ОҚО Созақ ауданы Шолаққорған ауылы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дадашева Гүлстан Рысбекқызы
Жаңа тәсіл жаңаша білім беру мүмкіндігі
Ұлы ғұламалардың тәжірибесіне сүйенетін болсақ, К.Д. Ушинскийдің айтуынша: (Егер педогогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек) деген.
Әлемнің озық тәжрибелеріне сүиенсек, сабақта диалогтік оқытудың маңызы зор екенін байқағандаймыз.
Мен «Кембридж» тәсілдері бойынша үш айлық курстан алған білімдерімді қолдана отырып мектеп тәжірибесінде тізбектелген сабақтар топтамасында оқушыларға түрлі тапсырмалар орындаттым. Әсіресе мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан сын тұрғысына ойлауға бағытталған «Джиксо» әдісін жиі қолдандым. Бұл әдіс бойынша оқушылар 1,2,3,4-ке бөлініп 1-лер, бір бөлек, 2-лер бір бөлек деген сияқты бөлініп., санға қарай біріккен топ бір-бір мәтін талдап өз тобына қайта келіп өз топтастрына түсіндіреді. Мұндай әдіс әдебиет сабағында кү
рделі шығармаларды талдату барысында өте тиімді екеніне көзім жетті. Оқушылар әрі мәтін талдайды, әрі топпен бірігіп жұмыс жасауға, ынтымақтастық атмосферасын құруға қалыптасады.
Сөз соңында айтарым: Жаңашыл ұстаз болу үшін үнемі ізденісте болу керек. Ал «Кембрид» тәсілдерімен өтілген сабақтардың сапалы білім мен саналы тәрбиені қалыптастыруда алатын орны биікте.