Баядилова Гүлжанат Ерсайынқызы
Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы
№16 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сыныбы: 6 «А» (оқу орыс тілінде жүретін сыныптар үшін)
Сабақтың тақырыбы
|
Тәуелсіздік күні. Зат есім.
4- апта, 4- сабақ. |
Сілтеме | Жоспар |
Сабақтың мақсаты | Зат есімнің жалпы және жалқы есімдерін білу. Лексикалық тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс пайдалана білу. Зат есімнің түрлерін ажырата білуді үйрету. Тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға және сауатты жазуға үйрету. Топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | Зат есімнің жалпы және жалқы есімдерін біледі. Лексикалық тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс пайдалана біледі. Зат есімнің түрлерін ажырата білуді үйренеді. Тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға және сауатты жазуға үйренеді. Топта өзара бірлесіп жұмыс жасай алады. |
Негізгі идеялар | Заттың атын білдіріп, кім? Не? Деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. |
Сабақтың көрнекілігі | Слайдтар, бейнежазба, жұмыс парақтары. |
Тапсырмалар | Топтық жұмыс |
Жұптық жұмыс | |
Жеке жұмыс |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім мен оқушы немен айналысады?)
І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарларын сабаққа аудару (5 мин)
1.1. Оқушыларды түрлі – түсті қағаз қималары арқылы топтарға бөлу.
1.2. Тәуелсіздік туралы бейнежазба көрсету
ІІ. Талқылау сұрақтары:
- Балалар, жаңа сіздер не көрдіңіздер?
- Желтоқсан оқиғасы қашан болды?
- Тәуелсіздік деген не?
ІІІ Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқушылар нені білуі тиіс:
1.Зат есімнің жалпы және жалқы есімдерін білу.
2.Лексикалық тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс пайдалана білу.
Оқушылар нені үйренуі тиіс:
1.Зат есімнің түрлерін ажырата білуді үйрету.
2.Тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға және сауатты жазуға үйрету.
Тапсырмалармен жұмыс
І Топтық жұмыс. (7мин)
Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді тауып жазыңдар. Қарамен жазылған Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Формативті бағалау: бағалау өлшемдерін белгілеу. (3мин)
- Мәтіннен жалпы есімдерді табу.
- Мәтіннен жалқы есімдерді табу.
- Фонетикалық талдауды дұрыс жасау.
1-3 ұпай арасында бағалау.
Жалпы есім | Жалқы есім |
Қыс, жер, қар, шеше, тон, құлақшын, етік, әже, қолғап, орамал, әке, дүкен, пальто, пима, іні, мектеп, балабақша.
|
Дәурен, Әмина, «Бөбек» |
ІІ Жұптық жұмыс.
Берілген сөз тіркестері мен сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар.
Жұптарда өзара бағалау (10мин).
І жұп
Сөз тіркестері мен сөйлемдер | Аудармасы
|
Не ходи на улицу. | Далаға шықпа. |
Покрываются снегом.
|
Қар жамылды. |
Одевают теплую одежду.
|
Жылы киім киеді. |
Если не оденешься тепло, замерзнешь.
|
Егер жылы киінбесең, тоңасың. |
Катаются на санках.
|
Шанамен сырғанайды. |
Толстая шуба.
|
Қалың тон. |
Скользить по льду.
|
Мұзда сырғанау. |
ІІ жұп
Сөз тіркестері мен сөйлемдер | Аудармасы
|
Я живу в Республике Казахстан. | Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. |
Казахстан – моя Родина.
|
Менің Отаным – Қазақстан. |
Казахстан – суверенное, независимое государство. | Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет. |
Независимость Казахстана признали более ста стран.
|
Қазақстанның тәуелсіздігін жүзден аса ел мойындады. |
Государственный язык Республики Казахстан – казахский.
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. |
ІІІ жұп
Сөз тіркестері мен сөйлемдер | Аудармасы
|
Главный закон страны – Конституция Республики Казахстан. | Еліміздің басты заңы – Қазақстан республикасының Конституциясы. |
Главой государства является Президент.
|
Мемлекет басшысы — Президент |
Первый Президент Республики Казахстан – Н.А. Назарбаев.
|
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті –
Н.Ә. Назарбаев. |
В Казахстане проживают представители ста тридцати одной национальности.
|
Қазақстанда жүз отыз бір ұлт өкілдері тұрады. |
Они живут дружно. | Олар тату – тәтті тұрады. |
Сергіту сәті.
Оқушылар бой сергітеді, жаттығулар жасайды (2 мин).
ІІІ Жеке жұмыс.
1.Зат есімдерді сөз құрамына талдаңдар (5мин) (өзін – өзі бағалау)
Зат есімдер | Жалпы есім | Жалқы есім | Көптік жалғау | Тәуелдік жалғау | Септік жалғау | Жіктік жалғау |
Қазақстанның | ||||||
Республикасында | ||||||
Мемлекеттің | ||||||
Тәуелсіздігін | ||||||
Өкілдер | ||||||
Конституциясы |
2.«Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына эссе жазыңдар (5 мин) Оқушылар бір – біріне 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтады.
- «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» өлеңін мәнерлеп оқыңдар (5мин) (мадақтау)
Қорытындылау.
Оқушы рефлексиясы
Бүгін мен не үйрендім?
Маған не қиын болды?
Менің тағы не үйренгім келеді?
Үйге тапсырма: 5- тапсырма. Өлеңді жаттау.
Оқушыларға мұғалім 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтып қорытындылайды.