ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ (L2) | МЕКТЕП: ФМБ НЗМ Шымкент қаласы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Су туралы не білеміз? Судың құрамы. | МҰҒАЛІМ: Үсен А.М., Құлжаева Б.Ж. | |||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 8 «D» | ОҚУШЫ САНЫ: | КЕЛМЕГЕНДЕР: | ||||||||||||||||||||||
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары | О2 Стильдік ерекшеліктерді анықтау
Т3 Мәтіндегі мәліметтерді түсіну және болжау Ж2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Ресми стильде жазылған жұмыстардың жазба стилін анықтайды.
Мұғалімнің сырттай бақылауымен мәтін, диалог, өлең, әндердегі нақты мәліметтерді (негізгі фактілерді) түсінеді. Жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, ойын әсерлі (тиімді) жазады. |
|||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Диалогқа пайдалы тіркестер:
Менің ойымша….. Мен келісемін… Мен келіспеймін… |
|||||||||||||||||||||||
Алдыңғы тақырып | Су. Су дыбыстары бар музыка. Судың музыкада, әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі | |||||||||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары | Сабақ барысында қамтылатын білім беру құндылықтары:
|
|||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Іс-шаралар | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Қызығушылықты ояту
10 минут |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
Топқа бөлу Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты. Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі сулар азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейінірек құрғақ жерлер көбейіп, суда да, жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жанурларға қатты әсер етіп, қөбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделді. Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған. Табиғат деген сөз жер Ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Осы су сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді?
Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді айқындау; |
|||||||||||||||||||||||
Мағынаны тану кезеңі
10 минут
5 минут
10 минут
5 минут
2 минут
5 минут
8 минут
2 минут
7 минут
8 минут
|
Жаңа сөздерді меңгерту
Сұйықтық – Сұйық зат, сұйытылған нәpсе. Азық – ТАМАҚ, АС, ДӘМ. Қалдық – Бip нәpсенiң қалған бөлегi, саpқыншағы. Оттегі— Дем алу, оттың жануы үшiн ауа құpамына кipетiн химиялық элемент, газ. Зейін – психикалық әрекеттердің айналадағы заттарға құбылыстарға көңіл аударып, тұрақтануы Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді Ағза – дене мүшесі Тіршілік – Күнделікті іс-әрекет, өмір, тірлік. Құндылық – Қымбаттылық, бағалылық. Ластамау – Таза ұстау, былғамау, Ысырап – Шашылып-төгiлуден, қыpсыздықтан болатын зиян, шығын. Сөздіктен оқушылар сөздердің мағыналарын тауып, дәптерлеріне жазады. Түсіндірме сөздікпен жұмыс жасайды. Оқылым алды сұрақтар: 1.Судың адам ағзасына қандай пайдасы бар? 2.Біз тұтынып жүрген тағамдар құрамында су бар ма? «Бос орындары бар әңгіме» Мұғалім жаңа сөздерден мәтін дайындайды. Ондағы кейбір сөздерді алып тастайды. Оқушылар өздеріне таратылған қағаздағы бос орындарды өз беттерінше толтырады. Содан соң мұғалім оқыған кезде, оқушылар жазғандарын тексереді. Су туралы нe білeміз? Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді. Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын.Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі. Иә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі. Сұрақтар: 1.Мәтін қандай стильде жазылған? 2.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмотоның су туралы пікірімен келісесіздер ме? Неге? 3.Судың адам ағзасына қандай пайдасы бар?
5.Табиғи, таза суды үй жағдайында қалай дайындап алуға болады? Жетістік критерийі:
Сергіту сәті:
Тыңдалым. Тыңдалым алды сұрақтар:
Тыңдалым «Судың емдік қасиеттері» тақырыбында бейнежазба көруге ұсынылады.
Сәйкестендіру
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу. Мәселен үнді ғалымдар… арқа… құрысуы секілді аурулар… тек су… дұрыс тұтыну арқылы емдеуге болатынын айтады. Бас сақинасы да ми… су қажеттілігінің белгісі. Тіпті көз… ауруы да сусызданудан орын алады. Ал буындар… шөл қысса, ол артритке апарып соқтырады. Көз бен ми… су жетпесе, бас… сақина… ұстайды. Осындай ауырсынуды басу үшін бірден үш стакан су ішкен жөн.
Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құраңыз. 1.су/1,5- 2/ дені/ литрге/ сау/ абзал/ ересек/ тәулігіне/ тұтынғаны/ жуық/ адамдар/ тәулігіне
Жетістік критерийі:
|
http://www.lugat.kz/
http://kz.zaman.com.tr/kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=53863
https://www.youtube.com/watch?v=Dm4RQsTVvQQ
|
||||||||||||||||||||||
Ой толғаныс кезеңі
5 минут |
Синквейн (бес жолды өлең)Зат есім- не? СуСын есім-қандай? Мөлдір,таза.Етістік –қайтеді? ағады,сарқырайды.Астарлы мағына-нені білдіреді? Мөлдірлікті, тазалық.Синоним – сұйықтық. Бағалау «Бас бармақ»
|
|||||||||||||||||||||||
3 минут | Кері байланыс
Рефлексия. «2 ЖҰЛДЫЗ, 1 ТІЛЕК» Үйге тапсырма: Судың құрамы туралы википедияға қазақша мақала жазып келу. |
|||||||||||||||||||||||
Қосымша мәлімет | ||||||||||||||||||||||||
Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз? | Бағалау – оқушылардың не үйренгенін қалай анықтауды жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланысқа сілтеме
Денсаулық және қауіпсіздік АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемесі |
||||||||||||||||||||||
Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді Нәтижені саралау. Кей жұптар өлең туралы өзгелерден азырақ мәлімет алулары мүмкін.
|
Оқуды қадағалау
Сұрақ — жауап Топтық бағалау
|
Сыныпты топтарға бөлу
АКТ дағдылары егер сынақ онлайн болса, (электронды сөздіктер,үй кітапханасынан өлеңдер) Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-біріне құрмет) |
||||||||||||||||||||||
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?
|
Су туралы нe білeміз?
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір _______________ тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, _______________, ______________, _______________ тасымалдайды, адам ___________ ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ____________ қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.
Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын.Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі.
Иә,_________________ қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем _______________ суды _____________, _______________ етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.
Су туралы нe білeміз?
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір _______________ тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, _______________, ______________, _______________ тасымалдайды, адам ___________ ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ____________ қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.
Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын.Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі.
Иә,_________________ қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем _______________ суды _____________, _______________ етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.
Денеге 20 пайыз судың жетіспеушілігінің өзі адам ағзасы үшін өте қауіпті. Өйткені қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Мәселен үнді ғалымдары арқаның құрысуы секілді ауруларды тек суды дұрыс тұтыну арқылы емдеуге болатынын айтады. Бас сақинасы да миға су қажеттілігінің белгісі. Тіпті көздің ауруы да сусызданудан орын алады. Ал буындарды шөл қысса, ол артритке апарып соқтырады. Көз бен миға су жетпесе, бастың сақинасы ұстайды. Осындай ауырсынуды басу үшін бірден үш стакан су ішкен жөн.
- Қыс мезгілінде көптеген вирустық инфекциялық аурулар жиі кездеседі. Сондықтан осындай организмнің улануы кезінде, іш қатулар кезінде, сосын іш өту сияқты түрлі тамақтан улану кезінде мүмкіндігінше суды үш литрге дейін ішуге рұқсат етіледі.
Дені сау, ересек, адамдар тәулігіне 1,5- 2 литрге жуық су тұтынғаны абзал. Ал сіз бір күнде қанша литр су ішесіз?
Суды тым көп пайдалану да кей жағдайда ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қан қысымы жоғары, бүйрек, зәр шығару жұмысының ауыртпалықтары бар немесе қандай да бір сырқаттары бар кісілерге мүмкіндігінше осы суды бір литрге дейін қабылдауға рұқсат етіледі.
Сонымен дене температурасын тұрақтандыратын, тері жасушаларын ылғалдандырып, әр беретін, ас қорытуды жақсартып, мидың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін суды көбірек пайдаланған абзал. Тек барынша жылы су ішіңіз. Өйткені мұздай су миға қан жеткізу үдерісін қиындатуы мүмкін.
Сұйықтық – Сұйық зат, сұйытылған нәpсе.
Азық – ТАМАҚ, АС, ДӘМ.
Қалдық – Бip нәpсенiң қалған бөлегi, саpқыншағы.
Оттегі— Дем алу, оттың жануы үшiн ауа құpамына кipетiн химиялық элемент, газ.
Зейін – психикалық әрекеттердің айналадағы заттарға құбылыстарға көңіл аударып, тұрақтануы Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді
Ағза – дене мүшесі
Тіршілік – Күнделікті іс-әрекет, өмір, тірлік.
Құндылық – Қымбаттылық, бағалылық.
Ластамау – Таза ұстау, былғамау,
Ысырап – Шашылып-төгiлуден, қыpсыздықтан болатын зиян, шығын.
Сұйықтық | Сұйық зат, сұйытылған нәpсе. |
Азық | Тамақ, ас, дәм |
Қалдық | Бip нәpсенiң қалған бөлегi, саpқыншағы. |
Оттегі | Дем алу, оттың жануы үшiн ауа құpамына кipетiн химиялық элемент, газ. |
Зейін | психикалық әрекеттердің айналадағы заттарға құбылыстарға көңіл аударып, тұрақтануы. Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді |
Ағза | дене мүшесі |
Тіршілік | Күнделікті іс-әрекет, өмір, тірлік. |
Құндылық | Қымбаттылық, бағалылық. |
Ластамау | Таза ұстау, былғамау, |
Ысырап | Шашылып-төгiлуден, қыpсыздықтан болатын зиян, шығын. |