Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік аулы, №55 С. Қожанов атындағы орта мектебінің мұғалімі Қарабаева Эльмира
Тақырыбы: «Ұстаз – мәңгілік, жанымда қалар жаңғырып»
Мақсаты: оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.Алғашқы мектеп пен алғашқы ұстаз туралы мағлұмат алу. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: оқушылар алғашқы мектеп пен ұстаз туралы ақпарат алады, ұстаз туралы өз пікірін айта біледі,ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсінеді.
Ресурстар, АКТ: слайд, караоке, шарлар, 6 қалпақ, А4 қағаздары, маркерлер т.б.
Сабақтың түрі: оқушылардың өзін –өзі басқару сабағы
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезең: түгендеу. 5 топқа қима қағаздар арқылы бөлу: ақ, сары, қара, қызыл, жасыл
І. Кіріспе бөлім: Бейнеролик арқылы сабақтың тақырыбын ашу (Ұстаз туралы)
1-жүрг : Мұғалімі жоқ ауылда күні шықпайды,таңы атпайды»,
«1 әріп үйреткенге – 40 жыл сәлем бер», — деген екен бабаларымыз.
Армысыздар, бармысыздар, қош келдіңіздер, құрметті де аяулы ұстаздар!
2- жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. Ұстазыңды түсінген сен тереңнен, Бар әлемге еңбегімен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген — ұлылардың ұлысы, Қасиеті бас иелік мәңгілік!
1-жүрг. Жұлдызай, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
2- жүрг. Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шатыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ән «Әридай –ай». Орындайтын Шәкір Жанель
ІІ. Негізгі бөлім.
2-жүрг. Руслан, сен білесің бе, алғашқы мектеп қашан пайда болды? Кім оны ашты? Алғашқы ұстаз кім? Және неге 5- қазан – ұстаздар мерекесі болып тойланады?
1-жүрг.Ия, қазақ даласында алғашқы мектепті ашқан Жәңгір хан екен. Ал енді толығырақ осы мәліметті Бекзат, Ернар және Нұрзат айтып берсін:
Жәңгір хан – өзінің қысқа ғұмырында ғылымға ден қойып, ағартушылық жұмыстарын жүзеге асыруды мақсат тұтқан қазақтың алғашқы оқыған билеушісі. Жәңгір хан XIX ғасырдың 30-шы жылдарының орта тұсында хан ордасында орталық мектеп ұйымдастыруды ойластыра бастайды. Оның ойы бойынша, бұл мектептің балаларды Ресейдің арнайы оқу орындарына түсу үшін дайындауы керек еді. 1841 жылы хан ордасында алғашқы мектеп ашылды. Мектепті ұстап тұру шығындарын хан өз мойнына алды. Жәңгір хан 1845 жылы дүниеден озды. Ол өзі қайтыс болғанға дейін мектептің шығындарын жеке қаражатынан төледі, тіпті, шәкірттердің сынақтарын да өзі өткізіп отырды. Іс жүзінде ол мектептің алғашқы ұстазы болды, ал татар Садриддин Аминов мектеп ісі бойынша оның көмекшісі қызметін атқарды.
Сондай-ақ көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, ғалым-этнограф, ақын, прозашы, қазақ жазба әдебиеті мен қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы — Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылық қызметі қазақ халқының тарихындағы жарқын беттердің бірі болып табылады.
5- қазан 1966 жылы Парижде ұстаздар конференциясы өтті. Ал 1980 жылы 1- қазанда ЮНЕСКО ұстаздар мересін атап өтілуін қолдады. 1994 жылдан бастап ұстаздар мерекесі күні 5- қазан болып белгіленді.
1-жүрг. Жұлдызай, енді кезекті біздің достарымызға берейік. Олар біздің мектеп пен ұстаздар туралы қаншалықты біледі екен?
2- жүрг. Ендеше, бұл ақпаратты Бононың 6 қалпағы арқылы жүргізейік: ақ қалпақ – мектебіміз туралы барлық ақпарат (әсіресе ұстаздар туралы) дайындайды. сары қалпақ – мектебіміздің жетістіктері жөнінде, қара қалпақ – мектептің кемшілік тұстарын, қызыл қалпақ – мектепке деген сезімдерің, жасыл қалпақ – «болашақтағы менің мектебім», көк қалпақ – қорытынды жасайды. («Ұстаздар күнімен» бейнеролик қосылады)
1-жүрг. Келесі кезекте Құрманғазының «Балбырауын» күйімен Әсел мен Іңкәр.
2-жүрг. Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна», деген, мұғалімдер кім болуды армандайды екен?
— Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандайды. Өйткені: әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. –Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады. Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері. Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.
Ән «Мектебім» . Орындайтындар Кешубай Әсел мен Серікбай Әсел (өз сыныбы туралы және сабақтағы ұстаздарымен бірге бейнеролик)
1-жүрг.Ендігі кезекті қазақтың мақал – мәтеліне берсек. Бірақ енді оқушылар емес, ұстаздар жауап берсінші. Мақал – мәтелдердің сөздері ауысып кеткен. Дұрысын тауып айтыңыздар:
1.Оқу — күрекпен құдық қазғандай. (инемен) 2.Қына басқа бітеді, білім тасқа бітеді. (тасқа – басқа). 3.Ойламаған су сасиды, ақпай тұрған бас сасиды.(бас – су). 4.Аз біл, көп сөйле.(Көп — аз ). 5.Көрмес – шошқаны да көрмес.(түйені). 6.Өнер алды – ұзын тіл(қызыл тіл). 7.Жығылып жатып, жығылғанға күлме (сүрінгенге) 8. Мектеп – теңіз, білім – кеме.(кеме – теңіз) 9.Білекті – мыңды жығар, білімді – бірді жығар.(бірді – мыңды) 10. Шәкіртке қарап ұстаз өседі. (Ұстаз – шәкірт) 11. Ұстазы жақсының – ұстамы жаман.(жақсы) 12. Аспаз көрген – хат таныр, ұстаз көрген – ат таныр.(ат – хат)
Хор «Ұстазым» . Караокеге қосылып айтады.
ІІІ. Қорытынды:
1-жүрг. Құрметті ұстаздар, біздің сыныбымыздың сіздерге арнауларын айтып беруіне рұқсат беріңіздер.
2-жүрг. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі –бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
(Оқушылар ұстаздарға гүл шоқтарын сыйлайды)
Рефлексия: — Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады? Ұнамаса несімен ұнамады? Не білдіңдер? Не үйрендіңдер?
Кері байланысты мұғалімдер стикер арқылы білдіреді.