Басы » Tәрбие сағаттары » Тәрбие көзі – салт-дәстүр

Тәрбие көзі – салт-дәстүр

Тәрбие ісінің жөніндегі орынбасары:З.С.Құлманова

Тақырыбы:    Тәрбие көзі – салт-дәстүр  
                               Мақсаты:     
1. Ұлттық салт- дәстүр туралы алған білімдерін, білгендерін тереңдету арқылы халық даналығын ұрпақ санасына сіңіру.
2. Білімді болуға, адамгершілікке, шапшаңдыққа , намысты, жігерлі    болуға тәрбиелеу.
3. Ұлттық тәрбие туралы естерінде қалдыру. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамыту, тәрбиенің ерекшелігін үйрету. Қызығушылығын арттыру.
Түрі:                   аралас
Әдісі:                  сұрақ- жауап, сайыс, топтық жарыс
Көрнекілігі:       компьтер, тасымалдағыш құрылғы, слайдтар, әріптер
жазылған қиықшалар,

                                      Сабақтың барысы
І.   Ұйымдастыру

— Психологиялық дайындық
—  Кіріспе

-Топқа бөлу

ІІ. Негізгі бөлім
1. Дыбыстар сөйлейді  «Сөз тапқанға …. »
2.  Ойлан тап «Тапқыр болсаң  …»
3.  Қолқа салу  «Ойлы болсаң …»
4.  Сөзді жұмбақта  «Шебер болсаң …»
ІII Қорытынды
       1. Сүйінші
2. Бата беру  І.     Қазақтың  салт- дәстүрінде көп мән – мағына бар. « Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Бүгінгі ойынымыздың негізгі тақырыбы сол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты болады. Ойын барысында ойыншыларымыз сол
тұрғыдан білімдерін, білгендерін көрсетеді.
ІІ. Әділ қазылармен таныстыру:
«Тапқыр болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр» -деп кезекті ойыншыларға береміз.
v Топтың аты   «Тұмар»
Тұмар  — молдаларға оқытып ,ұшбұрыштап матаға немесе теріге  тігіп  кішкентай баланың мойнына тағып қоятын нәрсе. Бұл пәле-жаладан, тіл, көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғымнан туған.
Сол заттың атауын ырым  етіп  біз өзіміздің топтың атына қойдық.
v Топтың аты   «Тұлым»
Тұлым – баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш
қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және
ол сәбиге лайықты ғұрып. Біз өз тобымызды сол әдет-ғұрып атауымен атауды
жөн көрдік

ІІІ. Негізгі бөлім

  1. Дыбыстар сөйлейді: Алдымен дыбыстарды таңдап алады.  Оқушылар
    өздеріне тиісті дыбыстан басталатын сөзбен жауап беру керек. Ол   нақты және тапқырлықпен  берілген жауап болу керек


    Д:  1. Киіз үйдің көлемі қандай?
    2.  Қате кетсе не істейсің?
    3.  Досыңның мінезі қандай?
    4.  Тіл үйрену қиын ба?
    5.  Болашақта кім боласың?

Ә:  1. Алфавит неге ауысты?
2.  Киіз басушы кімдер?
3.  Өз бетінше қазақша үйрене
ала ма?
4.  Әнді кімнен үйренесің?
5. Зергерлердің жасаған
бұйымдары?

С:  1.  Қайда тұрасың?
2.  Қалай күлесің?
3.  Туған жеріңді қалай сүйесің?
4.  Сен жақсы көретін
мамандық?
5.  Досың қазақша біле ме?

Т:   1.  Қазақша кітап оқисың ба?
2.  Ән айтасың ба?
3.  Қалай сөйлейсің?

  1. Ұлттық киімдер білесің бе?
    5.  Адамға алдымен не керек?

Ү:   1. Жақсы оқисың ба?
2. Музыка тыңдайсың ба?
3. Білімді кім  береді?
4. Қыз балаға не береді?
5. Жаңалықты қайдан
тыңдайсың?

 Р:   1. Аспаздың жұмысы ұнай ма?
2. Сен қате жазасың ба?
3. Жаңа жылды қайда
тойлайсың?
4. Анаңа не тілейсің?
5. Кітаптарыңды қалай
ұстайсың?

2.Ойлан тап. «Шілдехана»  сөзі екі топқа беріледі. Екі топ белгіленген
уақыт ішінде сөздер құрап шығару керек. Нәтижесінде мағынасына, сөз санына қарай ұпай беріледі.
  3. Қолқа салу—  екі топ  салт-дәстүр бойынша көрніс көосетеді
қояды?
4.Сөзді жұмбақта»  ойыны. Бұл кезеңде  екі топ жүргізушіден сөздер
алып, атын атамай , тек түсіндіру керек.
Алынған сөздер:    бесік, айран, қымыз, бауырсақ, нағашы, немере,  киіз үй, ат жарысы,ән айту

ІҮ.  Қорытынды

  1. Сүйінші. Әділқазылар ұпай санын әр ойын бойынша айтып, жалпы нәтижесін хабарлайды. Жоғарғы ұпай саны – 10, ең кіші ұпай саны – 5. Марапаттау.

Сөз соңы:  Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап жүре беріңіздер!
Рахмет! Сау болыңыздар!

V Рефлексиялық кезең( Оқушылар сабақтан соң стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады)

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *