Басы » Информатика » Future Tense

Future Tense

Жамбыл облысы
Жуалы ауданы
Құтыбаева Айжан

 

Тақырыбы: Future Tense.

Жалпы мақсаты:
  • Ағылшын тілі сабағында грамматика түсіндіру барысында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушыларды үздіксіз жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа үйрету.
  • Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіре отырып, оқушыларда еркін, білімді, арманшыл, сауатты болуға үйрету.

 

Оқyда күтілетін нәтижелер: Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге, сыни тұрғыдан ойлау әрекетін бағалауға үйретеді. Оқушыларға жеке көңіл бөлуді әсер ететін әдіс тәсілдер ретінде суретпен жұмыс істеуге, суретке қарап әңгіме кұрастыруға, тақта алдында қорғауға, еркін сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға, түсінуге болатыны туралы түсінік қалыптастыру.
Дереккөздер: Оқытудағы Кэмбридж тәсілінің теориялық негіздері. Нұсқаулық I-деңгей.
Ресурстар: Постер, маркерлер, түрлі-түсті стикерлер, түрлі-түсті суреттер, А3, А4 қағаздар, үйлестірмелі қағаздар, сурет салынған қағаздар.
Түйінді идеялар. Фото суретппен жұмыс, әңгімелеу, постер қорғау, сурет салу, топтық жұмыс тәсілдері оқушылардың оқыту сапасын арттыру құралы.
Коучинг барысы: Психологиялық ахуал қалыптастыру. Топқа бөлу. Тақырыпқа байланысты кима кағаздардағы суреттер арқылы сыни тұрғыдан ойлай отырып 2 топқа бірігу.     1-топ «Пицца» мен 2-топ «Аррle».Коучингтің тақырыбын негізде:

  • 2 топқа тақырыпқа сәйкес мәтін таратамын, оқуға 3 минут уақыт беремін. Топта оқиды, талқылайды.
  • Тақтаға «Пицца» мен «Аррle inc» суреттерін ілемін, топтар сұрақтарға ауызша жауап береді.
  • Тапсырма беремін. Тапсырмада бірнеше уреттер беріледі. Суретке қарап ырықсыз етіс шақтарын қолданып әңгіме құрастырады. Бір-бірімен байланысы бар әігіме болуы керек. Құрастырғанға және қорғауға 10 минут.
  • Екі топта кезек-кезек ортаға шығып қооғайды.
  • Келесі тапсырма сурет салу. Мұнда мынадай сұрақтар беремін: 1. Қазақша пиццаны калай дайындар едіңіз? 2. «Аррle inc» сияқты Жуалы ауданында қандай компания ашар едіңіз? Уақыт 5-6 минут.
  • Суреттер салынып болған соң, тақта алдында ырықсыз етістің келер шақтағы түрлерін колданып жұмыстарын 2 топ қорғайды. Әр топқа қорғауға 2-3 минут.

 

Бағалау 2 жұлдыз 1 тілекпен топтар бірін –бірі бағалайды. Оқиды, постерге іледі. 2 минут.
Кері байланыс Мені қызықтырған…………..Сабақтан алған әсерім………

Тілек пиццасын жасау 3 минут.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *