Басы » Информатика » Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары

Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары

Г. Карибасова, К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мәліметтерді енгізу және шығару операторлары туралы білім негіздерін меңгерту. Оқушылардың Паскаль программалау тілінде сауатты программа құра алатындығын тексеру.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденпаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде  жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шындау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

Пән аралық байланыс: математика, информатика.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. 

  1. Оператор дегеніміз не?

а) Ізделінді нәтижеге жеткізетін ұйғарым;

ә) Белгілі бір шамаларға жүргізілетін амалдарды орындалу жолын көрсететін нұсқау;*

б) Белгілі бір қызмет атқаратын команда.

  1. Меншіктеу командасының жазылуы:

а) “=:”          ә) “:=” *            б) “>=”

  1. 0,000000845 санының экспоненттік түрде дұрыс жазылуы:

а)   8.45E-7*         ә) 0.845E                      б) 0,845E-6

  1. ex функциясының программалық тілде жазылуы:

а) abs(x)              ә) sqr(x)                 б) exp(x)*

  1. Х айнымалысы X:=15; X:=X-10; X:=X2; X :=2*X; X:=X-15 меншіктеу командалар сериясы орындалғаннан кейін қандай мән қабылдайды?

а) X=35 *         ә) X=20           б) X=30

ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгінгі тақырыпты оқушылар өздіктерімен оқулықты және электрондық оқулықты пайдаланып өздері оқып, конспектілеп жазып, бір- бірімен пікір алмасады. Енді тақырыпты қалай меңгергендіктерін білу мақсатында төмендегідей жаттығу тапсырмаларын  орындаттым.

  1. Информатикалық диктант. (көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазу)

Паскаль тілінде мәліметтерді…… және …………, яғни адам мен компьютер арасында мәлімет……..алдын ала анықталған …….., ……..файлдары қолданылады. Енгізілген айнымалылардың мәндері……..немесе……. (сөз тіркесі) типтеріне жатуы мүмкін. Read…..кез келген…….тіркестермен жұмыс атқара алады. Шығарылатын мәндердің түрі…..типі…, олар integer,…….сияқты типтер түрінде береді. Шығарылған ….. бір- бірімен үтір арқылы…. түйінді жай жақша ….. жазылады. Паскаль тілінде … шығару операторы …жаңа жолға … қолданылады.

  1. Жаттығу жұмыстары.

2.1.Енгізу және шығару операторларының сипаттамаларын кестеге жаз.

Оператор Жазылу үлгісі Міндеті, оқылуы Атқаратын қызметі
Read

Read(a1, a2, …,an);

оқу, рид мәліметті енгізу

 

2.2. Мына айнымалылар мәндерін енгізу программасын жазыңдар:

а) A, A2,A3,A4;   ә) х; у.

2.3. Егер X=3, Y=5 болса онда  (X, X+Y) мәндерін экранға шығарғанда, онда қандай мәлімет көрінеді?

2.4. Төменде келтірілген бағдарламаның орындалу нәтижесінде экранға не шығады?

Program Esepte;

Var a, b: integer: c:real;

Begin

A:=SQRT(25)-3;

B:=a*8 mod 5;

C:= b+3.62;

Write (’c=’,c:1:2);

End.

2.5. 25 санын  3 –ке бөлгендегі бүтін бөлігін тап.

  1. Тапсырмалар.

3.1. Бағдарламаны ретімен орналастыр.(y=2x2+5 өрнегін есептейтін программа)

Begin

Y:= 2*sqr(x)+5;

Write (‘y=’, y);

Program Esep;

End.

Readln (x);

Write (‘x sanun engiz’);

Var  x,y: integer;        (Компьютерде теріп жаз, нәтижесін көр)

3.2. Төмендегі өрнектердің мәндерін есептеуге арналған программа құрыңдар.

Y      , (x=0,25);        y  ,   (x=6,5).

3.3. Келесі программаны теріп, орындаңдар:

Program yjrenu;

Begin

Writeln (5*6);

Writeln  (‘Сәлем!’);

End.

Мұның нәтижесі қандай болады? Экранға 30 саны шығу үшін оны қалай өзгертуге болады?

  1. Бекіту.Практикалық жұмыс.

4.1. Қызы 8, ал шешесі 38 жаста болса, қанша жылдан соң шешесі қызынан үш есе үлкен болады?

4.2. V=4/3πr3 формуласы бойынша шардың көлемін есептеу программасының қатесін түзетіп, оны орындап шығыңдар.

Program шардың көлемі;

Const p1=3,14

Var

R:real , v: real

Begin

Writeln( r радиустың мәнін енгіз)

Read r;

V=4/3πr^3

Wirteln;

Writeln(‘шардың көлемі=’, v:8:3)

End.        (r=3.5 болғанда,  шардың көлемі =179.503 тең.)

4.3. Электрондық оқулықтағы мына тапсырмаларды-1,2,3,5,17,20 орындаңдар.

Үйге тапсырма. Енгізу, шығару операторлары, жаттығу: -5 а, б, тапсырмалар: 1, 5,9,12,13. (оқулықтағы)

  1. Қорытындылау. Сонымен бүгінгі сабағымызда оқушылардың барлық жаттығу, тапсырмаларының жауаптарын интерактивті тақтадан өз қателерін жөндеп, өздерін бағалайды, қосымша қай жерден қате жібергендігін мұғалім түсіндіріп, дұрыс қалай орындау тәсілдерін толықтырып айтады. Бүгінгі сабағымызда оқушылар мұғалімнің көмегінсіз өздіктерінен білім алу арқылы еңбектенуге машықтанды. Осылайша оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға жетелеу. Болашақта өзбетімен жұмыс жасауға, еңбектенуге талпынары сөзсіз. Қорыта айтсақ, өзіндік жұмыстар арқылы өз бетімен дами алатын, қиындықтарға төзе білетін, белсенді, білімді, танымдық құзіреттіліктері қалыптасқан жеке тұлға тәрбиеленеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *