Қысқа қияр жабудың оңай түрі
(сұрау бойынша қайтып жазып отырмын)
Құрамы: (5 литрлік бөтелке үшін)
Қияр (ұсақ түрі) — 2,5 кг
Петрушка 1 бума
Укроп — 1 бума
Лимон — жартысы
Болгар бұрышы — 2-3 түйір
Сарымсақ 1 бас
Қара бұрыш (үгітілмеген түрі) — 10 — 15 түйір
Тұздығы үшін:
Су — 2,5 литр
Жүзім уксусы — 1,5 стақан (200 мл-лік)
Қант — 1 асқасық
Тұз — 1,5 асқасық
*АЗЫҚ — ТҮЛІКТЕРІҢІЗДІ САТЫП АЛМАС БҰРЫН БӨТЕЛКЕГЕ ҚҰЯТЫН СУЫҢЫЗДЫ ҚАЙНАТЫП, САЛҚЫНДАТЫП ҚОЙЫҢЫЗ!
Алдымен бөтелкемізді тазалап жуып қоямыз, сосын шөптерімізді де жуып, кептіреміз.
бөтелкеміздің түбіне
шөптерімізді, яғни петрушкамен укропты саламыз.
Болгар бұрыштарын да екіге бөліп саламыз.
Қиярларды жуып тазалаймыз, екі жағын кесуге де кеспеуге де болады
Қиярларды салып, лимонды тілімдеп, сарымсақтарды тазалап саламыз,
Қара бұрыш (үгітілмеген түрін) саламыз.
Жүзім уксусы дегенім осы!
уксусқа тұз
қант
су құйып,
тұзы, қанты ерігенше араластырамыз
Бөтелкемізге құйып, қақпағын жауып, салқындау және қараңғы жерге қоямыз.
Нұргүл Хамзинаның фейсбуктегі жазбасынан