Омирова Ардак Амангазиевна
Сабақтың тақырыбы Табиған– ана. Туынды зат есім.
Сілтеме Александер және Мерсер ( 2008ж.), Блум таксономиясы,
Марта Бронсон ( 2002ж.) Өзін-өзі реттеу, Нұсқаулық Кейс стади.
оқулық.
Жалпы мақсаттар Зат есім тақырыбы арқылы тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытып, топтық жұмысқа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері • қызығушылығы оянады;
• топпен жұмыс жасауды үйренеді;
• бірін-бірі тыңдайды;
• топ ережесіне бағынады;
• өзін-өзі реттейді;
• бірін-бірі бағалауды үйренеді;
• тақырыпты меңгеріп, өмірде пайдалануға дағдыланады;
• зат есімнің өзіндік ерекшеліктерін ажыратады;
Негізгі мақсаттар Өзін-өзі реттеу, топпен жұмысқа жұмылдыру,
Өз бетімен білім алуға жетелеу.Зат есімнің мағынасын түсіндіру
Ситуациялық тапсырмалар көмегімен топқа бөлу, топ ережесін құру.Ағаш, гүл түрлері бойынша бөліну.
Ағаш түрлері: емен, терек, қайың, шырша, қарағай.
Гүл түрлері : раушан, бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.
Құстардың түрлері:дуадақ, қырғауыл, тырна, бірқазан.
Білу «Таза болса табиғат-аман болар адамзат»тақырыбындағы
бейнефильмді көру арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын
өздері табады. Сәйкестендіру стратегиясы. Берілген сөздерге керекті жұрнақтарды жалғау.
Адам -тік
биік -лық
парасатты -шылық
мол -дық
адал -шылық
Түсіну 1-топ. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына туынды зат есімдердің жұрнақтарын қойып жазу.
Қазақ… да табиғат байлықтары ормандар мен өсімдіктер, жануарлар мен аң-құстар көп ( стан).
2-топ.Берілген сөздерді құрамына қарай талдау биіктік, қалалық, өмірлік, аңшылық, жеңілдік, ауылшаруашылық.
3-топ. Берілген туынды зат есімдермен сөйлемдер құрастыру.
Тапқырлық, сауаттылық, байлық.
Қолдану
Сөйлем мүшесіне талдау.
1-топ.
Айналадағы дүниеде тіршілікке қажетті жағдайдың бәрі бар.
Судың тазалығын сақтау-негізгі міндеттеріміздің бірі.
2-топ.
Адамзат өзіне қажетті көптегензаттарды, техниканы жасауды
табиғаттан үйренді.
Мен жақсы білім алып, елімнің табиғатын оқып білуім қажет.
3-топ.
Табиғатта ауа райы үздіксіз өзгеріп тұрады.
Өсімдіктерді қорғау, көбейту-әр адамның міндеті.
Сергіту сәті
Талдау Оқулықпен жұмыс. (тапсырма барлық сынып мүшелеріне арналған)
1-тапсырма. Мәтінді оқу, табиғат туралы сұрақ құрастыру.Мазмұнын айтады, ішінен туынды зат есімдерді
теріп, топтар бірін-бірі толықтырады.
2-тапсырма жеке оқушыға арналған. Электрондық оқулықтан деңгейлік тапсырмалар…………………….
Жинақтау
Постермен жұмыс. «Табиғатқа саяхат» постер құру, талдау, қорғау.
Бағалау
критерийлері • топ ережесіне бағынуын
• белсенділігін
• постермен жұмыс жасай алуын
• туынды зат есімнің ерекшеліктерін ажыратуын
• сөйлем мүшелеріне талдауын
• бірін-бірі бағалауын
Келесі тапсырма «Табиғат-Ана» тақырыбына эссе жазу.