Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаткерлігінің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Тәуелсіздік күні — өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы күн.
Тәуелсіздік күні қарсаныңда №1 жалпы білім беретін орта мектебіңдеде мектепішілік әртүрлі іс-шаралар өтуде. Соның бірі оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген «Тәуелсіз елім- Қазақстан» атты мерекелік кешіміз. Мерекелік кеш 8 «Г» сыныбының жетекшісі Абдрахманова Алмагүл Хамаридденқызының ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік кеште бастауыш сыныптардан бастап, жоғарғы сыныптарды да қамтыды. Мерекелік кеште «Тәуелсіздік жолында» атты бейне ролик көрсетілді және мектебіміздің Жас Қырандары 2 «В» сыныбы, 8 «Г» сыныбының Жас Ұландары өлең жырларын оқыды. Сонымен қатар, ән, би, күйлер де үн қосты.Кеш соңында, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері, қазіргі таңда №1 орта мектебіңде директордың оқу –тәрбиесі жөніндегі орынбасары Әбілдаева Жанаргүл Магаданқызы құттықтау сөз сөйлеп, «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім- Қазақстан» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Жазған: Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№1 жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие
бөлімінің меңгерушісі: Бакеева Салтанат Камановна