Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы
№ 39 «Қызылөзек» орта мектебі
Абуова Меруерт Ержановна
География пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның өзендері, оның бөліктері, өзен суының шығыны, жылдық ағыны, қоректенуімен танысу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, ой-өрісін дамыту, картаны, сызбанұсқаларды, мәліметтерді, кестелерді талдауға, суды ұқыпты үнеммен пайдалануға тәрбиелеу
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Су- пәктік кепілі денсаулықтың
О, баста тіршілік боп судан шықтың
Бұлақ, көл, өзен, теңіз, мұхиттардың
Молдықтан, қасиетін келмейді ұққың.
Бомбаңды терең суда сынауың бар.
Сынаған сайын жаным тым ауырар.
Адамдар, әрқашанда жадыңда ұста-
«Судың да, — дейді қазақ – сұрауы бар» дегендей судың қадірін кез келген адам білуі керек. Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар, оны тіршілік нәрі деп түсінген.
Су
сұйық қатты газ
Қазақстанның ішкі сулары
өзендер көлдер жер асты сулары мұздықтар бөгендер мен каналдар |
Қазақстанның өзендері
Өзен алабы дегеніміз не?
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде
7 өзеннің ұзындығы 1000 км-ден асады.
Республиканың барлық өзендері Солтүстік мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына жатады.
1. Солтүстік Мұзды мұхит алабы:
Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен)
2. Ішкі тұйық алап өзендері:
а) Каспий теңізі алабы Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, т.б
ә) Арал теңізі алабына Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас
б) Балқаш алакөл алабына Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
Өзеннің су шығыны дегеніміз — өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Қазақстанның ең суы мол өзені – Ертіс, орташа су шығыны 880 м3/ сек, Сырдарияда – 703 м3/ сек.
Өзеннің жыл бойына ағып шыққан су шығыны жылдық ағын деп аталады.
Өзендердің қоректенуі мен режимі
қар-жаңбыр мұздық аралас
ІІІ. Бекіту
Тапсырмалар:
І «Жұлдызды сәт» ойыны
1. Каспий теңізі алабына қандай өзендер кіреді?
2. Арал теңізі алабы өзендерін ата.
3. Балқаш Алакөл алабының өзендерін ата.
4. Қазақстан аумағында неше өзен бар?
5. Қазақстанның ең ірі өзені?
6. Өзендердің қоректенуіне қарай неше топқа бөлінеді?
ІІ. «Ие-жоқ» ойыны
- Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар? (иә)
- Ертіс, есіл, Тобыл Арал теңізіне барып құяды? (жоқ)
- Каспий теңізі алабына Сырдария өзені жатады. (жоқ)
- Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атаймыз? (иә)
- Елордамыз Есіл өзенінің бойында орналасқан? (иә)
- Сырдария Қазақстан Республикасындағы ең таза өзен? (жоқ)
ІІІ. Адасқан нысанды табу
Батыс Сібір тау
Зайсан қақпасы
Қаратал жазық
Алтай өзен
Торғай көл
Тұран қырат
Жалпы сырт көл
Орал өзен
Лепсі тау
Балқаш Жазық
ІҮ. Берілген сөздердің орнын табу
Тарка – Карта
Нөзе — өзен
Фреасдигор- гидросфера
Қзажы – жазық
Сатбау – бастау
Алас – сала
Су – теңдесі жоқ табиғи байлық, оны ұқыпты пайдалану қажет.
«2030 жылы Қазақстан суы мөлдір, ауасы таза, жасыл желекті, гүлденген ел болады» (Н.Ә.Назарбаев)
ІҮ.Картамен жұмыс. Кескін картаға өзен алаптарын түсіру
Ү. Өзен су туралы мақал мәтелдер айту
ҮІ. Үйге тапсырма: §27 мәтінді оқу. «Су – тіршілік көзі» эссе жазып келу
ҮІІ. Бағалау