« Григорьев мектеп-балабақша кешені» КММ
ІІІ деңгейлі сертефикатталған бастауыш сынып мұғалімі
Умбеталиева Турсынай Рахметоллақызы
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
І тоқсан, І нұсқа
- Алфавиттегі екінші әріпті белгіле ?
А) Ә Ә) А Б) Б
- Әріп дегеніміз не?
А) дыбыстың таңбасы
Ә)дыбыс
Б) дыбыстар тізбегі.
- Жіңішке дауысты дыбыстарды белгіле.
А)а,я,ы,о.
Ә)ә,і,ө,ү,е.
Б)ұ,э,ы,и.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
А)4 Ә)3 Б)2
- Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.
А)ба-лап-ан.
Ә)ба-ла-пан.
Б)бал-апан.
- Тасымалданбайтын сөзді тап.
А)өзен
Ә)қасық
Б)халық
- Сөз дегеніміз не?
А) мағынасы жоқ.
Ә) дауысты дыбыстардан құралады.
Б) дыбыстардан құралады, белгілі бір мағынасы бар.
- Мына сөздердегі и қандай дыбыс? Ки, имек, киім.
А) дауыссыз Ә) дауысты Б) қатаң
- Дұрыс жазылған сөздерді белгіле.
А) қаимақ, қаирақ.
Ә) қаыймақ,қаыйрақ.
Б) қаймақ,қайрақ.
- Көп нүктенің орнына тиісті әріпті белгіле. А…а, қа…ын, …ық.
А)ұ Ә)ү Б)у
- У қай кезде дауысты?
А)Дауыссыздан кейін келсе.
Ә)Дауысты дыбыстан кейін келсе.
Б)Дауысты дыбыстан кейін,сөз басында келсе.
- Дұрыс жазылған сөзді белгіле.
А)тайақ Ә)таяқ Б)тайяқ
- Үнді дауыссыз дыбыстарды тап.
А) б,в,г,ғ,д,ж,з. Ә) л,м,н,ң,р,й,(у). Б) а,о,ә,ұ.
- Дұрыс тасымалданған сөзді тап.
А) тыңайтқ-ыш Ә) ты-ңайтқыш Б) тың- айтқыыш
- Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөзді тап.
А) қызғылт Ә) секірді Б) нағашы
- Сөйлеу не үшін қажет?
А) ойнау үшін Ә) оқу үшін Б) қарым-қатынас жасау үшін
- Дауысты У дыбысын тап.
А) ауыл Ә) қырғауыл Б) сурет
- Хабарлы сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?
А) нүкте Ә) үтір Б) леп белгісі - «Бөлме» деген сөзге қойылатын сұрақты тап
А) Не істеді? Ә) Не? Б) Кім? - Я, Ю қандай дыбыстар?
А) дауыссыз, қатаң Ә) Қосарлы дауысты дыбыс Б) дауысты жіңішке
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
І тоқсан, ІІ нұсқа
- Алфавиттегі соңғы әріпті белгіле ?
А) э Ә) ю Б) я
- Дыбыс дегеніміз не?
А) естілетін үн
Ә) таңба
Б) әріптер тізбегі.
- Жуан дауысты дыбыстарды белгіле.
А). ә,і,ө,ү,е
Ә). а,ұ,ы,о
Б) ү,э,ы,и.
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А)4 Ә)3 Б)2
- Дұрыс жазылған сөзді тап.
А) құлақы Ә) құлағы Б) құлагы
- Тасымалданбайтын сөзді тап.
А) емен
Ә)мектеп
Б) шапан
- Сөйлем дегеніміз не?
А) Аяқталған ойды білдіреді.
Ә) әріптерден құралады
Б) белгілі бір мағынасы бар сөз.
- Мына сөздердегі у қандай дыбыс? қу, суық, ту.
А) жіңішке.
Ә) дауысты
Б) дауыссыз
- Дұрыс жазылған сөзді белгіле.
А) қаимақ
Ә) қаыймақ
Б) қаймақ
- Заттың қимылын білдіретін сөзді көрсет:
А) Ораза, айт
В) Сөз, тіл
С) Айт, сөйле
- У қай кезде дауыссыз?
А)Дауыссыздан кейін келсе.
Ә)Дауысты дыбыстан кейін келсе.
Б) Сөз ортасында келсе
- Қате жазылған сөзді тап.
А) аспазшы
Ә) аспашшы
Б) теңізші
- Үнді дауыссыз дыбыстарды тап.
А) б,в,г,ғ,д,ж,з.
Ә) л,м,н,ң,р,й,(у).
Б) а,о,ә,ұ.
- Дұрыс тасымалданған сөзді тап.
А) сау-ысқан
Ә) са-уысқан
Б) с-ауысқан
- Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) нағашы
Ә) секірді
Б) қызғылт
- Үш буынды сөзді көрсет:
А) ләйлек
Ә) алуан
Б) елік
- Дауыссыз У дыбысын тап.
А) шулы
Ә) ауыл
Б) сурет
- Сұраулы сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?
А) нүкте
Ә) Сұрақ белгісі
Б) леп белгісі
- «шатыр» деген сөзге қойылатын сұрақты тап
А)Не істеді?
Ә) Кім?
Б) Не?
- Қосарлы дауысты дыбысты тап:
А) а,о
Ә) я,ю
Б) ь,ъ
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
ІІ тоқсан, І нұсқа
- Мәтіннің қандай түрлері болады?
А) әңгімелеу,сипаттау,хабарлау
Ә) пайымдау,сипаттау, лепті
Б) әңгімелеу,сипаттау, пайымдау
- Мына сөйлемдер мәтіннің қай түріне жатады?
Темірлан әдепті бала. Ол қара торы, бойы аласа, көзі қысынқы, шашы
бұйра. Мінезі салмақты, тіл алғыш. Сыныпта оқу озаты.
А) әңгімелеу Ә) сипаттау Б) пайымдау
- Сөйлемнің ережесін тап.
А) Сөйлем аяқталған ойды білдіреді
Ә) Сөйлем бірнеше сөздерден құралады.
Б) Сөйлемнен соң тек қана нүкте қойылады.
- Сұраулы сөйлемді тап.
А) Сен сабақ оқы
Ә) Тағы келдің бе
Б) Асан жүрді
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай тексереміз?
А) оқып тексереміз
Ә) сұрақ қойып тексереміз
Б) жазып тексереміз
- 16. Алм…рт
А) у
Ә) ү
Б) ұ
- Түсіп қалған әріпті тап. Ша….сорғыш
А) н
Ә) ң
Б) м
- Сөйлемді белгіле:
А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
Ә) Ұшып кетті.
Б) Жылы жаққа.
- «Бақ» буынның қай түрі?
А) бітеу буын
Ә) тұйық буын
Б) ашық буын
- 10. Жуан айтылған сөзді тап.
А) қарағай
Ә) өркеш
Б) кітап
- «Малға» деген сөзге сұрақ қой.
А) Неге?
Ә) Кімге?
Б) Қайда?
- Тасымалданбайтын сөзді тап.
А) парақ
Ә) шортан
Б) бие
- «Екінші» сөзінің сұрағын тап.
А) Нешінші?
В) Қанша?
С)Неше?
- У дыбысы дауысты дыбыс болатын сөзді тап.
А) тәулік
Ә) уақыт
Б) думан
- И дыбысы жуан айтылатын сөзді тап.
А) жидек
Ә) тиін
Б) тиын
- Тасымалдауға болмайтын сөздерді көрсет:
А) жиын, әнші Ә ) бейім, қуыр Б) адам, қарт
- Қай сөз дұрыс жазылған?
А) клуб
Ә) қаб
Б) талаб
- Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын тап.
А) қ,л,б,й Ә) т,п,с,х Б) м,н,г,к
- Мына сөздерді бір сөзбен қалай айтамыз?
Күнделік, қаламсап, өшіргіш, дәптер, қарындаш
А) Заттар
Ә) Оқу құралдары
Б) Оқулықтар
- Шығарма дегеніміз не?
А) Өз ойыңды жүйелі жеткізу.
Ә) Аяқталған ойды білдіру.
Б) Мәтін мазмұнын жазбаша жеткізу
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
ІІ тоқсан, ІІ нұсқа
1.Мәтін дегеніміз не?
А) Өз ойыңды жүйелі жеткізу
Ә) жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу.
Б) Аяқталған ойды білдіреді
- Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін қалай аталады?
А) әңгімелеу
Ә) пайымдау
Б) сипаттау
- Дұрыс құрылған сөйлемді тап:
А) Су гүлге Айгүл құйды
Ә) Құйды Айгүл су гүлге
Б) Айгүл гүлге су құйды
- Лепті сөйлемді тап.
А) Мен ғалым боламын ба
Ә) Шіркін-ай, ғалым болсам
Б) Мен ғалым боламын
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай табамыз?
А) оқимыз
Ә) сұрақ қоямыз
Б) жазамыз
- 16. Мәтіннің атауы қалай аталады?
А) тақырып Ә) өлең Б) сурет
- Түсіп қалған әріпті тап. Ша…ғы
А) н
Ә) ң
Б) м
- «Г» әрпі сөз соңында жазыла ма?
А) жазылады
Ә) жазылмайды
Б) кейде
- «Шаш» буынның қай түрі?
А) бітеу буын
Ә) тұйық буын
Б) ашық буын
- 10. Жіңішке айтылған сөзді тап.
А) тақия
Ә) өркеш
Б) қарағай
- «Егін» деген сөзге сұрақ қой.
А) Не?
Ә) Кім?
Б) Қай?
- Тасымалданбайтын сөзді тап.
А) бауыр
Ә) әке
Б) нағашы
- «Екі» сөзінің сұрағын тап.
А) Нешінші?
В) Нешеу?
С)Неше?
- У дыбысы дауыссыз дыбыс болатын сөзді тап.
А) ауа
Ә) жуа
Б) тура
- Дұрыс жазылған сөзді тап:
А) ойу Ә) ою Б) ойыу
- Тасымалдауға болмайтын сөздерді көрсет:
А) көрші, әнші Ә ) сиыр, қуыр Б) өмір, әже
- Сөзде «йа» дыбыстары естілгенімен қандай дыбыс жазылады?
А) и Ә) а Б) я
- Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын тап.
А) б,в,г,ғ,д,ж,з
Ә) т,п,с,х,а
Б) м,н,г,о,к
- Мына сөздерді бір сөзбен қалай айтамыз? Алма, алмұрт, шабдалы
А) көкөністер
Ә) жемістер
Б) дақылдар
- Белгілі бір мәтіннің мазмұнын жазбаша түрде баяндау қалай аталады?
А) шығарма
Ә) диктант
Б) Мазмұндама
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
ІІІ тоқсан, І нұсқа
1.Мәндес сөздерді тап-
А) тез, жылдам, шапшаң, лезде
Ә) жақсы-жаман
Б) Жүз жас. Суға жүзді.
- Қосымшаның неше түрі бар?
А) 4 Ә) 2 Б) 3
3. Жұрнақ жалғанған сөзді тап.
А) көлдер
Ә) батырлық
Б) досым
4. Жалғау жалғанған сөзді тап.
А) зейнеткер
Ә) қобызшы
Б) гүлді
5.Түбірге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады?
А) жұрнақ
Ә) жалғау
Б) қосымша
6. Жұрнақ деген не?
А) сөз бен байланыстыратын қосымша
Ә) сөз мағнасынан өзгертетін қосымша
Б) түбір сөзге жалғанатын қосымша
7. Мағынасына қарама – қарсы сөзді тап.
А) ақыл
Ә) әдемі
Б) ұзын, қысқа
- Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
А) қашан? қайда
Ә) кім? Не?
Б) неше? қанша?
9. Зат есімнің көпше түрін тап.
А) өсімдік
Ә) кітап
Б) ағаштар
10. Жалқы есімді тап.
А) құс
Ә) Абай
Б) орман
11. Етістік нені білдіреді?
А) заттың қимылын, іс- әрекетін
Ә) заттың санын, сынын
Б) заттың мөлшерін, көлемін
12. Қарама-қарсы мағыналы сын есімді тап: Қалың-
А) жіңішке
Ә) жұқа
Б) жуан
- Не? деген сұраққа жауап беретін сөзді тап.
А) немере
Ә) кесіртке
Б) балықшы
- Қанша? Неше? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) тәулік Ә) киім Б) отыз алты - Мектеп сөзіне і дыбысын жалғасақ
А) Мектепі
Ә) Мектебі
Б) Мектепы - Түсті білдіретін сын есімді тап.
А) үлкен адам
Ә) қалың ағаш
Б) көк аспан
17. Қатан дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет.
А) к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Ә) б, в, г, ғ, д, ж, з.
Б) л, м, н, ң, р, й, ( у).
18. Етістіктің сұрақтарын тап.
А) қалай? қашан?
Ә) не істеді? қайтті?
Б) кімдер? нелер?
19. Сын есім қай сөз табымен байланысады?
А) етістікпен
Ә) сан есіммен
Б) зат есіммен
- Күрделі етістікті тап.
А) жазды
Ә) көрді
Б) оқып отыр
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
ІІІ тоқсан, ІІ нұсқа
- Қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап-
А) жақсы-жаман
Ә) тез, жылдам, шапшаң, лезде
Б) Жүз жас. Суға жүзді.
- Түбір сөзді тап-
А) балаларға Ә) балалар Б) бала
3. Жалғау жалғанған сөзді тап.
А) мектептің Ә) әнші Б) үй
4. Жалғау деген не?
А) сөздің мағынасын өзгертетін қосымша
Ә) сөз бен сөзді байланыстыратын қасымша
Б) сөздің мағынасын білдіретін қосымша
5. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
А) қашан? қайда
Ә) қандай? қай?
Б) неше? қанша?
6. Зат есімнің жекеше түрін тап.
А) ағаш
Ә) ағаштар
Б) ағалар
- Заттың ретін білдіретін сан есімді тап.
А) он алты
Ә) сегізінші
Б) алтауы
8. Сын есім нені білдіреді?
А) заттың түрін, түсін, сапасын
Ә) заттың қимылын, іс-әрекетін
Б) қимылдың қашан, қайда болғанын
- Төрт буынды сөзді тап.
А) тамақ
Ә) қант
Б) домбырашы
10. Жалпы есімді тап.
А) күз
Ә) Абай
Б) Орал
11. Етістік нені білдіреді?
А) заттың қимылын, іс- әрекетін
Ә) заттың санын, сынын
Б) заттың мөлшерін, көлемін
12. Бес сөзден құралған сөйлемді тап.
А) Біз ауамен дем аламыз.
Ә) Адамға таза ауа өте қажет.
Б) Кітап – білім бұлағы.
13. Кім? деген сұраққа жауап беретін сөзді тап.
А) қой Ә) кесіртке Б) балықшы
- Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) үш Ә) оныншы Б) отыз алты - Кітап сөзіне б дыбысын жалғасақ
А) кітапы
Ә) кітапты
Б) кітабы - Дәмді білдіретін сын есімді тап.
А) ащы бұрыш
Ә) үлкен ағаш
Б) сары күн
17. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет.
А) л, м, н, ң, р, й, ( у).
Ә) б, в, г, ғ, д, ж, з.
Б) к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
18. Сан есімнің сұрақтарын тап.
А) қалай? қашан?
Ә) не істеді? қайтті?
Б) қанша? неше?
19. Етістік қай сөз табымен байланысады?
А) сын есім
Ә) сан есіммен
Б) зат есіммен
- дара етістікті тап.
А) жүгіріп келді
Ә) көрді
Б) оқып отыр
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
ІҮ тоқсан, І нұсқа
- Мына сөздер қай сөз табына жатады? Алты, он екі, жүз
А) етістік
Ә) сын есім
Б) сан есім - Дұрыс байланысқан сан есім мен зат есімді көрсет.
А) үшеу терезе
Ә) екі түйе
Б) қақпаға алтыншы
- Зат есім нені білдіреді?
А) заттың санын
Ә) заттың атын
Б) заттың іс-қимылын
4. Етістікті көрсет:
А) Ораза, айт
Ә) Сөз, тіл
Б) Айт, сөйле
- Қате жазылған сөзді тап.
А) аспазшы
Ә) аспашшы
Б) теңізші
- Мына қатардың ішінен сөйлемді тап.
А) Әсел билейді
Ә) жылады
Б) жануарлардың
- 7. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап
А) Екі бала
Ә) Тұнық су
Б) сегіз жыл
- Есептік сан есімді табыңыз?
А) Төртінші
Ә)біреуі
Б) Алты
- Сөздің одан әрі өзгертуге келмейтін мағынасы бар бөлігі
А) қосымша
Ә) жалғау
Б) түбір
- Көптік жалғауын табыңыз
А) ды,ді
Ә) лар,лер
Б) ым,ім
- Шаян сөзінде неше әріп, неше дыбыс?
А) 4 әріп 4 дыбыс
Ә) 5 әріп 4 дыбыс
Б) 4 әріп 5 дыбыс
12. Түбірге жалғанған бөлік
А) түбір
Ә) қосымша
Б) сөз тіркесі
- Көпше түрде тәуелденген сөз:
А) мысығым
Ә) мысықтар
Б) мысықпын
- І –жақ, тәуелді формадағы зат есімді белгіле:
А) дәптерің
Ә) дәптерім
Б) дәптері
- Барлығы жуан дауысты дыбыс болатын қатарды көрсет.
А) ә,ө,ы,е,и,т
Ә) ә,ө,ү,і
Б) а,о,ұ,ы
- Дауыссыз дыбыстардың түрлерін тап:
А) жуан
Ә) жіңішке
Б) қатаң, ұяң, үнді
17.Сөйлемдерді оқып, лепті сөйлемді көрсет.
А) Ардақ тоғайда құмырсқаның илеуіне кезікті.
Ә) Алақай, жадырап жаз шықты
Б) Мынау не төбешік
18.Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем-
А) Лепті сөйлем
Ә) Хабарлы сөйлем
Б) Сұраулы сөйлем
- Дұрыс жазылған сөзді тап-
А) силық
Ә) сыйлық
Б) сиылық
- «мек-теп» буын түрін ажырат:
А) бітеу буын
Ә) ашық буын
Б) тұйық буын
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
ҮІ тоқсан, ІІ нұсқа
- Мына сөздер қай сөз табына жатады? сұлу, кең, жарық
А) сын есім
Ә) етістік
Б) зат есім - Дұрыс байланысқан сын есім мен зат есімді көрсет.
А) үй терң
Ә) қараңғы қасқыр
Б) сұлу табиғат
- Сын есім нені білдіреді?
А) заттың сынын
Ә) заттың атын
Б) заттың іс-қимылын
4. Сан есімді көрсет:
А) кітап, кітаптар
В) төрт, қырық
С) Айт, сөйле
- Жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді тап.
А) шөптер
Ә) құстар
Б) бәйтерек
- Мына қатардың ішінен сөзді тап.
А) гүлдер өсті
Ә) сәби жылады
Б) жануар
- 7. «Мемлекет» сөзінде неше тасымал
А) 2 тасымал
Ә) 3 тасымал
Б) 4 тасымал
- Реттік сан есімді табыңыз?
А) үшінші
Ә) біреу
Б) алты
- Түбірді тап:
А) дала
В) далаға
С) даладан
- Көптік жалғауын табыңыз
А) ым,ім
В) ды,ді
Б) дар,дер
- «Ою» сөзінде неше әріп, неше дыбыс?
А) 2 әріп 2 дыбыс
Ә) 3 әріп 2 дыбыс
Б) 2 әріп 3 дыбыс
12. Түбірге жалғанған бөлік
А) түбір
Ә) сөз тіркесі
Б) қосымша
- Төрт буынды сөзді тап
А) кітаптар
Ә) көршілер
Б) оқушылар
- ІІІ –жақ, тәуелді формадағы зат есімді белгіле:
А) кітабым
Ә) кітабы
Б) кітабың
- Дауысты дыбыстардың түрлерін тап:
А) жуан, жіңішке
Ә) үнді
Б) қатаң, ұяң
- Барлығы жіңішке дауысты дыбыс болатын қатарды көрсет.
А) ә,ө,ү,і
Ә) ә,ө,ы,е,и,т
Б) а,о,ұ,ы
17.Сөйлемдерді оқып, хабарлы сөйлемді көрсет.
А) Арман өз ісіне өте жауапты.
Ә) Арманның үйі қайда
Б) Шіркін-ай, гүлдерге қарашы
- Сұраулы сөйлем жасайтын қосымшалар-
А) лар, лер, дар, тер
Ә) ба,бе,ма,ме,па,пе
Б) -ның,-нің -дың, -дің
- Дұрыс жазылған сөзді тап-
А) ақу
Ә) ақғу
Б) аққу
- «жаз» буын түрін ажырат:
А) ашық буын
Ә) бітеу буын
Б) тұйық буын
2 сынып оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
Жылдық қорытынды І нұсқа
- И дыбысы жуан естілетін сөзді тап.
А) сақина
Ә) инелік
Б) икем
- Жуан буынды сөзді белгіле.
А) достар
Ә) зергер
Б) пілдер
- Зат есімді тап.
А) тарақ
Ә) семіз
Б) қызыл
- 4. Түбір күйіндегі зат есім.
А) арқан
Ә) балалар
Б) үлкендер
- 5. Етістікті тап ?
А) елу екі
Ә) отырды
Б) әдемі
- Қате жазылған санды белгіле:
А) онүш
Ә) мың
Б) қырық бес
- Жалқы есімді тап:
А) күшік
Ә) Бөрібасар
Б) қала
- Түбір дегеніміз:
А) сөздердің байланысы
Ә) қимылдың атауы
Б) сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігі
- 9. Сын есімді тап.
А) үлкен
А) елу екі
Б) Асқар
- 10. Дара етістікті тап.
А) ағып жатыр
Ә) ағады
Б) бара бер
- Жұрнақ жалғанған сөзді тап-
А) көлге
Ә) көлшік
Б) көлдер
- Көптік жалғауы бар сөздерді көрсет-
А) астық, егін;
Ә) жемістер, көкөністер
Б) мереке, жыл
- Э-қандай дыбыс?
А) дауысты үнді
Ә) дауысты
Б) дауыссыз
- Етістік дегеніміз не?
А) Кім? Не? Деген сұрақтар қойылады
Ә) Заттың қимылын білдіретін сөз табы
Б) Заттың сынын білдіретін сөз табы
- 15. Қатаң дауыссызды белгіле:
А) п,в,р
Ә) ш,щ,ж
Б) ц,ч, щ
- Сөйлеу мәдениеті неге үйретеді?
А) сөзді дұрыс ұғынып , нақты, шебер сөйлеуге
Ә) асығып, қысқа-нұсқа сөйлеуге
Б) ұялып, ештене айталмау
- Мәтіннің жоспары деген не?
А) Әр бөліміне қойылатын ат
Ә) Мәтін тақырыбы
Б) Мәтіндегі негізгі ой
- Дауысты У дыбысын тап-
А) Бау
Ә) ауа
Б) ту
- Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді тап:
А) жуан
Ә) биік
Б) ұзын
- Жалпы есімдер қалай жазылады?
А) бас әріппен
Ә) кіші әріппен
Б) кейде
2 сынып оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
Жылдық қорытынды ІІ нұсқа
1.Й қандай дыбыс?
А) дауысты жуан
Ә) дауыссыз
Б) Дауысты үнді
- Жіңішке буынды сөзді тап.
А) күзгі
Ә) батылдық
Б) қайратты
- Сан есімнің сұрақтары қайсы?
А) Не істеді? Қайтті?
Ә) Қанша? Неше
Б) Кім? Не?
- Күрделі етістікті тап.
А) бақылап тұр
Ә) отырды
Б) ұшты
- 5. Етістіктің сұрақтары қайсы?
А) Кімдер? Нелер?
Ә) Қандай? Қай?
Б) Не істеді? Қайтті?
- Дұрыс жазылған сөзді белгіле:
А) тыйын
Ә) тиін
Б) тійін
- Жалпы есімді тап:
А) Атырау
Ә) Ақтау
Б) қала
- Жалғау дегеніміз:
А) сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігі
Ә) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
Б) сөздің мағынасын өзгертуші бөлігі
- 9. Сан есімді тап.
А) қырау
Ә) сегіз
Б) еріншек
- Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыс-
А) Ю Ә) У Б) В
- Жалғау жалғанған сөзді тап-
А) күйлер
Ә) жылқышы
Б) әнші
- Сыпайы сөзді тап-
А) Сау бол
Ә) Қош келдің
Б) Төрлетіңіз
- Щ-қандай дыбыс?
А) дауысты ұяң
Ә) дауысты, жуан
Б) дауыссыз қатаң
- Сын есім дегеніміз не?
А) Кім? Не? Деген сұрақтар қойылады
Ә) Заттың сынын білдіретін сөз табы
Б) Заттың қимылын білдіретін сөз табы
- 15. Үнді дауыссызды белгіле:
А) п,л,р
Ә) н,щ,б
Б) л,н, р
- «Қалалық» сөзінде неше буын?
А) 3 Ә) 7 Б) 2
- Мәтіннің жоспары деген не?
А) Әр бөліміне қойылатын ат
Ә) Мәтін тақырыбы
Б) Мәтіндегі негізгі ой
- Дауыссыз У дыбысын тап-
А) жусан
Ә) ауыл
Б) ту
- Ашулану сөзіне қарсы мәндес сөзді тап:
А) ренжу
Ә) қуану
Б) серуендеу
- Жалқы есімдерді тап-
А) Ақтау, Орал
Ә) қала, орман
Б) бас, қол
2 сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру барысындағы тест тапсырмаларының кілті.
№ |
І тоқсан | ІІ тоқсан | ІІІ тоқсан | ІҮ тоқсан | Жылдық | |||||
І нұсқа | ІІ нұсқа | І нұсқа | ІІ нұсқа | І нұсқа | ІІ нұсқа | І нұсқа | ІІ нұсқа | І нұсқа | ІІ нұсқа | |
1 | А | Б | Б | Б | А | А | Б | А | А | Ә |
2 | Ә | А | Ә | А | Ә | Б | Ә | Б | А | А |
3 | Ә | Ә | Ә | Б | Ә | А | Ә | А | А | Ә |
4 | Б | Ә | Ә | Ә | Б | Ә | С | В | А | А |
5 | Ә | Ә | Ә | Ә | А | Ә | Ә | Ә | Ә | Б |
6 | А | А | Б | А | Ә | А | А | Б | А | Ә |
7 | Б | А | Ә | Ә | Б | Ә | Ә | А | Ә | Б |
8 | Ә | Ә | А | Ә | Ә | А | Б | А | Б | Ә |
9 | Б | Б | А | А | Б | Б | Б | А | А | Ә |
10 | Б | С | А | Ә | Ә | А | Ә | Б | Ә | Ә |
11 | А | Ә | А | А | А | А | Б | Б | А | А |
12 | Ә | Ә | Б | Ә | Ә | Ә | Ә | Б | Ә | Б |
13 | А | Ә | а | С | Ә | Б | Ә | Б | Ә | Б |
14 | Ә | Ә | Б | А | Б | Ә | Ә | Ә | Ә | Ә |
15 | Б | Б | Б | Ә | Ә | Б | Б | А | Б | Б |
16 | Б | Ә | Б | Б | Б | А | Б | А | А | А |
17 | Б | Ә | А | Б | А | А | Ә | А | А | А |
18 | А | Ә | Ә | А | Ә | Б | Б | Ә | Б | Ә |
19 | Ә | Б | Ә | Ә | Б | Б | Ә | Б | Ә | Ә |
20 | Ә | Ә | Ә | Б | Б | Ә | А | Ә | Ә | А |