Басы » Физика » Молекулалардың массасы мен өлшемі

Молекулалардың массасы мен өлшемі

300px-Diborane-3D-balls-AҚайырлиева Кенжегул Тлегеновна

Сабақ тақырыбы: Молекулалардың массасы мен өлшемі
Сабақ мақсаты:
• Оқушыларға молекулалар өлшемі, молекулалар массасы, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшері, Авогадро тұрақтысы, молекулалар концентрациясы туралы түсінік беру.
• Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
• Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1. МКТ негізгі қағидалары қандай?
2. Қандай мысалдар молекулалардың бар екендігін дәлелдейді?
3. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
4. Диффузия дегеніміз не?
5. Штерн тәжірибесін айтып беріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Заттың салыстармалы молекулалық массасы Мr берілген зат молекуласы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады.
Мr=m0/1/12m0c
Зат мөлшері дегеніміз – берілген молекулалар саны 12 г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама:
Ν=N/NA
Зат мөлшерін мольмен өлшейді.
1 моль дегеніміз – 12 г көміртекте қанша атом болса, сонша молекуласы бар заттың мөлшері.
Авогадро саны NA=6,02•1023 моль-1
Заттың мольдік массасы дегеніміз бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасы.
M=m0NA
m=Mν
Микробөлшектер әлемінде заттың бір көлемінде қанша бөлшек бар екенін көрсететін шама – молекулалар концентрациясы деп аталады:
n= N/V
IV. Пысықтау.
1. Молекулалар өлшемі жайлы не білесіңдер? Молекуланың диаметрін қалай есептейміз?
2. Молекулалар массасы қалай анықталады?
3. Заттың салыстырмалы молекулалаық массасы қалай анықталады?
4. Авогадро саны нешеге тең?
5. Мольдік масса дегеніміз не?
6. Молекулалар концентрациясы дегеніміз не?
V. Есептер шығару. 8- жаттығу. №2, №3, №4.
VІ. Үйге тапсырма. §4.2. 8-жаттығу. №5, №6.
VІІ. Бағалау. Қорытындылау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *