№241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы
«ТАРИХ ҒАСЫРЛАР КУӘСІ» атты интеллектуалды ойын
- Құрметті, оқушылар. Бүгінгі интеллектуалды ойынымыздың тақырыбы «Тарих-ғасырлар куәсі». Бұл ойын қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған сайыс түрінде өткізіледі.
• Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы).
• 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады? (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы).
Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Тарих-ғасырлар куәсі» атты сайысымызды бастайық. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Шындықпа? Жалған ба?»
2-кезең. «Тарихи деректер»
3- кезең. «Тарихи оқиға»
4- кезең. «Тарихи шындық»
5- кезең. «Конверт сұрақ»
6- кезең. Ой толғау.
Ақыл – тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не, қозбайтұғын,- деп бүгінгі сайысымызға 7, 8 «а», 8 «ә», 9 «а», 9 «ә», 10 сынып оқушылары қатысады.
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүл деп жататын
Құштарлықтың толғағы мен толқыны- деп Т. Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс, өмірдің өзі ойын.
Мен сайыстың ережелерімен таныстырып өтейін. Алдарыңда түрлі түсті қағаздар жатыр. Егер қарама – қарсы топ берілген сұрақтың жауабын дұрыс тапты десеңдер, жасыл түсті, жауабы толық емес десеңдер сары түсті көтеріп, жауабын дұрстауға болады. Жауабын дұрыстаған топқа бір ұпай беріледі. Ал берген жауабы дұрыс емес десеңдер қызыл түсті көтересіңдер. Жауабын дұрыс тапқан топқа 2 ұпай беріледі.
Сайысымызды бастамас бұрын әр топ бір – бірлеріне деген ыстық лебіздері мен сәттіліктерін тілесін. Сонымен сайыскерлер,сайысымызды бастаймыз, іске сәт!
1-кезең. «Шындық па? Жалған ба?».
Берілген сұрақтың жауабы дұрыс болса, «шындық» деп жауабын дәлелдейді, ал сұрақтың жауабы дұрыс болмаса «жалған» деп дұрыс жауабын айтып, дәлелдейді.
- ХІҮ-ХҮ ғғ Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан- ғайыр жерді алып жатты. (Жалған. Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға дейінгі кең – байтақ жазық даланы қамытған еді.)
- 1470 жылы Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады. (Шындық. Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан Бұқарға қашып, Созақ пен Сауран қазақ хандығының құрамына кірді.)
- 1582 ж маусым айында Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласының түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқандап, Баба сұлтанды өлтіреді. Тәуекел сұлтанның бұл ісіне ризашылық білдіріп Абдаллах хан Ходжент деген жерді сыйға тартты. (Жалған. Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты.)
- Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсіретіп алды. (Шындық. Кіші жүзді –Әбілқайыр, орта жүзді – Сәмеке, Күшік (Қосмамбет), ұлы жүзді – Жолбарыс басқарды.)
- Орта жүздің де кейбір билеушілерінің өзін қолдай бастағанын аңғарған Әбілқайыр солтүстік аймақтарда көшіп жүрген рулар мен тайпаларға өзінің ұлдарын билеуші етіп тағайындап, Тәуке әулетінен шыққан сұлтандарды биліктен ығыстырды. (Шындық. Осылайша, ХҮІІІ ғ 40-жж басында Әбілқайыр бүкіл қазақ даласына аға хан болуға лайықты дара тұлға ретінде көрінді.)
- Абылай қытайлықтардың сеніміне кіру үшін тіптен өзінің ұлы Әділді қытай билеушісіне аманат етіп жіберді. (Шындық. Мұның өзі Қытайды Түркістан мен Самарқанға жорық жасау ниетінен бас тартқызды.)
- Ресей үкіметі біріккен қазақ мемлекетінің өркендеп дамуына құштарлық таныта қоймаса да 1778 ж 24 мамырында Абылайды Үш жүздің ханы етіп бекітті. (Жалған. Орта жүзге бекітті.)
- Тәуке хан билігінің бір бөлігін өз ұлына беру арқылы өз ұлын мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. (Жалған. Билерге беру арқылы «Билер кеңесінің» құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды.)
- Тәуке ханның алдына қойған мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды. (Шындық. Хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оңашалануын тоқтату, халықты біріктіру үшін көптеген іс – шараларды іске асырады.)
- Абылайдың үш арманы: 1. Елдің жағдайын жақсарту арқылы беделін көтеру; 2. Ұлдарын билікке тарту; 3. Жоңғарларды жеңу. (Жалған. 1. Жоңғарлардың тұтқынында емес, ұрыс алаңында өлу; 2. Үйленіп артында ұрпақ қалдыру; 3. Қазақ елінің басын біріктіру.)
2-кезең. «Тарихи деректер».
Барлық топтарға ортақ сұрақтар беріледі. Жауап беруге қиналса, көмек сұрай алады. Көмек алған жағдайда бір ұпайлары кемиді.
1-сұрақ: Қазақтар, олар дүниежүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған кім?
Көмек: Өзбек ұлысында үш халықтың өмір сүргенін айтқан ХҮ ғ өмір сүрген тарихшы
Жауабы: Фазаллах ибн Рузбихан.
2-сұрақ: Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жер Қозыбасы мен шу аумағы болғандығын хабарлаған кім?
Көмек: Қазақстан жайлы құнды деректер қалдырған халқымыздың тұңғыш ғұлама, көрнекті тарихшысы.
Жауабы: Мұхаммед Хайдар Дулати
3-сұрақ: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасымхан еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысына билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім болған»,- деп жазған кім?
Көмек: Орта ғасырда 1530-1605 жж өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы.
Жауабы: Қадырғали Жалаири
4-сұрақ: Есімханның 1620 ж ойраттарды жеңуіне өзінің үлесін қосқан және өз алдына тәуелсіз хандық құрмақ болған Тұрсын ханның бүлігін басуға көмек көрсеткен жырау кім?
Көмек: ХҮІ ғ соңғы ширегінде ХҮІІ ғ алғашқы ширегінде өмір сүрген алшын руын ертеден билеп келе жатқан атақты рубасыларының әулетінен шыққан жырау.
Жауабы: Жиембет Бортоғашұлы
5-сұрақ: Есімханның ең жақын жорық жырауы. Есім ханға «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жыр арнаған жырау.
Көмек: Бұл жырауда Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысып:
«Ей, қатағанның хан Тұрсын
Кім арамды ант ұрсын…» -деп оны жазалауға Есім ханның келіп тұрғанын хабарлайды.
Жауабы: Марғасқа жырау.
6-сұрақ: Ауыз әдебиетінде қазақ ханы Жәнібекпен бірге болғандығы айтылады. Жәнібекпен Керейдің Жетісуға ауған кезінде халықпен ақылдасып, кеңес құрамғандығын кінәлап,
«Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің»-деп ханды жазғырған кім?
Көмек: ХҮ ғ Қазақ хандығы құрылған кезде Қотан ақын, Қазтуған Сүйіншіұлы есімдерімен қатар оның есімі белгілі болды.
Жауабы: Асан қайғы.
3-кезең. «Тарихи оқиға».
Әр топқа әр түрлі оқиға беріледі. Сол оқиғаны алгоритм бойынша анықтама құрайды. (Яғни, уақыты, тарихи адамдар, себептері, фактілері және оның салдары)
- Орбұлақ шайқасы
Уақыты- 1643жылы
Тарихи адамдар – жоңғар ханы Батыр, Жәңгірдің хан, Жалаңтөс батыр.
Себептері – Жоңғарлар қазақ жеріне баса көктеп кіреді.
Фактілері — жоңғарлардың әскер саны – 50 мың, оған қарсы тұрған Жәнібек ханның әскер саны 600 адам. Алғашқы шайқаста жоңғарлар 10 мың әскерінен айрылады ал екінші соғыста көмек келіп жоңғарларды толық жеңеді.
Салдары- Жоңғар әскерін ойсырата жеңіп, қазақ жерін жоңғарлардан азат етеді.
- Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама.
Уақыты- 1723 – 25
Тарихи адамдар – Тәуке хан, швед шебері Ренат, тарихшы Алексей Левшин
Себептері – 1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады
Фактілері — Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан.
Салдары- Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды
- Аңырақай шайқасы
Уақыты- 1729 ж., кей деректерде 1730 ж.
Тарихи адамдар – Әбілқайыр хан Жолбарыс хан, Төле би, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Тама Есет, Шекті Тайлақ Саурық батыр, Шапырашты Наурызбай
Себептері – Жоңғар шабуылына тойтарыс беру
Фактілері — Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды
Салдары- Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.
- Бұланты шайқасы
Уақыты- 1727 ж.
Тарихи адамдар – Әбілқайыр хан
Себептері – Қазақ жасақтарының жоңғар әскеріне қарсы шайқас.
Фактілері — Ордабасы жиынында біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланды. Бұл жоңғарларға қарсы ұйымдасқан шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды
Салдары- Нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шұбар теңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Ол тарихқа Бұланты шайқасы деген атпен енді. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарларҰлытауға жеткізбей тоқтатылды. Сол жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе «Қалмаққырылған» атанды.
- Шаңды жорық
Уақыты- 1771 ж
Тарихи адамдар – Абылай хан, Нұралы хан
Себептері – 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 – 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді.
Фактілері — Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды
Салдары- Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандырды.
- Қатаған қырғыны.
Уақыты- 1627 ж
Тарихи адамдар – Есім хан, Тұсын хан, Марғасқа жырау
Себептері – Тұрсын ханның Түркістанды шабуы
Фактілері — «Ей, Қатағанның ханы Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің, қасқырсың,
Қара албасты басқырсың
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы кеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!»
Салдары- Есім хан бүлікші бауыры Тұрсын ханның басын алды. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатынасқан Қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі. Шығыс Түркістандағы Қатаған руы жазаланудан қашып, ұйғыр халқының арасына барып паналады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» деп аталды.
4- кезең. «Тарихи хронология». Әр топқа Қазақ хандарының аттары жасырылып беріледі. Сол аталған ханды тауып, берілген оқиғалардың жылдарын сәйкестендіреді.
- Сұрақ: Есім ханның немересі, Салқам Жәңгірдің баласы қазақ халқының мықты тұғыры биік бір орталыққа бағынған мемлекет болуына мол қажыр — қайратын жұмсаған хан кім? (Тәуке хан)
Оқиға | Уақыты | |
|
А.1681-1685 жж | |
|
Ә. 1718 ж (1715ж) | |
|
3.А | Б. 1680 ж |
|
|
В. 1694 ж |
- Сұрақ: Тәуекел хан қайтыс болған соң, інісі мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Ол хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. Бұл хан кім? (Есім хан)
Оқиға | Уақыты | |
|
А. 1611 ж | |
|
Ә.1627 ж | |
|
Б.1628 ж | |
|
В.1598 ж |
- Сұрақ: Қасым ханның баласы, олхантұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Ол қазақ хандығын 42 жыл биледі. Бұл хан кім? ( Хақназар хан)
Оқиға | Уақыты | |
|
А. 1538 ж | |
|
Ә. 1580 ж | |
|
Б. 1570 ж | |
|
В.1579 ж |
- Сұрақ: Қазақ хандығының ханы Жәнібек ханныңұлы. Тарихта оның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде ол ХҮ ғасырдың70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл хан кім? (Қасым хан)
Оқиға | Уақыты | |
|
А.1518 ж (1523 ж) | |
|
Ә. 1514 ж | |
|
Б. 1511 ж | |
|
В. ХҮІ ғ басы |
- Сұрақ: Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошыхан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есімхан, Салқам Жәңгір хан. Бұл хан кім? (Абылай хан)
Оқиға | Уақыты | |
|
А.1762 ж | |
|
Ә.1781 ж | |
|
Б. 1711 ж | |
|
В. 1740 ж |
- Сұрақ: Хан, қолбасшы, Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханыболды. Бұл хан кім? (Әбілқайыр хан)
Оқиға | Уақыты | |
|
А. 1680 ж | |
|
Ә.1735 – 1737 жж | |
|
Б. 1748 ж | |
|
В.1731 ж |
5-кезең. «Конверт сұрақ»
Конвертте 4 сұрақтан берілген. сол сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап береді.
1-сұрақ: термин сөздерге қатысты
№1 конверт: 1. Ханталапай дегеніміз не? (Қазақтың ханын сайлаған кезде хан болып сайлайтын адамды ақ киізге отырғызып көтереді. Би – сұлтандар ақ киіздің шетінен ұстап, жиналған жұртты аралайды. Ханды үш рет көтеріп, халық әрбір көтерген сайын «Хан» деп үш рет айғайлайды. Содан кейін жиналған жұрт жапа – тармағай жабылып, ханды көтерген киізді «тәбәрік» етіп бөліп алады және мал – мүлкін де талап алатын болған.)
№2: 1. «Қазақ» сөзінің мағынасы (Академик В. В. Радлов «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады, А. А. Самойлович, Ш. Құдайбердиев «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады, Ш. Ш. Уалиханов «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.)
№3: 1. «Алаш» сөзінің шығуы («Алаш» сөзі шамамен ІХ-Х ғғ аралығында алғаш рет айтылады. Бұл сөз қазақ халқының ұраны болған. Кейбір шежірелерде қазақ атауының орнына да қолданылған. Аңызда Қотан байдың үш ұлы Алашаны хан көтеріп, Үйсіні – Ұлы жүз, Болаты – Орта жүз, Алшыны – Кіші жүз болып еншілерін алып бөлінеді. Бұларға барып қосылған қазақ қауымы «Алаш мыңы» аталады. Содан ел аузында «Атамыз Алаш, атымыз – қазақ, үш жүздің ұрпағымыз» деген сөз қалады.)
№4: 1. «Ақсүйектер» және «қарасүйектер» деген кімдер? (ХҮІ-ХҮІІ ғғ қазақ хандығы халқының құрамы негізгі екі топтан тұрды. Олар ақсүйектер мен қарасүйектер. Екі топтың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық жағынан да айырмашылықтары болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен шығу тегі араб саналатын қожалар ақсүйектерге жататын. Олар қоғамдағы ең ықпалды саяси күш еді. Қазақ қоғамының қалған топтары мен жіктерінің бәрі – әмірлер, бектер, билер, батырлар қарасүйектерге жатты.)
№5: 1. «Билер кеңесі» дегенді қалай түсіндіресіңдер? ( Хан даулы мәселелерді шешуде билер сотының беделін арттырып, оларды кесімді үкім шығаратын ерекше органға айналдырды. Сонымен бірге «Билер кеңесі» бірте – бірте жергілікті атқарушы өкіметке айналды. Үш жүздің басын қосып Қазақ хандығын нығайтуда «Билер кеңесінің» рөлі өте зор болды.)
№6: 1. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер. (1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта. 4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жер дауы.)
2- сұрақ: «Бұл кім?»
№1: 2. 1628 – 1652 жж елді билеген хан. Және ол хан туралы не білесіңдер? (Бұл жылдары Есім ханның баласы Жәңгір отырады. Оның ғұмыры жоңғарларға қарсы күреспен өтті. Қазақ халқы оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады. Орбұлақ шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі. Жәңгірдің жаужүректігі мен тапқырлығы, көрегендігі қазақ халқының мерейін үстем етті.)
№2: 2. 1613 – 1614 жж шамасында өзін хан деп жариялаған кім? Бұл хан туралы не айтасыңдар? (Тұрсын сұлтан – Жалым сұлтанның ұлы. 1598 жылғы хан сайлауда Есімнің жолы үлкен болғандықтан, Тұрсынның таққа таластан қисыны болмады. Тұрсын сұлтан Өзбек хандығына қарсы күресте қазақ әскерлерін бастап, әлденеше рет үлкен жеңістерге жетеді, беделі артады. Көп ұзамай Тұрсын сұлтан 1613 жылы өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды. Өз атынан ақша шығарады. Тұрсын хан Есім ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет серттен тайған.
Өзін хан санаған Тұрсын қарауындағы халықтың күш — қуатына әбден сенім артады. Тұрсын ханның сенімді тірегі саны көп, айбынды Қатаған руы болған. Тұрсынның хандық билікке ұмтылысы Есім ханның билігіне мойынсұнбауы еді. Қазақ хандығы ішінен оңаша отау тігілді. Халық біреу, хан екеу болуы хандықтың бірлігі, ынтымағының бұзылуына жол ашты.)
№3: 2. 1474 – 1511 жж Қазақ хандығын кім биледі? Ол хан туралы не білесіңдер? (Керейдің ұлы Бұрындық биледі. Бұрындық хан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға ерекше күш салды. Алайда ханның ел ішінде беделі болмағандықтан Самарқанға көшіп кетті.)
№4: 2. 1667 – 1764 жж өмір сүрген би. Қазақ хандығында ол бидің алған орны туралы айт. ( Орта жүздің биі Қаз дауысты Қазыбек би. Қазыбек Келдібекұлы талай дауды әділ шешіп, елінің жоғын жоқтап, жұртының бүтіндігін қорғап, еліне елеулі, халқына қалаулы би болған.)
№5: 2. 1580 – 1582 жж ел билеген хан. Ол хан туралы не білесің? (Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580–1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.)
№6: 2. 1663-1756 жж өмір сүрген би. Ол би туралы не айтасың? (Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын «Жеті жарғының» қабылдануына атсалысқан. Ордабасы жиыны кезінде жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы болған. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытқан. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы қыркүйектің 5-інде Абылайды тұтқыннан шығарып алған. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанған. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салған.)
3-сұрақ: қазақ хандығының аумақтық – әкімшілік басқаруы.
№ 1: 3. Қазақ хандығында ауыл қалай басқарылды? (Бұл қазақ халқының ең бірінші қоғамдық басқару жүйесі болып табылады. Бұл ұйым туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құрылады. Ауылды басқаратын адам ауылнай немесе ауылбасы деп аталды.)
№ 2: 3. Қазақ хандығында ата – аймақ қалай басқарылды? (Қазақ хандығының бұл ұйымы бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралады. Ата –аймақты басқаратын адам «ақсақал» деп аталды. Ауылбасылары ақсақалмен кеңесіп, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырды.)
№ 3: 3. Қазақ хандығында ру қалай басқарылды? ( Ру он немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшыны ру биі немесе рубасы деп атады. Руға өз қасиетімен, не аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік етті. Рубасы ақсақалдарды жиып алып, оларға ақыл – кеңес берді, жоғарыдан келген жарлықтар мен бұйрықтарды орындатып отырды.)
№4: 3. Қазақ хандығында ұлыс қалай басқарылды? (Ұлыс бірнеше рудан құралды. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік, жағдайда он мыңдық жасақ шығара алды. Ұлыстың бас билігі, сыртқы саясаты және әлеуметтік өмірге басшылық, ұлыс сұлтанның немесе ханның қолында болған. Ұлыс басы хан немес сұлатндар билер кеңесіне сүйенген. Билер ірі – ірі кеңестерде не жиындарда ұлыстың намысын қорғады.)
№5: 3. Қазақ хандығында жүз қалай басқарылды? (Жүз бірнеше ұлыстан құралды. Сондықтан жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі. Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуде ханға көмектесіп, ақыл –кеңес беріп отырған. Жүздің биін ордаби деп атаған.)
№6: 3. Қазақ хандығында хандық қалай басқарылды? (Хандық үш жүзден құралады. Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды. Хан елдің сыртқы саясатын өз қалауымен жүргізді. Ал елдің ішкі өмірінде билер шешпеген даулар мен ұлыс сұлтандары арасындағы жанжалдар бойынша ғана хан алдына барып жүгінетін. Төре тұқымының ішкі әлеуеттік даулары хан алдында шешілген. Ал қара қазақ баласының дауын кез келген төре шеше алған.)
4-сұрақ: Қазақ хандығының құрылуы жөнінде.
№1: 4. Қазақтың халық болып қалыптасуына әсер еткен жағдайлар. (Қазақ халқының құрамына негізгі екі этникалық топтың енуі. Олар: Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы. Бұл этникалық топтың құрамындағы қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат, маңғыт, жалайыр, тағы басқа қазақ және өзбек рулары мен тайпаларының өкілдері ХҮғ алғашқы кезінен-ақ Түркістан аймағында өмір сүрді. Міне, осы негізгі екі топтың бірігуінің нәтижесінде қазақ халқы құрылды.)
№2: 4. Қазақ мемлекетінің құрылуының қандай тарихи маңызы болды? (1-шіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген, ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды. 2-шіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси – әкімшілік жүйесі құрылды. 3-шіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті. 4-шіден, өзін қоршап жатқан үлкеді – кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым – қатынас орнатты. 5-шіден, әлеуметтік – экономикалық және мәдени жағынан өзіндік салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.)
№3: 4. Ханның құқықтары мен міндеттері қандай болды? (Құқығы: 1. Хан өзінің жерінде билік жүргізуге құқылы. 2. Соғыс жариялау, не бітім жасауға құқылы болды. 3. Хан өзге мемлекеттермен жоғары дәрежеде келіссөздер жүргізе алады. 4. «Жеті жарғы» құқықтық заңда көрсетілгендей ханның қылмыскерді өлтіруге немесе қалдыру құқығы болды. 5. Ханның елдің ішкі – сыртқы өмірін реттейтін заңдар мен бұйрықтар шығаруға құқы болды. Міндеті: 1. Елін, жерін сыртқы жаудан қорғауға міндетті. 2. Әскери қолбасшылық етуге міндетті. 3. Сыртқы саясатта ешкімге тәуелсіз дербес бағыт ұстанды. 4. Қоғамдық құрылыс пен тәртіпті сақтауға міндетті болды.)
№4: 4. Моғолстан ханы Есен – бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды? (Есенбұға хан, сондай –ақ ХҮ ғ басында Жетісу мен Моғолстанның басқа да аудандарын мазалай бастаған ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.)
№5: 4. Жаңа шаңырақ көтерген қазақ хандығы өз алдына қандай тарихи міндеттер қойды? (1. Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру; 2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату: 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын кеңейту.)
№6: 4. Хақназар хан Өзбек ханы ІІ Абдаллахпен және Баба сұлтанмен екі жақты «Достық одақ» құруда не мақсатты көздеді? (Хақназар хан ертеден жауласып келе жатқан Шайбани хан әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды. Ташкент қаласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты. Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектер арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей түсті. Бұл саясат Қазақ хандығының ішкі – сыртқы жағдайын жақсартуға, шаруашылықтың оңалуына, өркендеп өсуіне тиімді әсер етті.)
6-кезең. Ой толғау. «Егер де мен хан болсам…»
«Егер де мен би болсам…»
«Егер де мен сұлтан болсам…»
Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін Асылай апайға береміз.
Жеңген топтар анықталып, марапатталады.
ТОПТАРДЫ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
№ | Кезеңдері | 7 | 8 «а» | 8 «ә» | 9 «а» | 9 «ә» | 10 |
1 | Шындық па? Жалған ба? | ||||||
2 | Тарихи деректер | ||||||
3 | Тарихи оқиға | ||||||
4 | Тарихи шындық | ||||||
5 | Конверт сұрақ | ||||||
6 | Ой толғау | ||||||
Қорытынды ұпайы |
Бағалау критериі:
- Дұрыс жауапқа — 3 ұпай
- Толық емес жауап – 2 ұпай
- Дұрыс емес жауап – 1 ұпай
- Мүлдем жауап жоқ – 0 ұпай.
ЕСКЕРТУ:
Қарсы топтар берілген жауапты мұқият тыңдап, жауабы дұрыс болса алдарындағы жасыл түсті, толық емес болса сары түсті, жауап дұрыс болмаса қызыл түсті көтеру арқылы, бір – бірлерін бағалап, толық емес жауапты толықтырып, дұрыс емес жауапты дұрыстап отыру керек.
Егер бір топ жауабын толық бермеген жағдайда екінші топ толықтыратын болса, алдарындағы сары түсті қағазды көтерген жағдайда ғана толықтырған топқа 1 ұпай қосылады.
Егер бір топ жауабын дұрыс айта алмаса, басқа топ дұрыс жауабын айтса дұрыс жауабын айтқан топқа алдарындағы қызыл түсті қағазды көтерген жағдайда ғана 2 ұпай беріледі.
Кері байланыс парағы
- Біздің топ үшін сәтті болды:____________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
- Біздің топ үшін қиын болды: ____________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- Біздің топтың айтары: _________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
« » сынып. Топ мүшелері: __________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
Бағалау критериі:
- Дұрыс жауапқа — 3 ұпай
- Толық емес жауап – 2 ұпай
- Дұрыс емес жауап – 1 ұпай
- Мүлдем жауап жоқ – 0 ұпай.
ЕСКЕРТУ:
Қарсы топтар берілген жауапты мұқият тыңдап, жауабы дұрыс болса алдарындағы жасыл түсті, толық емес болса сары түсті, жауап дұрыс болмаса қызыл түсті көтеру арқылы, бір – бірлерін бағалап, толық емес жауапты толықтырып, дұрыс емес жауапты дұрыстап отыру керек.
Егер бір топ жауабын толық бермеген жағдайда екінші топ толықтыратын болса, алдарындағы сары түсті қағазды көтерген жағдайда ғана толықтырған топқа 1 ұпай қосылады.
Егер бір топ жауабын дұрыс айта алмаса, басқа топ дұрыс жауабын айтса дұрыс жауабын айтқан топқа алдарындағы қызыл түсті қағазды көтерген жағдайда ғана 2 ұпай беріледі.
Алгаритм құру.
Берілген тақырыптың аты: «__________________»
Уақыты-
Тарихи адамдар –
Себептері –
Фактілері –
Салдары-