Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәнінің мұғалімі
Рахимова Ултуар Кожахановна
Сабақтың тақырыбы: Атмосфера тарауын қайталау
Мақсаты: Атмосфера тақырыбы бойынша алған білім, білік дағдыларын
жүйелеп қорыту.
Білімділік: Атмосфера тарауына талдау жасау, қосымша анықтамалық мәліметтермен және кестелермен жұмыс жүргізу.
Дамытушылық: Танымдық білік дағдыларын, өзіндік Іс – әрекеттерін қалыптастыру, іскерлік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің климат картасы, кестелер
Пәнаралық байланыс: математика, экология, әдебиет
Жаңа сабақ жоспары:
- I. Сұрақтарға жауап беру
- Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?
- Ауа райының құбылыстарын атаңдар.
- Жел дегеніміз не?
- Бұлт қалай түзіледі? Оның түрлерін атаңдар.
- Ауа райы
- Абсолют ылғалдылық
- Атмосфералық қысым
- Атмосфераның ең төменгі қабаты
- Салыстырмалы ылғалдылық
- Климат
- Географиялық терминдер.
Төмендегі ұғым сөздердің анықтамасын айтыңыз.
Бриз, муссон, атмосфера, амплитуда
III. Сандардың мәнін ашу.
0,03%, 21%, 78%, 760 мм, 1 мм, 0-10 балл, 50-55 шақырым, 11 шақырым,
1кг 33 гр
- IV. Геодиктант
- Жерге жарық пен жылу тарататын жұлдыз …
- Жер бетінен әр 100 метр биіктеген сайын температура … төмендейді.
- Ауа температурасын тәулік ішінде … өлшейді.
- Жер шарындағы ең суық ай …
- Аспанда бұлттың торлау дәрежесін … деп атайды.
- Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуын … деп атайды.
- Ауа райының көп жылдық режимін … дейді.
- Жер бетінде ауаның горизонталь бағытта ауысып, қозғалуын … деп атайды.
- Әрбір 10 м-ге көтерілген сайын атмосфералық қысым … төмендейді.
- Салыстырмалы ылғалдылықты … деп аталатын құрал көмегімен өлшейді.
- Географиялық есептер шығару
- Тәуліктік орташа температураны есептеу.
түнгі сағат 1 — де +1° таңғы сағат 7 –де +2°
күндізгі сағат 13- де +10° кешкі сағат 19- де + 3°
2.Тәулік ішіндегі ең жоғары температура +30°С, ең төменгі +20°С болғанда тәуліктік амплитуданы есептеңдер.
Ойланайық ! Салтанат аспанды торлаған бұлттарға қарап, әр нәрсенің бейнесіне ұқсатып отырды. Құрбысы оған телефон соғып, көл маңына серуендеп келуге шақырды. Салтанат барар – бармасын білмей ойланып қалды. Қандай кеңес берер едіңдер? Ауа райы өзгеруі мүмкін бе ?
- Перфокартамен жұмыс
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
А | Гигрометр | |||
Б | Термометр | |||
В | Жауын –шашын өлшеуіш | |||
Г | Барометр | |||
Д | Желбағар |
1.Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді ?
2.Желдің бағыты мен күшін анықтайттын аспап .
3.Атмосфералық қысымды немен өлшейді ?
4.Жауын – шашынды қандай аспаппен өлшейді ?
5.Ылғалдылықты қандай құралмен өлшейді?
Сабақты бекіту:
Сәйкестік тест
- Атмосфера а. Тропосфера
- Озон газы ә . 21 %
- Азот б. Ауа қабаты
- Оттегі в . Стратосфера
- Ауа райы түзіледі г. 78 %
Үйге тапсырма: § 18 – 25 оқу
«Атмосфераның ластануы» туралы шығарма жазу