Алпысбай Баян
Қызылорда облысы Әйтеке би кенті, Қазалы аудандық балалар әуез мектебі «фортепиано» класының оқытушысы
Полифониялық шығармаларды фортепиано аспабында үйрету
Профессионалдық музыканың ең жоғарғы көркем үлгілерін тыңдау әр дайым жанымызға көркемдік сезімін тудырады. Музыка өнерінің көрнекті туындылары мәңгілік өлмейтін әсемдігімен тыңдаушыны өзіне баурап алады. Музыканың танымдық рөлі мынада: ол әдебиет, поэзияның тарих саласындағы біздің білімімізді тереңдете түсуге көмектеседі. Музыканың тәрбиелік маңызы өте үлкен. Музыка шын мәніндегі өнер дәрежесіне көтерілсе жұрттың бәріне түсінікті болады. Шынайы музыка әр адамның жүрегіне тәтті сезім ұялатады. Өйткені ол адамның көңіл күйін әсерлі сезімімен ой пікірін, айналамыздағы өмірдің санаулы құбылыстарын бейнелейді. Олар: прелюдия, токката, ноктюрн және басқалары. Полифония – батыстық құбылыс. Ол XV – XVII ғасырда ерекше дамыған. Солай бола тұрса да, полифониялық стиль әлемдік музыка мәдениетінің орын алып отырған құбылыс. И.С.Бахтың полифониялық шығармалары кейінгі композиторлық мектептерге үлгі болып ХХ-ғасырға дейін «Прелюдия және фуга циклдары» жазылып келгені белгілі. Арнаулы музыкалы аспаптармен орындалған музыка – аспаптық музыка деп аталады. Профессионалдық аспаптық музыканың түрлері көп. Прелюдия аспаптық музыканың өте көне жанрларының бірі, орта ғасырда шыққан. Бұл полифониялық шығарманың фортепиана аспабының негізгі музыкалық репертуарын құрайды. Мұндай шығармалармен жұмыс жасау үшін мұғалімнің музыкалық және теориялық дайындығы болу керек. Алғашқы кезеңнің негізгі мақсаты – шығарманың көркемдік ерекшеліктерін ашып, стильдік құпияларын ұғындыру болып табылады. Шығарма неғұрлым ауқымды болса, оны талдау көп еңбек етуді қажет етеді. Полифониялық шығарманы орындаудың басты бір кезеңі жеке қолдармен жұмыс жасау. Екі немесе үш, төрт дауысты фугалар дауыстары өзара өріліп, бір-бірін толықтырып жатады. Кейде дауыстар түрлі биіктерде кезектесіп туса, көп дауысты құрайды. Осындай сәттер аса ұқыптылықпен таңдалып орындалуы шарт. Аспапта әр дауыстың дер кезінді анық естілуінде қамтамасыз етуіміз керек. Жеке даустардың одан әрі дамуы өзге дауыстармен музыкалық байланысқа түсуі, түрлі динамикалық ерекшеліктерді де орындаушы назарында болуға тиіс. Түрлі дауысты ансамбльін орындау ісі жүзеге асқан соң шығарманың жалпы құрылымы (формасы) оның ішкі бөліктері, композициялық қызметі айқындалып, орындау шеберлігі арқылы ашылуы шарт. Дәл осы тұста орындаушыға көп іздену керек болады. Полифониялық шығарманың күрделілігі олардың құрылымына, кейде аталуына да қатысты болып келеді. Мысалы: «Инвенция» деп аталатын шығарамалар екі, үш дауысты болса, «Фуга» 3-4 дауысты болып келеді. Бұл ретте фуганың тональдық құрылымының атқаратын қызметі зор. Оның экспозиция ортаңғы бөлімінің репризасы дәл осы тональдіктер негізінде анықталады. Мысалы: Экспозиция – Фуга дауыстарының кезек-кезек түсуімен аяқталады. Полифония әлемдік аспаптың музыка тәжірибесінен орын алған жанр. Оны музыкалық білім беретін оқу орындарының барлық сатыларында ойнап игереді. Ондағы мақсат – болашақ орындаушылардың полифония ойнау жұмысын қалыптастыру. Батыс музыкасына тән көркемдік стилімен таныстыру. Олай болса фортепиано аспабында полифониялық шығармаларда игеру ісінін де маңызы зор. Сол шығармалар арқылы біздер болашақ мамандарымызды әлемдік музыка жетістіктерімен таныстырамыз. Полифония музыкалық ойнаудың ерекше түрі. Оның көркемдік ерекшеліктері де дәл осы сипатымен айқындалады.