Качир ауданы
Байқоныс жалпы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Қазақ халық ертегісі. Ай мен күн
Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты.Екеуіде теңдесі жоқ сұлу екен.
Бірінен — бірі асқан сұлумын деп бірімен – бірі үнемі ұрысып, жиі – жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тисіп:
- Сенен мен сұлумын! – дейді.
Ал Айсұлу болса:
— Жоқ сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады.
Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағанның ізі Айсұлудың бетінде өшпес болып қалады.
Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қаранғылығында бұғып жатады екен.
Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне – бірі көрінбей, бірінен – бірі жасырынып, Аулақтап жүреді екен.