашею печатью укрепить повелели. Дана в 1 августа 1852 года. Император Романов Николай. Министр Юстиции Статс Секретарь Малинин.»[3] Жылғара жоғарыға да, төменге де жаққан адам. Заседательдікке ел сайлады,аға сұлтандыққа патша үкіметі тағайындады.Осы қызметтерді көп жыл атқарды. Өзінің сауаттылығымен,ақылдылығымен,атқарған қызметіне тиянақтылығымен атағы дүйім елге жайылып,атағы Сібірдің жеріне дейін тарады. Жылғара әуел бастан қартайғанша болыстықты, аға сұлтандықты ешкімге бермей келген шынжыр балақ, шұбар төс еді. Ажары тозып, кәріліктің мықтап кірген кезі болса да қайраты әлі қайтпаған қасқыр адам болыпты Әрине, хан тұқымдарының (төре тұқымдары) төбесі биік, дәрежесі жоғары болғандығы жасырын емес. Жылғара Байтоқин ел арасында кеңінен тарап, аты аңызға айналған адам. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Жылғара батыр да, әнші де, ақын да тіпті айтыскер ақын да, шешен де болған. Сөз жоқ Жылғараның өз заманында беделді, білгір, бай, іскер, ірі қайраткер болғаны рас. Бірақ оның ақындығы, айтыскерлігі жөнінде дерек жоқ.Атақты жазушы Сәбит Мұқанов өзінің «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз» сияқты шығармаларында Атығай руындағы атышулы Жылғара Байтоқин және оның тұқымдарын, ұрпақтарын бірнеше жерде ерекше атап өтіп, Жылғараны «Зілқара» деп жазған екен. «Аққан жұлдызында»: «…Көкшетау дуанындағы ең ірі феодалдың біреуі, Атығайдың Андағұл руынан шыққан Қаратоқаның Зілғарасы еді. Оның інісі – Байтоқаның Шопаны, сол маңайдың: он мың қой, бес мың жылқы, бес жүз түйе айдаған ең ірі бай екен. Шопан момын, Зілғара тентек болған. Есіл өзенінің қазіргі Солтүстік Қазақстанға қарайтын бойында, шамасы – жүз километрдей жер, сол бір шақта, Зілғара мен Шопанның меншігі екен. Олардың әрқайсысы үш-төрттен әйел алған, қыздары да, ұлдары да көп болған…» – дейді.[5] Сәбит Мұқановтың бұл тұқымға туыстық жағы да бар екен. Ол жөнінде өзі айтып кеткен. Сәбиттің әкесі Мұқан Шопан ауылына жиен болады. Бала кезінде ол нағашыларында болып, есейген кезінде еліне көшіп кеткен. Өз еңбектерінде Жылғара, Шопан жайында жиі қайталайтындығы осы себептен болар. Жазушының айтуынша Жылғара тұқымы аға сұлтандықты Абылай тұқымынан тартып алған. Құсмұрын дуаны жабылғаннан ол Көкшетау дуанына қосылады деген сөз ел арасына тарап кетеді. Бірақ дуан басы кім болары белгісіз. Жұрт Жылғараның Әлібегін айтып жүргенде оны патша үкіметі Петерборға Петропавл қамалына айдап жіберген. «Тура айтқан туғанына жақпайды»,- дегендей, батыл, тура мінезінен тапқан болар. Әлібек деген елге тынышсыз, қиянатшыл адам деп елге лақап тараған. Аға сұлтандыққа Мұса лайық деген ұзын құлақ сөздер гуілдейді. Сәбиттің айтып отырғаны шындыққа жанасады. Ақыры аға сұлтандықты қолына алған Мұса болып шығады да, ол сұлтан болып сайланады. Жылғараның Есенеймен және басқа атақты адамдармен, әсіресе төре тұқымдарымен байланысы, ара қатынасы ерекше атап көрсетіледі. Патша жендеттерімен үзеңгілес, терезесі тең, айтқанын өткізе алатын, көзі ашық асқар бел азаматтар сол кезде де болған. Солардың бірі – осы Жылғара және оның балалары болды.
Жылғара Байтоқин туралы сол уақыттағы тарихи кезеңге назар аударсақ: 1819 жылы Уали хан дүние салады. Осы кезді пайдаланып патша үкіметі хандық құрылымды жоюды жедел ойластыра бастайды. Хандықты жою, билікті жою, одан әрі дербестікті, мемлекеттікті жою деген сөз. Мұндай пиғыл Екатерина патшайым тұсында басталып, Александр І-нің қол қоюымен аяқталды. 1822 жылы М.Сперанский және Г. Батеньков Сібірді басқару жөніндегі реформаның жобасын жасайды, оны І-Александр қолдап, қол қояды. М.Сперанский орыстың сауатты, білімді интеллегенциясының өкілі болатын, ал Г.Батеньков декабристер көтерілісіне қатысқан танымал тұлғалардың бірі. Жаңа реформа – Сібірді басқарудың жаңа жүйесіне орай Сібір екі губернаторлыққа бөлінеді: Шығыс және Батыс болып. Батыс Сібір губернаторлығы Тобыл, Томск, Омбы облыстарын қамтиды. Оның орталығы алғашында Тобыл қаласы (1822-1839 ж.), ал кейін орталық Омбы қаласына ауысады. Орта жүз қазақтары негізінен Омбы облысына қараған. Сібір қазақтарының Уставы бойынша Омбы облысы төрт «ішкі дуанға» бөлінген. Ол Омбы, Петропавл, Семей және Өскемен. Бұл орыс-казактарының бекіністері мен қорғандары салынған қалалар, «ішкі дуандар» деп аталған. Ол қалалар, сызығымен қосыла тұра Ресейге бағынады. Ал, сызықтың бойынан тыс жатқан дуандар –«сыртқы дуандар» деп аталады. 1824 жылдан бастап сыртқы дуандар құрыла бастайды. Солтүстік өңірде Петропавл ішкі дуанға жатады. Бұл да орыстардың билігіндегі қала. Бұл ежелден Қызылжар атанды. Ол жөнінде Сәбит Мұқанов мынадай бір әңгіме, аңыз айтады. Қызылжар – қызғылт биік жарқабақта салынған қала. Сондықтан қаланы солай атаған. Бұл ертеден қазақ жері. Осы жарқабақта Дәулеткелді дейтін атығай руының байының қыстауы болған. Ел аузында мынадай аңыз бар: Абылай хандық құрып тұрғанда оған Петр және Павел деген ағайынды екі орыс жігіті келіп, осы жарқабақтан бір өгіздің терісіндей жер сұраған. Абылай бұл сөзге аса мән бермей қызық көріп, «ал» деген. Әлгі екі жігіт өгіз терісін жіп-жіңішке жіптей етіп тіліп, таспалап әкелген екен, соны жазып жібергенде, осы қаланың орынын түгел қоршап алған. Абылай уәдесін бұза алмай, сұраған осы жерді берген екен. Сол жерге екі жігіт қала салған, қаланың аты Петропавл деп аталыпты. Мұқановтың айтуынша қызғылт жарқабаққа төніп тұрған бір ұзынша ақ үй – «Абылайдың ақ үйі» дейді. Бұл үйді орыс патшасы Абылай ханға сыйға тартқан екен. Батыс Сібір генерал-губернаторы Петр Михайлович Капцевич (1772-1840) Орталық Қазақстанда округтерде дуандар ашу жұмысы басталғандығын айтып,1824 жылы қыстауда отырған жергілікті адамдарға үндеу-хат жолдапты. Дәл сол жылы Петербургте Сібір комитетінің отырысында Батыс Сібірге қарасты Қарқаралы мен Көкшетау жерінде екі «сыртқы дуан» ашу жөнінде шешім қабылданады. Бұған сол жергілікті жердегі қазақ сұлтандарының келісімдері басшылыққа алынған. Дуандарды құру, ашу жұмыстары Омбы облысының басшыларына тапсырылған. Әрине, хандық өмірден басқарудың жаңа жүйесіне – орыс әдісіне көшу қазақ еліне үлкен сілкініс, өзекті өзгеріс әкелді. Келесі жылы бірінші Николай таққа отырады. Патша үкіметінің құрығы ұзын. Ол сезікті адамдардың қырын кетіруге әбден машықтанған үкімет. Қырдағыны Кырымнан көретін Абылай сияқты адамдар бұдан былай хан тұқымынан да табыла қоймаған. Ресей өзінің саясатын – реформасын Орталық Қазақстаннан бастады, яғни округтерге, қазақша «дуандарға» бөлді. Дуандардың ішкі құрылымында болыстар, одан ауылдар, әр ауылда шаңырақтар есепке кірмек. Әр дуанда 15-20 болыс, әр болыста 10-15 ауыл, әр ауылда 50-70 шаңырақ (киіз үй) есептеліп, біріктіріліп ұйымдастырылады. Сол кезде әр дуанның жеке болыстардың шекарасы белгіленді. Устав бойынша адамдар бір дуаннан екінші дуанға жергілікті жердің басшыларының ұлықсатымен, келісімімен ғана ауыса алатын болады. Дуанның басқару органын «бұйрық» (орысша «приказ») немесе «дуан басшысы» деп атаған. Дуан басшысы «Аға сұлтан» деп аталады, ол үш жылға сайланады. Аға сұлтанның төрт заседательдері (орынбасарлары) болады. Олардың екеуі орыстан тағайындалады, екеуі жергілікті халықтан, яғни қазақтан сайланады. Алғашқы жоспар бойынша орта жүз қазақтарын дуанға (округке) болу көзделген. Жасалған реформа, оған сәйкес шыққан заң актілері, Сібір қазақтарының Уставы бәрі де патшалық Ресейдің билеп-төстеу саясатына бағытталған. Дегенмен реформаның жобасын жасаған прогресшіл алдыңғы қатардағы адамдар болғандықтан, жергілікті халықтың мұң- мұқтажын (оқу, емделу, өз-ара қарым қатынас, құқық т.б.) ескерілмей қалған жоқ. Әрине, қабылданған заң, Устав бәрі де былай, сырт қарағанда дұрыс сияқты. Ал, солардың орындалу дәрежесі көңілдегідей емес, заң жергілікті жерде бұрмаланып, халықтың наразылығын тудырады. Реформадан кейін Орталық Қазақстан Аманқарағай, Қарқаралы, Баян-Ауыл, Ақмола, Аягөз, Ашбұлақ, Көкшетау дуандарына бөлінеді. ХІХ ғ. орта кезінде алғашқыға Көкпекті дуаны қосылып, Аманқарағай дуанының аты өзгеріп, Құсмұрын аталады. Тарихи деректерге қарағанда осы аймақтар 79 болысқа бөлінген. Оның ішінде Көкшетауда – 11 болыс, Аманқарағайда – 10, Баянауылда – 18, Ақмолада – 12, Аягөзде – 10, Қарқаралыда – 18 болыс болған. Көкшетау дуаны құрылар кезде осы өңірде 17 болыс болып, 40 мыңдай адам тұрған. Онда Атығай, Қарауыл, Керей, Уақ, Қанжығалы, Бағаналы, Күрлеуіт сияқты елдердің, рулардың басы қосылыпты. Көкшетау дуаны құрылғаннан кейін халық, ауыл, болыс-билер сол қалпында қалады. Бірақ хан заманында ру басы (родовой старшина) деп аталса,енді болыс (волостной управитель) деп айтылатын болды, ал ауыл старшыны – енді ауылнайға өзгерді. Бұдан былай аудармашылар (тілмәштар), іс-қағазын жүргізушілер сияқты қызметкерлер тағайындала бастайды, бәрі де дуан басшыларына қызмет етеді. Орталық Қазақстанда ең көп тараған халық- арғындар. Көкшетау дуанында негізінен сол арғындардың бір тармағы Атығай, Қарауыл рулары қоныстанған. Алайда Көкшетау дуаны басқаларынан бұрынырақ ашылғандықтан оған Керей, Уақ руларының кейбір болыстары кірген еді. Ал кейін, Құсмұрын дуаны ашылғаннан кейін бұл болыстар солай қарай ауысады. Уақыт өткен сайын болыстардың саны да, аттары да дүркін-дүркін өзгеріп тұрған. Кейбір жағдайларда бірнеше болыстар бірігіп, аттары қосарланып айтылатын болған.Менің ғылыми жобама кейіпкер болған Жылғара Байтоқин Көкшетау округі ашылғанға дейін би, болыс (волостной), ауылнай (старшин) қызметтерін атқарған. Ол сол кездегі Андағұл-Ораз- Бәйімбет болысын басқарған. Архивтегі деректер бойынша дуанның алғашқы аға сұлтаны болып Ғұбайдолла Уәлиев сайланады, ал оның заседательдері (аға сұлтанның орынбасарлары) болып сайланғандардың ішінде Марданов, Боранбаев, Байтоқиндер аталған. Ресей патшалығы реформаны, Сібір қазақтарының Уставын, соған байланысты шығарылған заң актілерін белгілі бір дәлелдермен, қоғамдық өзгерістерге сәйкестендіріп көрсетуге тырысқан. Санақ жүргізу,атаулы тізім жасау, қазақтардың (орыстардың) сызығын, бекінісін, қорғанын жасау бірыңғай басқару жүйесін құру (ауыл старшынынан бастап патшаға дейінгі басқару) бәрі де империялық пиғылдың туындысы деп түсінгеніміз жөн. Қазақ жерінде бұған қарсылық, қарама-қайшылық тумай қойған жоқ. Реформа жарияланып, патшаның жарлығы шыққанымен хандық құрылым тез арада жойыла қоймайды. Уали хан өлгеннен кейін де, хан сайлауы қазақ жерінде жүре береді. Уәлидің соңғы жұбайы Айғаным да, тұңғыш баласы Ғұбайдолла да хан деп есептелініп жүрген. Дегенмен хандық дәуір осыдан кейін ыдырай бастайды. Төре тұқымдары бар болғаны аға сұлтан қызметін ғана атқаратындай жағдайға жетеді. Айғанымның тарихта алатын орны бар. Хан ордасы – Бурабай Ғұбайдолланың ұрпақтарына, Сырымбет Айғанымнан туған балаларға мұра болып қалады. Айғаным бірнеше шығыс тілдерін білетін алдыңғы қатарлы адам болды. Ресей патшалығына өз ықпалын жүргізе білді. Баласы Шыңғысты, немересі Шоқанды Омбыда оқытып, әскери, ғылыми адам етті. Орыс патшасының ұлықсатымен Сырымбетте қарағай үйлер салдыртты. Бертін келе Көкшетау мен Құсмұрын дуандары бірігеді, оның аға сұлтаны Шыңғыс, заседательдері Тәштит Тәбеев (Керей), Маңдай баласы Әбдіғапар (Атығай) сайланады. Бұл кезде аға сұлтандықтың да құны құлдырап, төре тұқымдарынан Шыңғыстан басқа басшы қалмаған еді. Барымта мен ұрлық көбейіп, тәртіптің бұзыла бастаған шағы болатын. Бодандықта отырған қазақ елін билеу, жерін ұтымды пайдалану үшін Ресей мұнда үлкен өзгеріс енгізу пиғылында болғаны анық. Ондағы ойы хандық басқару жүйесін жойып, патша губерниясына тура бағынатын дуандар (округтер) ашу еді. Мәселенің мән-жайын, жай-жапсарын бақылау үшін қазақ ауылдарына жұмыс топтарын жіберді. Оның құрамында орыс офицері, аудармашы, мұсылман молласы т.б. болады. Батыс Сібір басқармасының саясатын, уставын би-болыстарға, беделді ақсақалдарға, ауыл старшындарына түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды. Осы кезде Уәли хан қайтыс болады, шын мағынасында ол қазақтың соңғы ханы болатын. Дуандар құру, хандықты жою бағыты, әсіресе, хан тұқымдары арасында үлкен наразылық тудырады.Нәтижесінде дуандарды ашу сәті Уәлихан өлгеннен соң бес жылдан кейін ғана түседі. Көкшетау сыртқы дуанын ашу және оны басқару мәселесі жөнінде Батыс Сібір генерал губернаторы Уәли ханның үлкен баласы Ғұбайдолламен ақылдасуға мәжбүр болады. Билік мұрагері төре тұқымдарында қалғандықтан Ғұбайдолламен және Уәли ханның жесірі Айғаным ханыммен «ақылдасып» патша өкілдері «әдептілік сақтап» бірқатар жұмыстар жүргізгендей болады. Қазақ даласындағы алғашқы дуан Уәли ханның ұлы Ғұбайдолла ханзадаға байланысты құрылды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Сібір комитетіне былай деп жаз-ды: «Омбы облысы ашылған жағдайда қайсақ даласындағы бірінші дуанды Уәлиханның үлкен ұлы Ғұбайдолланың жанынан, ол қоныс қып отырған өңірге жақын жерден құру керек». Содан 1824 жылғы 29 сәуірде Көкшетау дуанының ашылу құрметіне ұлан-асыр салтанат өткізілді. Омбыдан облыстық басқарманың төрағасы подполковник Антон Григоровский бастап келген ұлықтардың ұсынысымен алқалы жиында Ғұбайдолла Уәлиханов аға сұлтан болып сайланды, мәжіліскерлері болып қазақтардан Зілқара Байтоқин мен Мүсет Жәнібеков белгіленді. Көкшетау дуанын «тәртіппен ашу» үшін Петропавл ішкі дуанынан, дәлірек айтқанда бекінісінен құрамында 300 солдаты бар әскери бөлімше жіберіледі. Дуан ашу үшін сайлау өткізілді. Онда аға сұлтан және оның орынбасарлары-заседательдері сайланбақ. Осыған орай белгіленген күнде жер-жерден1824 жылдың 29 ақпанында өлкенің игі жақсылары жиналады. Бұл сайлауда Көкшетау дуаны немесе Көкшетау приказы құрылады (Кокшетауский округ или Кокшетауский приказ). Дуанның аға сұлтаны Ғұбайдолла Уәлиханов, ал заседательдері (орынбасарлары) болып Жылғара Байтоқин (Атығайдан) және Мүсет Жәнібеков (Керейден) сайланады. Бұл екеуі де бұған дейін болыс старшындары қызметін атқарғандар болатын. Сайлау рәсіміне жиналғандар негізінен Атығай, Қарауыл, Керей, Уақ, Қыпшақ, Қанжығалы руларының өкілдері. Сайлаудың екінші кезеңінде әр болыстың басшыларын (волостной правительдер) сайлау жұмысы жалғасады.Әуелі болыстар, соңында ауыл старшындары тағайындалады. Сайлау науқаны біткеннен кейін орыс оркестірі әскери әуен ойнап, орыс әскерлері аспанға бірнеше дүркін оқ атып, отшашу жасайды. Жер-жерден келген басшылар Ресейге берілгендігі жөнінде «Ант» беріп, қағазға қол қояды. Патша үкіметі осы жерде дуан басшыларына, қызметкерлеріне, офицерлерге үй, солдаттарға казарма, ұста, диірмен, ат қорасын салу, Шағалалы өзені үстінен көпір орнату жоспарлап, ол үшін ақша да бөледі. Дуан басшыларының, қызметкерлерінің жалақысы белгіленеді. Бірақ орыс чиновниктері қазақ қызметкерлеріне қарағанда жалақыны артық алатын болған. Қазақ даласына келген орыстар еркін сезініп, бойлары үйренген соң өздерінің қоқан-лоқысын көрсете бастайды. Әсіресе, жер бөлу, егін салу, ясақ (салық) жинау кезінде үстемдік жүргізе бастайды. Батыс Сібір генерал-губернаторы мән-жайды аса біле бермейді. Оған жергілікті жерден түскен хат-хабарлар шындықты ақтара бермейді. Бірақ ұзынқұлақтан естілген пара алу, халықты алдау, өкім-зорлық жасау сияқты жағымсыз қылықтарды генерал-губернатор естіп отырады. Халық арасында болып жатқан қозғалыс, көтеріліс осынын, салдары екенін басшылар сезіп, орыс чиновниктеріне тексеріс жіберіп, кейбіреулерін орындарынан түсіре бастайды… «Диван» деген сөз басқару органы отыратын үйді айтады. Дуан орналасқан кеңсенің маңдайшасына «Кокшетауский окружной диван» деп жазылады. Бұл үй уақытша орын, яғни Дом дивана (Дуан үйі) аталды.Дуан үйін, кейбір ыңғайсыздықтан, келешекте басқа жаққа көшіру мақсаты қойылады. «Егер дуанның бас қосатын үйі Бурабайда болса, онда алдымен табиғатқа зиян келтіреміз, одан соң Абылайдың елді шет жаулардан қорғаған қасиетті ордасында отыруымыз аруақты сыйламағандығымыз болады» деп ақыл-кеңес айтады дуан мүшелері. Сондағы таңдалған жер- Қопа көлінің жиегі, Бұқпа тауының етегі, бұрынғы «Теріс қыстау» деген алаңы болды. Бұл бүгінгі Көкшетау қаласы орнаған жер. Кезінде бұл жер Атығай Бағыс болысының қыстауы болған екен. Көп шу шығармас үшін орыстар алғашында бұл жерге қоныс салмаған екен. Бірақ ел жайлауға көшкенде орыстар осы қыстаудағы үйлерді өртеп жібереді. Осыдан барып орыстар мен қазақтар арасында қырғи-қабақ туындап, аяғы ірі көтеріліске ұласады. Көкшетау қаласының құрыла бастауы осы дуанның ашылуымен сәйкес 1824 жылы болса, Петропавл одан елу жыл бұрын іргесі қаланған қала болатын. Оның алғашқы аты Қызылжар. Есіл өзенінің жарқабағында орналасқандықтан солай атаған екен. Хан ордасымен көрші, аралас-құралас болған Атығай, Қарауыл руларының шоғырланған жері Сырымбет, Айыртау, Жалғызтау етегі, «Кіші» және «Үлкен» Торанғұл көлдерінің жиегі мен аралары, Теріс аққан, Борлық, Есіл өзенінің екі қанатын бірдей алып жатқан алқап болатын. Бұл алқап Шал ақынның, Ақанның, Біржанның, Ыбырайдың, Тоғжанның, Қожамбеттің, Молдахметтің, оларды жалғастырып келе жатқан Кәкімбектің өлеңдеріне арқау болған сұлу өлке. Құдайберді руынан шыққан атақты Жылғара- Шопан тұқымы, құнарлы алқалары бар, шұрайлы шабындықтары бар, малға да, жанға да жайлы, салқын самалды, қалың тоғайлы ықтасын болған Есілдің жиегін жайлаған ел еді. Балалары көп болса да, бәрі бірдей ығай мен сығай емес. Дегенмен Жылғараның ұлдары жеке- жеке шаңырақ көтеріп, бір-бір ауыл атанып, осы жұмақ- жайлауда өмір сүреді. Абай айтқандай ала ауыздық та аз болмаған. У ішсең руыңмен дегендей, қырғиқабақтық қазақта болып тұрса да таптық мақсатын қорғауды еш ұмытпайды. Қырық пышақ ағайын қиын- қыстау кезеңде еті елжіреп көмекке келетіндігі рас. Жылғара мен Уәлихан тұстас адамдар. Уәлидің әйелі Айғаным Жылғарамен қоныстас отырған, малы да, жаны да араласып, жері іргелес болған еді. Жер дауының жиі шығып тұруы да сондықтан болар, Жылғараның Уәли ханмен, одан кейін Шыңғыспен аралары суысып кетеді. Бір-бірімен кездесулері де шамалы, тек Уәли хан ауырып жатқанда көңілін сұрап кіріп шықты деген сөз бар. Елде «Жылғара – Шопан» деп ағайынды екеуін қосарландыра атаған, солай аттары жайылған. Өйткені олар ағалы-інілі ағайын адамдар болған. Шопан өте ауқатты, мыңғырған бай адам. Маңдайға біткен байлығы – малы. Бірақ малдарын да, терісін де, қой етін де Ресейге сатып, өткізбеген. Тері-терсекті, жүн- жұрқаны кедей адамдарға тегін берген дейді. Жылғараның балаларының ішіндегі ең өжеті Әлібек болған. Қазақтың атақты сазгері, өнер зерттеушісі Ілия Жақанов «Аққулар қонған айдын көл» атты зерттеу кітабында Ақан сері мен Әлібектің арасындағы достық қарым-қатынасына арнайы тоқтап, Байтоқиндар әулеті жайында көп деректер келтірген. Жылғараны қазақ ақсүйегі (қазақ дворяны) мен подполковник шеніне ие болған, патша грамотасын алған ірі алпауыт деп суреттейді.Шындығы – Жылғараның патшадан алған атағы, Әлібектің батырлығы жайындағы мәлімет. Аты аңызға айналған Әлібекті елі ұмытпаған. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін, 1994 жылы батырдың бейіті көтеріледі, зиратының басында құран оқылады, ауылында ас беріледі. Одан соң 1995 жылы Рузай ауданындағы мамандандырылған шаруашылыққа Әлібек батырдың аты беріледі. Бұл бүгінгі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шұқыркөл ауылының маңы еді. Әлібек Жылғараұлы 1811-1896 жылдарда өмір сүрген, 19 ғасырдың өкілі. Ол Жылғараның Мәтиман деген соңғы әйелінен туған көп ұлдардың бірі. Әлібектің әкесі де, атасы да бай болған, би болған, ел басқарған адамдар. Жастайынан жігерлі, сүйегінде дәні бар, қиянатшыға қасқая қарсы тұрған ер боп өседі. Ел аузында оны «Әлібек батыр» деп атаған. Талай жаугершілікке қатысқан, барымтаға да барған, Ұлытау, Есіл, Ертіс бойын шарлаған ұры- қарақшылардан елді қорғаған. Шыңғыс Әлібекті Петерборға Петропавл қамалына аудартады. Әлібектің ағасы Тұрлыбек ізденіп, Омбыға барып патшаның атына хат жазады. Ол хат сенатта қаралады. Нәтижесінде Әлібек айдаудан босап, елге оралады. Осы оқиғадан кейін ол да төре тұқымдарына іштей наразы болады. Өз заманында Жылғара мен Есеней екеуі елдің еркесі, екі рудың серкесі атанады. Адамның аты байлығымен де, билігімен де, ақылымен де шығары белгілі. Осылардың бәрі де екеуінің маңынан, бойынан табылатын еді. Жылғара мен Есеней сияқты екі ірі тұлғалар: Жылғара Атығай руынан, ал Есеней Керей руынан шыққан. Бұл екі ел ежелден іргелес қоныстанып, нағашылы- жиенді болып, өмір кешкен. Қыз алысып, қыз берісіп құдандалы да болған. Он тоғызыншы ғасыр, 20-50 жылдар аралығында Жылғара мен Есеней бір кезеңде кемеліне келіп, ел басқарып аттары шығады, Ресейге де жақсы қызмет етеді. Елді, жерді аман сақтап қалу үшін отарлап отырған Ресеймен ымыраға келмеуге және болмады, ал бүкіл ел сыйлап отырған беделді адамдармен Ресейдің санаспауы мүмкін емес еді. Есенейді бірі білсе, бірі білмейді. Білетіндерінің өзі «ол би болған, бай болған» деген қағиданы бетке ұстайды,ал Жылғара жөнінде ол кезде баспа беттерінде мүлде басылмаған. Тек, ел аузында қалған әңгіме-естеліктер ауызша ғана сақталған. Омбы, Алматы мұрағаттарының деректері бойынша Есеней Естемесов ел басқарған, ел қорғаны болған адам. Сибан-Керейдің болысы, Батыс Сібір генерал- губернаторының кеңесшісі, Аманқарағай дуанының заседателі (аға сұлтанның орынбасары), Құсмұрын дуанының аға сұлтаны болып қызмет атқарған. Сол қызметтерде жүргенде ел қорғаны болып тонаушы, барымташы адамдармен тікелей батыл күрескен, жәбір көрген адамдардың жоғын жоқтап, малын, жерін қайтарып берген. Сайып келгенде сөзге шешен, білекке батыр, ақылға алғыр адам болған екен. Тарихи деректерге сүйенсек, Есеней 1798 жылы Қызылжар маңындағы Бескөл қонысында Естемес шаңырағында дүниеге келген. Ол Ашамайлы Керейдің Сибан руына жатады. 1871 жылы қайтыс болғаннан кейін денесін «Бүркеу» деп аталатын соңғы қонысына апарып қояды. Ол жер қалың Керейдің ортасы – Жамбыл ауданындағы Ғабит Мүсірепов ауылының маңы еді. Есеней алғаш ауыл молдасынан оқып, хат таниды, сауатын ашады. Одан соң Қызылжардағы медреседе оқиды да, діни білім алады. Осы шаһарда татар, орыс балаларымен араласып жүріп, сол тілдерді меңгереді. Білімін тереңдету мақсатында, әкесінің көмегімен Үргеніш медресесіне түседі, сонда араб тілін де жақсы меңгереді. Сауатты, білімі жетілген азамат Батыс Сібір мұсылмандарының діни орталығына орналасады да, дін жолын қуады. Онда негізінен қазақ, татар, башқұрт ұлттарының өкілдері болған. Ол орталықтың басшысы- имамы Марал-Ишан Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы адам. Астыртын ұлт-азаттық қозғалысқа қосылады. Бұл кезде Ресей патшалығының
өкілдері Петропавл қаласын және оның маңындағы қолайлы — өздеріне ұнаған жерлерді иемденіп, құрылыстарын, қорғандарын салып, орната бастаған. Сол кезде Есеней елі ата қонысы – Бескөлден көшіп, батысқа қарай қоныс аудара бастайды. Дін үшін, ел бостандығы үшін ұйымдасқан ұлт- азаттық қозғалысқа сол кездегі көзі ашық азаматтар бей- жай қала алмады. Есеней ел арасында «жүз басы», «мың басы» атағын алып «Ер Есеней» атанады. Соның нәтижесінде елдің байлары, билері, батырлары Есенейді ел басы, ел «Шорасы» (кіші ханы) етіп сайлау үшін оны дайындайды.1819 жылы патша жарлығымен хандық жойылса да Есеней шамамен 1819-1824 жылдары елдің «шорасы» болып қала береді. Жылғара мен Есенейге елі бас иген кезінде айдарларынан жел есіп, жұлдыздары жарқырап тұрды. Дәл осы кезде Тоқтамыс, Мүсет, Жылғара, Қожағұл, Есеней т.с. сияқты елдің бектері Орталық Қазақстанда округтер (дуандар) ашу жөніндегі Ресейдің саясатына қарсылық білдіреді. Кең байтақ елімізді қатаң бағындыру мақсатында ашқалы отырған округтерге (дуандарға) бүкіл ел, оның ішіндегі Атығай-Қарауыл, Керей-Уақ халықтары, төре тұқымдары қарсы болады. «Күш атасын танымас»,-дегендей Ресей өзінің дегенін істетті. Барлық жерде 1824 жылдан бастап дуандар ашылса да, Құсмұрын дуаны (Керей-Уақ жері) 1830 жылға дейін құрылмады. Дәл осы кезде Есеней биліктен шеттеліп, аздап тоқырауда болады. Ал Жылғара Көкшетау дуаны ашылғаннан кейін билікке молынан ілікті. Ал, Есеней Аманқарағай дуаны ашылғаннан кейін (1830 ж.) аға сұлтандыққа Жалбыр Абдоллаұлын (Абылай ханның немересі) ұсынады. Өзінің бұл қызметке өтпейтіндігін сезген Есеней Жалбырды жақтап, сайлауды өзі ұйымдастырады. Ал, Есеней өзінің баяғы қазы-би қалпында қалып,ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешіп, билік айтып, отыра береді. Бірақ Керей-Уақ болыстарының билігі шын мәнінде Есенейдің уысында болған. 1834 жылы Жалбыр қызметінен түсіп, Уақ шонжарларының қолдауымен Аманқарағай дуанының аға сұлтаны болып Шыңғыс Уәлиханұлы сайланады да, оның бірінші заседателі (орынбасары) болып Есеней сайланады. Кезінде Есенейдің бақталастары генерал- губернаторға арыз-шағым жазып, оны заседательдіктен түсіртеді. Әйтеуір көпшілік қолдап Сибан-Керей болысына1842 жылы қайта старшын қызметіне орналасады. Есенейдің өлер алдындағы өсиеті бойынша Сәлікті және Жүсіпті, тиесі мал-мүлкін беріп, жанұяларымен туған жері – Атығай еліне қайтарады. Есенейдің елге жасаған жақсылығы аз емес. Өзінің көзі тірісінде артында қалған ұрпақтарына, ағайын-туыстарына, жетім-жесірлерге бөліп кетеді. Ол алдымен мұсылман жолын қуған адам. Мұсылмандықты уағыздап, мешіт салдырып, көпшіліктің алғысын алған адам.Түркістан жеріне барып, әулие аталарымыздың басына тағзым еткен. Есеней мен Жылғараның қызметтері, атақтары қос ат жеккен арбадай қатар өрбіді, қаймағы бұзылмаған тату еді. Онымен қоса жақын туыстығы да басым. Ресей басшылары Есеней Естемiсов пен Ораз Андағұл Бәйiмбет болысының болысы, Көкшетау дуанының заседателi Жылғара Байтоқиннен қатты қорықты, өйткенi Қызылжар өңiрiнде екеуiнiң беделi өте зор болды [6] Орталарынан қыл өтпейтін адамдардың арасында да келіспеушілік, жанжал, абыройлары айрандай төгіліп, тіпті соттасуға дейін баратын жағдайдың болғандығы мына оқиғадан байқалады: Шекара басқармасы атына подполковник Жылғара Байтоқиннан шағым хат түседі . Ол хатта: «Есеней Естемесов өзінің жұбайы Қаныкейді соққыға жығып, жәбір көрсетіп, киім-кешексіз төркініне қайтарып жіберді. Осы жағдайды тексеріп, шара қолдануларыңызды сұраймын»,- делінген. Хат соңында қол қойылады. Бұл хат шекара басқармасына жетіп, 1843 жылдың 23 сәуірі күні тіркеледі. Есеней де бұған ызаланып, құралақан жатпай, Жылғараның үстінен домалақ арыздарды бірінен соң бірін домалатады… Арыздарға қол қойылып, мөрлер басылады, тексерістер екі жаққа да көбейеді. Сөйтіп, теке-тірес басталады. Бірінің кемшілігін бірі әшекерлеп жаладан-жала, жабылып жатты. Екі жақ әрі сөйлесіп, бері сөйлесіп, дау-жанжал бітпеген соң араздасуға айналады. Екі жақ та қалыс қалмады, тең түсті. Шындықты шешіп жатқан адам жоқ. Патша жендеттеріне осы кезде жанып жатқан отқа май құю, қыздыра түсу оңай тәсіл.Бұл әрекет патша үкіметіне әрі пайдалы, әрі саясат. Ақыры Есенейге де, Жылғараға да үстерінен қылмысты іс қозғалады. Батыс Сібір губерниясының қылмысты істер бөлімінен арнаулы тексерушілер жіберіледі. Ел арасында үгіт, сөз қоздырып, бұған үлкен мән беріледі. Дау-дамайдың, тексерудің бас аяғы үш жылға созылады. Ақыры бұл іс 1845 жылдың 15 желтоқсанында жабылады. Мәселенің түйінін абырой болғанда Құсмұрын дуанының заседателі Тәбей Барлыбаев шешкен. Ол осы екі адамның тағдырына байланысты іске белсене кірісіп, екеуін де ақтап, одан соң қазақшылық-мұсылмандық жолмен екеуін татуластырып, келістірген. Сөйтіп, қозғалған іс тоқтатылып жабылады. Бұл жөнінде С.Мұқанов пен Қ.Жұмабаев аға сұлтан майор Шыңғыс Уалиханов пен заседатель қол қойған қағаз-хат Сібір қырғыздарының шекаралық басқармасына жіберілгенін жазды. Ол хатта: «Есеней Естемесов пен подполковник Жылғара Байтоқин өзара келісті. Қозғалған іс жабылды. Екі араздасушылар татуласып, бір мәмлеге келді. Есеней өзінің әйелі – Қаныкейді қайта алды және мұсылман ғұрпымен сыйластықта тұратындығы жөнінде уәдесін берді…» деп жазылған.[5] Сайып келгенде Тәбей Барлыбаевтың т.б. билерінің арқасында екі ру басшыларының арасындағы дау- жанжал өз-ара келісім, бейбітшілікпен аяқталады.Бұл оқиғадан жобамның кейіпкері Жылғара Байтоқиннің отбасылық өмірге сергек қарайтындығын, өз заманында әйелді жәбірлеуге,кемсітуге төзбейтіндігін заседатель ретінде адам құқығын қорғауда қамқоршылық көрсетіп,өз біліктілігін танытқандығын атап өткенім орынды болар деп ойлаймын.Жылғара Байтоқин өзінің тірі кезінде байлық мұрсын бөлу жөнінде артына 1845 жылдың 8 қыркүйегінде хат жазып кеткен. Ол хатының заңдылығын сақтау үшін шекара басқармасы арқылы расталып,оған басқарманың іс жүргізушісі Сотников,кеңесшісі Тұрлыбек Көшенов және бірнеше билер қол қойған.одан ертеректе Жылғара өзіне тиісті байлықты әйелдері Қаракөзге, Мәтиманға бөліп берген.Ондағы мақсаты Мұсаға тиесілі байлыққа ешкім таласпасын деген ой сияқты.Бұл-заңды құжат. Бірақ бұл құжатпен Мәтиманның балалары таныстырылмағандықтан Жылғара дүниеден өткен соң, дүние-мүлік,жер бөлісі үшін жанжал басталады.Жер дауы үш жылға созылады.Көкшетау дуаны Он тоғызыншы ғасырдың аяғында Ресей жерінен көшпенділер келе бастағаны белгілі. Мәселен, 1879 жылы Мусино мекеніне, яғни, Жылғара тұқымдарының тұрағына орыс көшпенділері келіп, осы жерді жалға алған екен. Бұл қоныс Мұсаның жері болғандықтан, орыстар « Мусино имение » деп атап кеткен. Орыстар осы жерді жыртып, егін егіп, қоныстанады, үйлер салады. Соңында бүгінгі Явленка селосы пайда болады . Сол кездері орыс шаруалары жерді жалға емес, бас еркімен иемдену үшін Ресей императорына хат жазады. Ақырында Ақмола губернаторы бұл жерді Жылғариндердің қарамағынан алып, көшіп келген орыстарға пайдалануға бергіздіреді және бұл елді мекенді «Явленный» деген сөз «жаңа келгендер» мағынасын білдіреді. Сол кезде Явленный болысы құрылған. Бірақ, қазақтар Явленка демей, «Мүсін» деп атап келген екен. Тәуелсіздіктің туы астында танылмаған тұлғалардың тарих қойнауында атқарған игілікті істері бағаланғанып, халықпен қайта қауышуда.Жылғара есіміне байланысты осындай шараның бірі- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық Явленка селолық округі әкімінің шешімінен байқалады:
Есіл ауданы Явленка селосындағы көшелер атын өзгерту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық Явленка селолық округі әкімінің 2008 жылғы 14 наурыздағы №14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 сәуірдегі
№ 13-6-86 тіркеу
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Ренспубликасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»Заңының 14 бабының 4- тармағына сәйкесті Явленка селосы тұрғындарының ойларын жүзеге асыра отырып,шешім қабылдаймын:
1.Индустриальная көшесінің аты атақты қоғам және мемлекет қайраткері Жылғара Байтоқин атына өзгертілсін.
2.шешім бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Әкім: О. Шарапиденов.
Дейтұрғанмен де, Жылғараны есте қалдыру шараларында насихат жағы тапшы. Аталған тұлғаға қатысты материалдар біршама бар болғанымен жас буын санасына жеткізу жайы жеткіліксіз деп ойлаймын.Мектеп оқулықтарында бұл тұлға туралы ешқандай мәліметтер жоқ. Құқық тарихында ұлы дала заңдарымен өмір сүріп, билік құрған,сол билік арқылы «дуалы ауыз» тұлға атанып,әділдікпен аты шыққан тұлғаларымыз сирек.Жылғара заседательдік қызмет атқара жүріп,ел ішіндегі шешуі қиын күрделі мәселелерге қаймықпай араласқан. Тілі басқа,діні басқа адамдар талауына түскен елдің шашауын шығармай «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» қалың елді соңынан ерте білген қоғам қайраткері деп тануға тұрарлық тұлға.Жылғараның алғашқы мақтанышы – байлығы, одан соңғысы азды-көпті сауаттылығы, ақылдылығы, құдай берген бармақтай бақыты. Жылғараның дәрежесі, қазақ тарихының құқығындағы атқарған қызметінің маңыздылығы қай қырынан қарасақ та ерекше деп есептеймін.
Қорытынды.
Менің зерттеу тақырыбымның өзекті мәселесі- XIX ғасырдың жаңғырығы іспеттес Орта жүзде, Солтүстік Қазақстан жерінде аты шыққан, би болыс, аға сұлтан әйгілі Жылғара Байтоқиннің патшалық Ресейдің отарлау кезінде елге қорған, ел басшысы, тарихи тұлға болғандығын көрсету болатын. Атақты атамыздың бейнесінің бұған дейін өз бағасын ала алмай келгендігін қазақ тарихының олқылығы деп танып, көпшілікке кеңінен танытуға арнадым. Өткенді білу, ел мен жерді басқарған, сақтаған, қорғаған қасиетті бабаларымыздың рухына бас ию, еске алу, керек десе оларды қайта түлету бүгінгі ұрпақтың парызы. Жыландай жылжып жатқан жылдар, ғарыштап өтіп жатқан ғасырлар бар. Әр ғасырдың өз айғағы, өз шежіресі қалады, оның бәрі есте сақтала бермейді, егер олар қағаз бетінде айғақталмаса. Мәселен ХҮІІІ және ХХ ғасырларда есте қаларлық қанды уақиғалар болды, бірі жоңғарлар шапқыншылығы, екіншісі қуғын-сүргін құрбандары. Арасындағы ХІХ ғасыр ондай болмағанымен елеулі, ірі саяси және әлеуметтік оқиғаларға толы еді. Қазақ елінің тағдыры, келешегі сол ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген атақты Абылайханмен байланысты. Өйткені өзінің батырлығымен, ақылдылығымен елімізді, жерімізді аман-есен сақтап қалған осы хан Абылай және оның үзенгілес, қанды балақ жолдастары – батырлары болатын. Ғылыми жобама кейіпкер болып отырған Жылғара Байтоқинұлы Абылайханның немересі Ғұбайдолла Уәлихановпен тұстас-замандас, қызметтес болған екен. Бірақ бұл кезде хандық билік жойылып, патша үкіметінің үстемдігі өз күшіне мықтап еніп, бодан болған елді басқарудың жаңа жүйесі – үлкен реформаның басталғаны белгілі. Дәл осы кезде Жылғара Байтоқинның Солтүстік өңірде аты шыға бастаған. Жылғараның алғашқы мақтанышы – байлығы, одан соңғысы азды-көпті сауаттылығы, ақылдылығы, құдай берген бармақтай бақыты. Ал, Жылғараның әкесі Байтоқа би Абылаймен сыбайлас, Уәлиді хан көтерген беделді адамдардың бірі болған. Байтоқа Жолдыбаев 1770 жылдары Құлсары сияқты батырлармен ел ағасы ретінде аты қатар аталып жүрген. Тарихи мұрағат деректерінде Жылғараның дәрежесі қай қырынан қарасақ та ерекше екендігіне күмән жоқ. Байтоқамен бірге туысқан Қаратоқа би де кезінде Уәли ханның елшісі болып қызмет атқарған. Байтоқа мен Қаратоқаның аттары Арқа жерінде кең тараса, солардың ұрпақтары Жылғара мен Шопанның да дәрежелері олардан еш кем болмапты, қайта асып түскен екен. Шопан Думаға заседательдікке сайланады. Жылғараның балалары Мұса аға сұлтан, штапс-капитан болды, Әлібек батыр атанып, әйгілі Ақан серінің сенімді серігі және қамқоршысы болған. Уәлидің баласы, Шоқанның әкесі Шыңғыс Мұсамен замандас, аға сұлтандыққа екеуі қатар «таласып», «тартысып» жүрген. Жылғара жөнінде ел аузында қалған аңыз- әңгімелер баршылық. Бірақ ауыздан-ауызға, елден-елге тараған дүниенің кемшілігі де болмай қоймайтыны белгілі. Асыра айту, бұрмалап айту да кездесетіні рас.Менің осы жоба негізінде жасар ұсынысым: Қазақ хандығының 550 жылдық тарихында орны бар,заседатель ретінде заңгер деп танып, қара халықтың қамқоршысы атанған Жылғара туралы басылым беттеріне мақала жариялап, жинақ топтама шығару.Мүмкіндігіне орай ұрпақтарымен байланысу.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Тайшыбай З. «Ғасырлар қойнауындағы қазынамыз»,Солтүстік Қазақстан, 2012. — 20 қазан, lib.nkzu.kz›Library/Librarykz/pechat/p365.htm
2.Дүйсенбі Қ. «Қазыналы қарттың айтқандары», Руханият бөлімі,
Петропавл қаласы.
3.Қадірәліұлы Ғ. «Жылғара Байтоқин» (Тарихи-танымдық шығарма) Петропавл қаласы – 2004,
4.Қадірәліұлы Ғ. «Жылғара Байтоқин». Зерттеулер (архив деректері және ел аузында қалған сөз). — Алматы, «Арыс» -2004 ж.-104 бет.
5.Мұқанов С,Жұмабаев Қ. «Бір әулеттің тарихы»» , 31 бет.
- Тасболатов А. «Есімдері ел есінде» жинақ топтама,
archive-kz.com›kz/k/kozhalar.kz/2013-05-07.
7.Сүлеймен М. «Қазақ сұлтандары» ғаламтор мәліметі.