Қ.Жазықов атындағы орта мектеп
Тақырыбы: Әдебиеттік оқу сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Мұстафа Нәзгүл Қабижанқызы
Қазіргі уақытта заманға сай білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілуде. Еліміздің барлық мектептерінде жаңа әдіс тәсілдер бойынша материалдық базалары толығымен қамтамасыз етіліп, білім жүйесінде өзгеріс күннен-күнге жаңартылуда. Білім саласына көп көңіл бөлініп, бүгінгі жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдайлар жасалып жатқаны баршамызға аян. Ал осы келешек ұрпақты оқытып, оларға жаңа әдіс-тәсілдер бойынша сапалы білім беру біздің яғни, мұғалімдердің басты міндеті болып табылады. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының жаңа жүйесі құрылды. Елбасымыз бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуді мақсат етіп қойған болатын. Сондықтан біліктілікті арттыру курстарының мақсаты білім берушілерге зерттеуші мамандардың білім берудегі жаңа жүйесін өз мектебіміздің оқу жүйесіне енгізіп тәжірибеде қолдану. Білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер жеті модульден құралған. Бұл бағдарламаның міндеті мұғалімдерге ұстаздық жолындағы іс-тәжірибесін нығайту мен бағалауға көмек көрсету. Бағдарлама негізінен оқытудың әртүрлі жолдарын қарастырады. Жалпы оқу бағдарламасы 7 модульден тұрады. Соның ішінде мен көбіне әдебиеттік оқу сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын кеңінен қолданам. Жаңа оқыту технологияларының мәні шығармашылық қабілет,дербестік,ізденімпаздықтың дамуы үшін жағдай жасау.
Бүгінгі оқу процесінде жиі қолданып жүрген технологиялардың бірі «сын тұрғысынан ойлау» . Әдебиеттік оқу сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушы тұлғасын қалыптастырудың тиімділігі зор.
Сыни ойлау-ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап,зерттеп,қорытып,өз ойын ортаға жеткізе алуы. Сын тұрғысынан ойлау-өзіндік,жеке ойлау болып табылады. Ол –өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеп ,шешімін табуды керек ететін мәселені анықтау ,әр м әселеге байланысты өз пікірін айту,оны дәлелдей алуын білдіреді.
Әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды,зерттеп,қорытып,өз ойын жеткізеді.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы оқушыларды еркін сөйлеуге , сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізуге мол әсері бар. Сабақ құрылымында балаларға қызығушылықты ояту,ой шақыру , толғаныс сияқты кезеңдері оқушыларды ойлауға жетелеп,қызығушылығын оятып,шығармашылық қабілеттерін арттыруға белсенділікке ынталандыруға болады.
Өзім сабақ беретін 3 сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен үнемі сабақты бастамас бұрын балаларды қызықтыру мақсатында сыни ойлата отырып , әр сабағымды түрлендіріп өткіземін. «Талаптан да,білім мен өнер үйрен» тарауы бойынша Қағаз,Қалам және Сияның айтысы» мысылынөткенде қызығушылықты ояту барысында топтастыру әдісін қолдандым. «Қойшының баласы» ертегісін оқығанда балалар ертегіні өз беттерімен оқып,қойшының баласының келешегін болжап,өз ойларын айтты. Оқулықтағы мәтінді игеру үшін ертегіні 2 бөлімге бөліп бердім. Бірінші қадам бойынша бірінші топ ертегіні топтпрында талқылап, өз ойларын ортаға салды. Ал,екінші топ ертегіні саханалап берді. Үшінші топ ертегіні жалғастырып қойшының баласының болашқта қандай екенін көрсетті. Балалар бұл ертегіні жалғастыруда да қызығушылықпен қатысыты. Қойшының баласы болашақта ғалым болады десе бірі ел басқаратын әкім болады деп өз ойларын айтты.
Сын тұрғысынан ойлау-өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп,талдау жасап отырамыз. Әр сабақта баланың қызығушылығын ояту үшін, сол өткен тақырыпқа байланысты ұйымдастырамын. Ой шақыру,ойын тұжырымдау,қасындағы балалармен пікірлесу,топтасу балаларға өте қызықты өтеді. Сын тұрғысынан ойлау- шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз дамуы деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып,белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
«Ма-лянның сиқырлы қылқаламы» ертегісін оқыған кезде Нұртілек деген оқушым осындай қылқалам болса ғой деп өз арманын жеткізді. Мен оған осындай сиқырлы қаламың болса не істер едің дегенде ауылыма газ әкелер едім,туған жерімді көркейтіп емхана салар едім деді.
Келесі сабағым «мұғалім» өлеңімен танысқанда оқушыларға қызықты сұрақтар қойдым. Балалар қызыға жауап беріп, сабаққа белсенділікпен қатыса білді. Содан кейін сын тұрғысынан ойлату мақсатында тірек сөздер беріп өлең құрастыру тапсырдым. Тапсырма кезінде Аялым деген оқушым ерекше ұстазға деген ықыласын көрсетті.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалануда оқушы алған білімін қолдана отырып,шешім қабылдайды,топпен бөлініп берілген тапсырмалар болса ,өздері дәлелдейді,көрсетеді,бағалайды.
Осындай ойландыратын түрлі тапсырмалар беруде «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдіс –тәсілдерін қолдану кезінде мынадай нәтижеге жетуге болады.
1.Оқушының сабаққа деген белсенділігі артады.
2Мәтінді оқуға қызығушылығы артады.
3.Өз пікірлерін дәлелдей алады.
4.Шығармашылықпен сұрақ қоя біледі.
5.достарының ойын тыңдауға тырысады.
6.Болжам жвасау арқылы,елесі ,қиялы дамиды.
7.Оқушылардың сезімі дамиды.
8.Ұйымшылдыққа үйренеді
Қорыта айтқанда , сын тұрғысынан ойлау технологиясын әдебиеттік оқу сабақтарында пайдалану арқылы оқушылар тапсырманы орындау барысында ізденіп, өз бетінше жұмыс істейді . Мәселелерді шешуге шығармашылық танытып,өз шеберліктерін жете түсінеді.
Білім –биік бәсекенің жарысы
Сыни ойлай –жобаның бұл табысы.
Жас ұрпақтың терең білім алуы-
Тек білімді ұстаздардың дәрісі .