Басы » Бастауыш сыныптар » Ел тірегі- білімді ұрпақ

Ел тірегі- білімді ұрпақ

bilШу  ауданы, М.Мәметова атныдағы орта мектебі

Жомарт  Гүлжан  Жомартқызы, бастауыш сынып мұғалімі

 Тақырыбы: Ел тірегі- білімді ұрпақ

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру,қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
Міндеті:

Жас ұрпақтың танымдық көз қарасын, ой — өрсін, дүние танымын кеңейту

Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шындау

Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлерін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрету

Көрнекілігі:

Сабақтың түрі: қорытынды кеш
Сабақтың көрнекілігі:  қима қағаздар, шарлар,
Пәнаралық байланыс:  әдебиеттік оқу, математика,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.

. Кіріспе сөз.

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі жастар — халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой — өрсін кеңейтіп, есте сақтау қаблетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын «Ел тірегі- білімді ұрпақ» сайысымызды бастаймыз.
Ақыл — таңдағанға тозбайтұғұн,
Білім — кен қанша болса азбайтұғұн.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаның аруы не қозбайтұғұн,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларды таныстырып өтейін.
Таныстыру:

1топ-  Жігер    2- топ  Зейін     3- топ Талап

Әр топ  ұраны

«Мен қандай баламын»  әр топ өз атарына сай сөздер айтып шығады

Мен ………………..  баламын

 

Шын жүйріктер сыналады жарыста

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа.

Әділқазы  бағалайды сіздерді

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?

Әділқазы алқаларын сайлап алайық

Сайыс шарты:

1-айналым «Ғажайып жетілік» деп аталады.
Бұл айналымда  логикалық  сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 – ұпай беріледі.
2-айналым «Ұшқыр ой» деп аталады әріптер берілген, оқушылар әріп таңдайды сұрақтың жауабы сол әріптен басталады

 
3 — айналым «Ғажайып сурет» Бұл айналымда құрастырылған бейне көрсетіледі. Геометриялық фигуралардан осы көрген бейнені құрастыру керек. Қай топ бірінші болып құрастырып шықса, сол топ 5ұпайды алады. Жартылай орындаған топ 2 ұпай алады.
4 — айналым «Кім жылдам» Бұл ойында  әр топтарға сөз беріледі. Осы сөздерден бірнеше сөздер құрастыру керек. Әр сөзге 1ұпайдан беріледі.
Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.
5 — айналым «Тапқыр болсаң тауып көр» берілген мақалды жасырын сөздерді тауып мақалды жалғастырады
6 — айналым « Анықтама беру» Бұл айналымда топтарға әдебиеттік оқу пәнінен тапсырма беріледі. Топтар берілген мәтін үзіндісін оқи отырып
Бұл мәтіннің қалай аталатынын және кімнің шығармасы екенін табу керек.

Әр пәннің сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді деп сайысымызды бастаймыз

1-айналым «Ғажайып жетілік»

1-топ
1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,

біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше

үйрек ұшып барады? (3).

  1. Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30 км жүріп өтті. Әр ат  қанша км жүріп өтті.
  2. Әңгіме 16 –шы беттен басталып, 31- ші беттен аяқталады. Әңгіме неше бетке жазылған? (16)
  3. Поезда 14 вагон бар. Ерсін 7- ші вагонға отырды. Оның алдында және оңында  неше вагон бар? (алдында 6, артында 7 )
  4. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күні бір күнде.Бірақ олар құрдас емес неге? (екеуінің жылдары әртүрлі)
  5. Аулада тауықтар мен қозылар жүр. Барлық бастың саны 5, ал аяқтардың саны 14. Аулада неше тауық, неше  қозы  жүр  ( 2 қозы, 3 тауық)
  6. 36 қандай натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (6, 30 , 13, 25,11)

 

2- топ

  1. Ит 2 аяғымен тұрғанда 3 кг, егер ол 4 аяғымен тұрса , салмағы неше кг болады? (3 кг)
  2. Төрт тышқанның құлағы нешеу ? (8)
  3. 4 жұмыртқ 4 минут піседі. 1 жұмыртқа неше минут піседі?
  4. Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр. Еркін оның 4- еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше майшам қалды? (5)
  5. Қорапта 2 қызыл қарындаш және сонша  көк және жасыл қарындаш бар. Қорапта барлығы неше қарындаш бар? (6)
  6. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш

қалады? (5)

  1. . Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?  (50)

 

 

 

 

3- топ 

  1. Аңның екі оң аяғы бар, екі сол аяғы ,  екі алдыңғы аяғы , екі артқы аяғы бар. Аңның барлығы неше аяғы бар? (4)
  2. Аманжол деген есімдегі әріп санын осы сөздегі буын санына  көбейт (7*3= 21)
  3. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі   ағашында  одан 2 алма кем өсіп тұр. Барлығы неше алма өсіп тұр? (10)
  4. Екі түйе 18 л су ішті. Егерде екеуі  суды  тепе-тең ішкен болса, әр түйе қанша литр су ішкен (9л)
  5. Мысық пен балапандардың 7 басы және 20 аяғы бар. Қанша мысық пен балапан бар? (3 мысық, 4 балапан
  6. Аулада 2 қайың  өсіп тұр. Әр қайыңд 2 бұтақтан бар. Әр бұтақта 2 алмадан өсіп тұр. Барлығы неше алма өсіп тұр? ( қайыңда алма өспейді)
  7. Он саяхатшы  неміс және ағылшын тілінде сөйлейді. Олардың алтауы неміс, ал жетеуі ағылшын тілінде сөйлей алады (3)

 

2-айналым «Ұшқыр ой

Қызыл конверт

А- Желтоқсан оқиғасы қай қалада болды? (Алматы)

Ә- үй құсы( әтеш)

Б- Суда өмір сүретін тіршілік иесі (балық)

Г- машина тұрағы (гараж)

Ғ- Тоқтар Әубікіров кім? ( ғарышкер)

Д- Бізді ауырғанда емдейтін адам ( дәрігер)

Ж- айдалада  ақ отау, аузы мұрны жоқ отау (жұмыртқа)

З- Қазақстандағы көл атауы (Зайсан)

 

Сары конверт

И- Жеті қазынаның бірі(ит)

К- көру мүшесі (көз)

Қ- Мемлекеттік тіл (қазақ тілі)

Л- қышқыл  жеміс (лимон)

М- Пән атауы (математика)

Н-Қасиетті тағам (нан)

П- ең алып жануар (піл)

 

Жасыл конверт

Р- Гүлдің аты (раушан)

С- Уақыт өлшем бірлігі ( сағат)

Т- Төрт түліктің  бірі (түйе)

Ұ- Құстың  үйі (ұя)

Ы-кесе, қасық бұл не? (ыдыс)

Ш- Әнұранның авторы (Шәмші Қалдаяқов)

Х-Сөйлем соңына нүкте қойылатын  қандай сөйлем? (хабарлы)

 

3 — айналым «Ғажайып сурет» Бұл айналымда құрастырылған бейне көрсетіледі. Геометриялық фигуралардан осы көрген бейнені құрастыру керек. Қай топ бірінші болып құрастырып шықса, сол топ 5ұпайды алады. Жартылай орындаған топ 2 ұпай алады.

 

4 — айналым «Кім жылдам» Бұл ойында  әр топтарға сөз беріледі. Осы сөздерден бірнеше сөздер құрастыру керек. Әр сөзге 1ұпайдан беріледі.Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.
5 — айналым «Тапқыр болсаң тауып көр»

  • Топ
  1. Тіл тас жарады, тас жармаса ……………. (бас жарады)
  2. Бал тамған тілден……….. (у да тамады)
  3. Сөз тапқанға………………. ( қолқа жоқ)
  4. Ине көзінен сынады шешен ……………… (сөзінен сынады)
  5. Қаһарлы сөз қамал …………..(бұзар)
  • Топ
  1. Тіл қылыштан ………….(өткір)
  2. Піл көтермегенді …………….( тіл көтерер)
  3. Аттың атағы, түйенің …………….. …………… (табаны үлкен)
  4. Ашу алдында, ақыл ………….. (соңында)
  5. Басқа пәле ………..(тілден)

3-топ

  1. Сөз сүйектен өтеді, таяқ …………… (еттен өтеді)
  2. Жақсылыққа жақсылық- әр кісінің ісі

Жамандыққа  жақсылық-…………………….( ер кісінің ісі)

3.Жер таусыз болмайды

Халық …………… (хансыз болмайды)

4.Семіздікті   қой   ………. (көтереді)

5.Түйе көп болса, жүк ……………..( сыймас)

 

6 — айналым « Анықтама беру»

1-топ

  1. «Міне менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды»- қай ертегіден үзінді (Байлық пен ақыл)
  2. «Ыстық қой шіркін туған жер! Кім сүймес өз жерін» қай мәтіннен алынған? (Қартқожа)
  3. С.Жүнісовтің « Кімнің мекені жақсы» мәтініндегі өзі салқын, өзі дымқыл, өз көлеңе ненің мекені (құрбақа)
  4. Тентек болсам , ашынып

Жақсы іс қылсам, асырып

Аған сақтап жүреді

Тәттіні де жасырып  қай өлеңнен алынған үзінді  (Әже. Ф.Оңғарсынова)

  1. «Сүт бір күні ұйықтапты

Қатты ұйықтапты

Ұйықтағаны соншалық

Ұйып қапты»  қай ертегіден алынған?  (Сүт қалай ұйықтайды. О.Әубәкіров

 

2- топ

1.Болмасаңда  ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз

Ондай болмақ қайда  деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз……… қай өлеңнен алынған  («Адам болам десеңіз» Абай

  1. «Айыр тілін жалаң- жалаң еткізіп, ысқырғанда өңменіңнен өткізіп, арбап,буып, уытын жиып, торғай сорлыны қылқ еткізгелі тұр екен» қай мәтіннен үзінді («Торғай» Ж.Аймауытов)
  2. «Жар салдыр, — дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын»- қай мәтіннен алынған? (Ертегі «Көктем сәні»
  3. « Ол- ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салған, аса талантты суретші. «Түрксіб», «Мектепке», «Амангелді», «Жас Абай» т.б суреттері бар. Кім туралы айтылып отыр? (Ә.Қастеев)
  4. «Мен сені қраңғы, тар жерден , тұтқындықтан жарыққа шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма?» мәтіннің аты мен авторын ата

(Ы.Алтынсарин «Баланың  айласы»)

 

3-топ

  1. «Ерте- ерте ертеде

Бәлкім одан ерте ме,

Шыбын келіп Араға ……… қандай мысалдан алынға. Аторы кім?

(Ара мен шыбын. О.Әубәкіров)

  1. «Қап мыналардың түн ортасына дейін жүріп алуларн қарашы.Ай, аман болса игі өздері………… қандай мәтіннен алынған? (С.Жүнісов «Түнгі сәуле»)
  2. «Еріншектен- салақтық,

Салақтықтан- надандық

Бірінен –бірі туды ………………  өлең шумағы неден алынған?

(«Еріншек» Ш.Құдайберді)

  1. «Әй, тегіңнен айналайын жануар-ай. Боздай беруші едің. Еліңді сағынып жүр екенсің қой……..  қандай мәтіннен алынған (Туған жердің ыстығы- ай)
  2. «Отырды қарсы алдымда қараторғай

Абыржып, әлденеге көңілі толмай

Торығып неге байғұс отыр,- дедім ……… қандай өлең шуамағынан алынған (Жаралы торғай», Ө.Тұрманжанов)

 

Қорытынды. Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл — парасаты
мол азамат болып өсейік.

Білім деген биік шың,  Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,  Қиындықтан өткізер, — деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс  нәтижесін әділқазылар хабарлайды)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *