«Жалпы білім беретін типтік мектеп –интернат»КММ
Келисбаева Балжан Усербаевна тәрбиеші
Тақырыбы: Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы
Мақсаты: 1. Отбасы – әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
- Адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
- Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілігін, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, мультимединалық тақта, слайд.
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық жүргізу.
Сөзжұмбақ.
- Түсі нарттай,
Тілін тартпай,
Жолға тартпай,
Қоймайды құрттай.
- Мемлекеттік рәміздің бірі.
- Еңбек құралы.
- Ең жақын адам.
- Уақыт өлшемі.
- Ырыс алды — ….
О | Т | |||||
Т | у
|
|||||
Б | а | л | т | а
|
||
А | н | а | ||||
С | а | ғ | а | т
|
||
Ы | н | т | ы | м | а | қ
|
Сөз жұмбақты шешкенде, қою қара әріппен жазылған тор көзішінде, кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.
ІІ.Кіріспе сөз.
Мұғалім: Балалар, сөзжұмбағымыз шешілгендей бүгін отбасы туралы тақырыпты қозғамақшымыз.
Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы » тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, туған-туыстармен қарым-қатынасы туралы сөз етпекпіз.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.
Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат – міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі.
Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.
Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.
Отбасы- тәрбиенің басты ұясы.
Әке жолы-ұлына мақтаныш. Ананың аялы алақаны-қызына сағыныш.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» Әбунасыр әл Фараби.
«Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты» Н.Ә. Назарбаев.
Сайыс сағаты 7 бөлімнен тұрады.
І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы » топтары өз атына түсініктеме береді.
ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» викториналық сұрақтар.
ІІІ бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу байқауы.
ІV бөлім «Тығырықтан шығу» жағдаяттың сауалдарды шешу.
V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.
VІ бөлім Пікір талас «Сәлем сөздің анасы.»
VІІ бөлім Қорытынды.
І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы » тобы.
— Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді.Кейін әрбір отбасы өздерін танысырады.
ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.
- Балдан тәтті не? ( бала)
- Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
- Балаға кім сыншы? (ата)
- Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
- Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
- Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
- ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? ( 2002ж 8-тамыз)
- Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)
- Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
10.18жасқа толмаған адам ( бала)
- Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
- Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
ІІІ бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» (сурет салу, үй тапсырмасы). Суретті қорғайды.
ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.
- Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
- Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?
- Сенің сабақ лгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?
- Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
- Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?
- Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.
- Атаға қарап — ……………, анаға қарап — ………………
- Ананың көңілі балада, ……………………..
- Ата-ананың қадірін — …………………………..
- атаның баласы болма,……………………….. ( халықтың баласы бол)
- Ұяда не көрсең , ………………………………( ұшқанда соны ілерсің)
- Балалы үй базар, …………………………….( баласыз үй қу мазар)
- ата көрген оқ жонар, ……………………..( ана көрген тон пішер)
- Ананың сүті – бал, …………………………..( баланың тілі – бал)
- Туған үйдің түтіні жылы, …………………………( туған ананың күтімі жылы)
- Анаңа ауыр сөз айтпа, ………………………….( артыңа ауыр жүк артпа)
- ………… – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
- Әке – асқар тау, ………………………..( ана- шалқар көл)
VІ бөлім Пікір талас
Тақырыбы: Қазіргі таңда жастарымыздың батысқа еліктеуі дұрыс па?
І топ: дұрыс емес
ІІ топ: дұрыс
VІІ бөлім «Сәлем-сөздің анасы» деп аталады.
Тәрбие туралы нақыл сөздер сайысы, үй тапсырмасы.
VІІІ бөлім Қортынды.
1-оқушы Нұржанат
Ата-ана алдындағы әдептілік-баланың бармақтай кезінде бойына табиғи дарыған қасиет болуы тиіс. Ата-анасын сыйлау,елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.
2-оқушы Әсет
Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек.
3-оқушы Фархат
Адам жемісін, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашынжақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, арманың орындалады.
4-оқушы Самат
Әдепті, адал ұл-қыздарың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата-аналарың олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
5-оқушы Ратбек
Ата-ананың қадірін білмеген, халқының қадірін білмейді.
6-оқушы Гүлстан
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке-тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана-жарық дүние әкелуші.
7-оқушы Меруерт
О, Ата-анам
Таянышым тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!
8-оқушы Айбол
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейіріміңнен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан
Екеуінің қуанышы тілігі
Әрқашанда бір арнадан табылған.
Қорыту.
Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз.
Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу отбасына берілген тәрбие байланысты болмақ.