Басы » Информатика » Ақпаратты түрлендіру.

Ақпаратты түрлендіру.

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
№170 орта мектеп
Мұғалімнің аты — жөні:Қалымбетова Айман Алтынбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты түрлендіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылар дербес компьютердің көмегімен ақпаратты беру, сақтау, ұсыну тәсілдері және қабылданған екілік санау жүйесі мен ASСII кодтарын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың  ой — өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды  рухани — адамгершілікке, жауапкершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, ASCII коды

Сабақтың  түрі: аралас сабақ

Сабақтың  әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, талдау,хабарлау.

Сабақтың  типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  барысы:                     

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1)Сынып оқушыларымен амандасу.

2)Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.

3)Сыныптың тазалығына мән беру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  • Ақпарат деген сөз қандай мағына білдіреді?
  • Адам ақпаратты қалай сақтайды. өңдейді, жеткізе алады?
  • Адам қабылдайтын ақпарат нешеге бөлінеді.?
  • Бейнелі ақпаратқа қандай ақпарат жатады?
  • Таңбалы ақпаратқа қандай ақпарат жатады?
  • Табиғи қатынас тілі мен жасанды қатынас тілінің айырмашылығы не де?

 

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

 

Ақпаратты белгілі — бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады.Екілік  алфабиты 0 және 1  таңбаларымен  ұсынылады. 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын ақпаратты сигналды  бит деп атайды . Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын  кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен, яғни бір  байттың  көмегімен  256 символ  кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.

 

A S C І І  к о д ы

 

Есептеуіш  техникасында ең көп пайдаланатын код – A S C I I  коды — американдық  ақпарат алмасудың стандартты  коды.Кодтау кестеcінің 16 жолы  16 бағаны бар.Кесте екі бөліктен тұрады: стандарты және баламалы.

Стандартты  бөліктегі – бірінші 128  символдар , 0 — ден 127 — ге дейінгі кодтар; Цифрлар, латын алфавитінің  әріптерімен компьютер жумысын  басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі – 128 — ден 255 — ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі  бойынша  кодтауға  болады.

Сигнал дегеніміз — оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал — ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз — сигналадар жіберу деген мағынаны білдіреді.

Сигнал аналогтық (үздіксіз) және дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: температура,ток, кернеу тб жатады.

Сигналды дискретті түрде ұсынғанда — ол сан қатары, алфавит әріптері, музыкалық нота таңбалары, түстер палитрасы және т.б жатады.Ақпаратты кейбір алфавиттің символдары түрінде ұсынуды – кодтау деп, ал кері процесті кері кодтау деп атайды.

Хабардың ақпараттық көлемі деп — хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез — келген ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттық көлемі — бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

                1 байт = 8бит;

                1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;

                1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;

                1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;

№1-тапсырма:Парта, тақта, информатика сөзін A S C I I  кодын пайдаланып кодтандар.

IV.Сабақты  бекіту  сұрақтары:

  • Кодтау мен кері кодтау  дегеніміз не?
  • Бит, байт дегеніміз не?
  • Кодтау кестесі неше бөліктен тұрады?
  • Сигнал дегеніміз не?Ол нешеге бөлінеді?
  • Хабардың ақпараттық көлемі дегеніміз не?
  • Ақпараттың өлшем бірлігі қандай?

V.Үйге тапсырма:Ақпаратты түрлендіру. A S C I I  кодын  пайдаланып «Компьютер» сөзін кодтау.

VI.Бағалау. Оқушылардың біліміне қарай бағалау.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *