Семей қаласы
№31 жалпы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі
Омарова А. Ч.
Тәжірибе тірегі – физикалық аспаптар.
Барлық физикалық теориялар,түптеп келгенде,тәжірибеге тіреледі.Физиканың ғылым ретінде даумы мен дәйектелуінен көретініміз осы.Мұны дәлелдеу ушін физикалық аспаптардың алынуына және олардың қажеттілікті қалай қанағаттандырығанына тоқталуға болады.Физиканың дамуы басқа ғылымдардың дамуымен және жалпы қоғам күрделі байланыста.Отты тауып,оны пайдалану арқылы адам өз тіршілік жағдайын едәуір жеңілдетті.Ал оттың алынуында физика басты рөл атқарады.Бұл адамзаттың ұлы жеңістерінің бірі болатын.Доңғалақты жасап шығару да ғылым мен өндіріс тарихындағы дәл сондай революциялық жаңа кезең еді.
Ертедегі Египетте қарапайым шаруалар күшті аз жұмсап,ауыр жұмыстарды орындауға көмектесетін принциптерді меңгерген.Олар қазіргі ғылым жетістіктерін білетін адамдардай-ақ әрекет жасаған.Мысалы,тасты биікке көтеріп жеткізу әдісін тапқан.Египеттіктер оны оп-оңай орындады:қысқа сырықтарды өзара жалғастырып,ұзын төрт сырық жасап алды,бұдан кейін сол сырықтарды үлкен шаршы құрлығы қурастырды,сырықтардын қиылысқан жерлерін мықтап буып,байлап тастады.Бұл,құрастырма көтерілуге тиісті тастан көп кіші болатын(мұның да физикалық негізгі бар).Құрлығыны тасқа жақындатып,оған екі тутқаны тақап тигізеді.Текше тасты осы тутқалар арқылы ептеп сарғытып,әлгі ерекше зембілдің үстіне оп-оңай шығарған.Әр тұтқадан бірнеше адам ұстап,үлкен тасты,қанбақ құрлы көрмей,иықтарына салып,көтеріп жүре берген.Мұндай физикалық қарапайым құрылғылар мен механизмдер өмір талабынан туған.
Ерте дүниенің ұлы ғылымы Архимед өзінің еңбектерінде рычаг,ауырлық центрі,тепе-теңдік,гидростатика принциптеріне негізделген құрылғыларды қолданды.Ол толып жатқан техникалық өндердің тапқыры,тіпті теориялардың да түп негізін қалаушы болған.Ерте дүние дәуірінен кейін жалпы ғылым,оның ішінде физика да тоқырап,тұрып қалған болатын.Бұл тоқырауды қайта жандандырған араб ғалымдары болды,олардың оптика мен механика саласындағы еңбектерді,өлшеу құралдарын жасауы,оның ішінде таразыны жетілдіре түскені айырықша атап өтерліктей болды.
Леонардо да Винчи сол кезде эксперимент турінде жүргізілген зерттеулерді физикалық өңдеуден өткізуге шақырды.Оның «даналық-тәжірибе перзенті»деуі сондықтан болар.Әсіресе оның «теория-қолбасшы,іс-жүзілік тәжірибе-солдат»деген тамаша тұжырымы бүгінгі күні де басшылыққа алуға тұрарлық.Неміс астрономы Кеплер көптеген бақылауларға суйене отырып,планеталардың эллипстік орбиталар бойымен қозғалатын заңдарын тағайындап,дүниенің Коперник жуйесін бекіте түсті.Ал Галилей өзі ойлап тапқан телескопымен Юпитер планетасын айнала қозғалып жүрген оның серіктері бар екенін ашты.Ол сондай-ақ Шолпан планетасының фазаларын анықтады.Сөйтіп,Галилей қалыптаса қоймаған гелиоцентрлік дүниетанымды дәйектілеп берді.
Тағы да аса жауапты эксперименттің бірін Галилейдің жасағаны белгілі.Галилей бірнеше мың жылдар бойы қалыптасып қалған Аристотельдің «құлаған денелердің жылдамдығы олардың салмағына байланысты әр турлі болады»деген тұжырымын эксперимент жүзінде
жоққа шығарды. Дүниетанымдық-тарихи маңызы бар тәжірибеде галилей қодаған вакумдық цилиндр тәрізді шыны ыдысты пайдаланып,осы ыдыстың ішіне темір шар мен құс қауырсынын енгізіп,содан соң ыдысты төңкеріп,оларды қатар*құлатып*жіберіп,темір шар мен қауырсынның бірдей жылдамдықпен жүйіткігенін өз көзімізбен көре аламыз.Сөйтіп,бұл эксперимент дүниеге жаңаша қарауды қажет еткен тәжірибе болып шықты.
Физиканың бір саласын дамыту,оның екінші саласын жетілдіру талап етті.Мысалы,лаплас,Лагранж,даламбер,ағайынды Бернулиллер,Эйлер секілді атақты ғалымдар Ньютон механикасын одан әрі жетілдіре тусті.Масса,күш,импульс сияқты негізгі ұғымдар тәжірибе негізінде қалыптасты және тұжырымдалды.Қолданбалы механиканың жеке салалары тәжірибе барысында дамыды.Блэк,Лавуазье және Рихман калориметрлік аспаптарды ойлап шығарып,калориметрлік әдісті қолдануды дүниеге келтірді.Сөйтіп,жылу балансы теңдеу,агрегаттық түрлену кезінде туатын жасырын жылу сияқты ұғымдар тікелей тәжірибе жүзінде кеңейді.
Ал жарықтың бөлшектік-корпускулалық касиетінің тәжірибеде дәлелденуі геометриялық оптиканың және оның іс жүзінде қолданылуының ауқымын кеңейтті.Англияда Грей және Францияда Дюфе электрлік құбылыстарды тәжірибе арқылы бақылап,денелердің ток өткізгіштердің мен ток өткізбейтіндерге бөлінетінін анықтады,электрдің екі түрі барын іс жүзінде тағайындап берді. Франклин қазіргі қолданылып жүрген *плюс*және*минус* таңбаларын енгізді.