Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Дара және күрделі сан есімдер

Дара және күрделі сан есімдер

ds+ОҚО.Шардара ауданы. Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жамелова Гүлнар

 Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік – сан есімнен білім түсініктерін кеңейту. Дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету

Ә) Дамытушылық – есте сақтау және ойлау қабілетін,түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы,оқушыларды білімділікке,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,тіл ерекшелігін дамыту.

Б)Тәрбиелік – оқушылардың бойына салт–дәстүрді сіңіріп,туған халқының өнерін сүюге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Түрі: жаңа материалды меңгерту.

 

Әдісі: Сұрақ – жауап,талдау,топпен жұмыс,тест,ой қозғау,салыстыру,сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

 

Көрнекілік: Оқулық, 6 – сыныпқа арналған электронды оқулық, плакаттар, ноутбук, проектор, суреттер.

 

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, география, әдеп, тарих.

 

Сабақтың барысы.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Амандасу
  • Түгелдеу
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Оқушыларды 4 топқа бөлу

1 Зат есім                                                          3 Сан есім

2 Сын есім                                                         4 Сөз табы

 

Үй тапсырмасын сұрау

   «Жұлдызды сәт»

Зат есім

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Құрамына қарай зат есімдер нешеге бөлінеді?
  • Зат есімді топтастыр

Сын есім

  1. Сын есім дегеніміз не?
  2. Түр – түсін білдіретін сын есімдерді ата?
  3. Сын есімді топтастыр

Сан есім

  1. Сан есім дегеніміз не?
  2. Сан есімдер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
  3. Сан есімді топтастыр

Сөз табы

  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
  2. Сөз таптарын қай сала қарастырады?
  3. Сөз таптарын топтастар

 

Жаңа тапсырма

Ой қозғау

 

  1. Қазақ тілінде әріптің саны нешеу?
  2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
  3. А. Құнанбаевтың неше қарасөзі бар?
  4. 1 аптада неше күн бар?
  5. 1 айда неше күн бар?
  6. 1 сағатта неше минут бар?
  7. Біздің ауылда неше мектеп бар?
  8. Малда неше қабырға болады?
  9. 1 кг ұн мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?
  10. Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да 1 сан есім болады
  11. Әрі әріп, әрі сан есім болатын таңба
  12. Дүние жүзінде неше мұхит бар?
  13. Неше материк бар?

 

Киелі сандарды ата     (3,7,9,40,100)

 

Жұмбақтар

 

  1. Үш көзі бар қаз – қатар,

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен байқасаң,

Үш түрлі нұр шашады.

 

(бағдаршам)

 

  • Екі аяқ пен екі қол

Бір ауыз бен бір тілің

Нешеу болды, қане, бол,

Санап шығар кім бұрын?

(6)

 

Мына алты ақ алма

Нұрбибі мен Жанарға

Үш сарысы Анарға

Қызыл алма Манарға

Қанша сонда бар алма?

(10)

Бір ағаштың он екі бар бұтағы,

Әр бұтақтың отыздан жапырағы.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Ал бір жағы қара екен,

Нені айтар мұның бәрі?

(жыл, ай, күн, түн)

 

Бес бармағы бар,

Тырнақтары жоқ.

(қолғап)

Біз, біз едік, біз едік,

Отыз екі қыз едік.

Бір қамал боп тізілдік,

Бірте – бірте үзілдік.

(тіс)

 

Екі құлағы бар,

Төрт тұяғы бар,

Маңдайында пырағы бар,

Қайнап тұрған бұлағы бар.

(самаурын)

 

Талдау

Фонетикалық, лексикалық, морфалогиялық талдау.

 

Қорытынды.

Тест

Үй тапсырмасы

Бағалау

 

ест

 

Морфология саласы бойынша

  1. Жабық тест

1 Морфология нені зерттейді?

А) Кірме сөздерді зерттейді

ә) сөздің дыбыстық тұлғасын

б) сөз құрамын зерттейді

 

  1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

А) 7

ә) 8

б) 9

 

  1. Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

а) 6       ә) 4     б) 3

 

  1. Сәйкестендіру тесті

1                                                                                 100

2                                                                                23

25                       Күрделі                                      50

40                           Дара                                      1980

112                                                                         2003

53                                                                           7

 

  1. Баламалы тест.

а) мыналар дара сан есімге жата ма?

2, 100, 40, 6

а) ия               ә) жоқ

ә) Күрделі сандар, екі немесе одан да көп түбірдің тіркесінен жасалған сан есімдер,

а) ия               ә) жоқ

  1. Толықтыру тесті

1) төмендегі ережені толықтыр

Сан есім дегеніміз — …

2) Жинақтық сан есімдерді әрі қарай жалғастыр. Біреу ………

  1. Ашық тест.

1) Сан есімдер құрамына қарай ……………….. және ………………… сан есім болып ………………… бөлінеді.

2) екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есімдерді…………………. дейміз.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *