Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер, атомдар және молекулалар. Д.И. Менделеевтің период жүйесі Молекулалар және атомдар
Сабақтың мақсаты:Атом, молекула ұғымдарын түсіндіру, зат құрылысының күрделілігі жөнінде түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеті. Атом ұғымымен танысуды жалғастыру. Оқушылардың физика, табиғаттану пәндерінен алған атом, молекула туралы білімдерін одан әрі дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс- тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілік: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі
Пәнаралық байланыс: физика
Сабақтың барысы.
- Үй тапсырмасы тексеріледі. Лабораториялық құрал-жабдықтарды ата. Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау.
- Мұғалім химияға атом ұғымының ену тарихына тоқталады.(М.Ломоносов,С.Канниццаро,Я.Берцелиус, А.Авогадро, Карлсруэ). Оқушылардың физика пәнінен алған білімдеріне сүйенуге болады.
- Мұғалім су электролизін көрсетеді. «Су электролизі кезінде су молекуласы, сутек пен оттек атомдары өзгере ме?» деген мәселені оқушылармен бірге талдайды. Талдау (анализ) ұғымы енгізіледі.
- Оқушылар «Атом деген не, молекула деген не?» деген сұрақтарға жауап береді. Сабақ соңында атом мен молекулаларға мысалдар келтіріледі.
Үйге тапсырма. § 1. 1, 2, 4, 7-жаттығулар.