Лашын

Қызылорда облысы Жалағаш қыстағы

№246  Шекер Ермағанбетова атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тоқмырзаева Қуанышкүл Ерқасымқызы. 

Сабақтың тақырыбы:  Сәбит Мұқанов.   «Лашын»

(«Өмір мектебі» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты:

         1) әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу;

         2) Ақметтің бойындағы ұлттық қасиеттерді ұқтыру;

         3) ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіру;

Көрнекілігі:  интербелсенді тақта, электронды оқулық.

Түрі:  Іздендіру сабағы, жарыс сабақ.

Әдістері:  Сыни ойлауға бағыттау, венндиаграмма, топтастыру, топтық

жұмыс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:  оқушыларды үш топқа бөлу

Үй тапсырмасына  осы әңгімені үйден түгел оқып келу тапсырылған еді.

Эпиграф:  Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата- анаға

бала  қадірлі.

  1. С.Мұқанов қай жылы дүниеге келді?
    1. Қандай  шығармаларын білесіңдер?
    2. “Өмір мектебі” романы кім туралы жазылған?
    3. Үзінді қай шығармадан алынған?
    4. Автордың Ақметті ұнатуына не себеп болды?
    5. Ақметтің лашынды құс алуға қай мезгілдері шығарады?
    6. Құстардың қарауыл қоюындағы мақсаты не?
    7. Лашын қазды қандай амалмен алады?
    8. Дабыл деген не?

1.Жаңа сабақтың тақырыбын табу үшін интербелсенді тақтадан суреттер шығарып, оларды сыни ойлануға  бағыттап,бұл құстардың суреті нені аңғартатынын  және не мақсатта көрсетіліп тұрғанын сұрап білемін.Кейін үш топқа бөліп, осы құстардың атын топтарға беремін.

Сосын жыртқыш құс лашыннан құтылу үшін тапсырма орындайтын  болады.Үш топқа І қаз, ІІ үйрек, ІІІ дуадақ деп қоямын.Олардан алған жауабымнан кейін ендеше бүгінгі сабағымыздың аты: «Лашын» деп тақырыпты айтып сабақты бастаймын.

2. Шығармаға компазициялық талдау жасатамын.Тақтаға талдаудың бөлімдерін араластырып қойып, дұрысын таптырамын.

3. Ақмет лашынына сипаттама беру үшін тақтада топтастыру жұмысын қолданамын.

4.Венн диаграммасын  тақтадан шығарып, қаз бен дуадақтың лашыннан сақтану әрекеттері бойынша толтыртамын.

5. Оқулықпен жұмыс жүргізу,үш топқа тасырма.

1. Мұғалімнің Балтабай аулында өткізген    ең қызықты уақыты туралы әңгімеле.
2.Ақметтің үйрекке құс салу тәсілін суретте.
3.Лашынның таң сібірлеп келе жатқанда құс алу көріністерін айтып бер.

6.Топтық жұмыс жүргізу

І. Құс салып айдын көлді дабылдаттым.

ІІ. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

ІІІ. Бір қызық ісім екен сұм жалғанда

7. Әңгімеден теңеу, эпитет сөздерін тауып оқу.

8.  Кейіпкерге хат

9.  Сабақ бойынша рефлексия жаздыру.

10. Бағалау. (Оқушылардың өзара бағалауы, мұғалімнің  қорытынды бағасы.)

11. Үйге тапсырма
“Саятшылық- өмірдің бір қызығы” тақырыбында шығарма

 

Презентацияны жүктеңіз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *