Қызылорда облысы
Қазалы ауданы, Қазалы қаласы
Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектеп жанынан құрылған «Еркетай» шағын орталығы
Жайлаубаева Гүлшара
«Көңілді цирк» тақырыбында ұйымдастырылған сазды – спорттық ойын – сауығы
Зал іші цирк аренасына сай безендірілген. Касса арқылы балалар орындарына келіп тұрады.
Жүргізуші: Балалар , бүгінгі спорттық ойынымыз ерекше түрде өтейін деп тұр.
Ендеше , біз алдымен қонақтармен амандасып алайық.
- Балалар , бізге бүгін цирк келгелі тұр. Ол үшін мына кассадан билеттер алайық.
- Балалар билет қолда , енді маңызды қонақтарымызды ортаға шақырмаймыз ба ?
Бірге: Қош келдіңіздер ! (2 – рет балалар айқайлайды)
Осы кезде есіктен ішке жалғыз күлдіргі кіреді.
Жүргізуші: Күлдіргі сіз неге жалғыз келдіңіз ?
Күлдіргі: Цирк жануарлары белгісіз себептермен кешікті , сол себепті мен жалғыз келдім , артымнан келеді деген үміттемін . Келер деген үміттемін ….(мұңайып басын төмен салады)Бірақ мұнда біздің бүгінгі кешке сарапшы болар әділқазыларымды жібергем, о , әні олар. Мене бұрын келіп жайғасып алыпты .
Әділқазылар төрағасы – ___________________________________(мектеп директоры)
Мүшесі : __________________________________________________( әдіскер)
_____________________________________________________ (шаруашылық жөніндегі орынбасар)
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Жүргізуші: Күлдіргі сіз алаңдамаңыз, сізбен ойынды бастай берейік , оларда келер . Балалар біз күлдіргінің мұңайған көңілін көтерейікші .
Күлдіргі: Жарайды , менің көңілімді көтеру үшін , бір шартымды орындайсындар ма ?
Балалар : Әрине , орындаймыз !Бірақ бірінші бізбен танысыңыз .
(Топтар өз есімдерін , ұрандарын айтып танысады)
Күлдіргі: Менің шартым мына велосопедпен жарыс ұйымдастырсақ қалай қарайсыңдар ?
1 – шарт бойынша велосопедпен жарыс
Жүргізуші: Балалар біз күлдіргінің шартын орындап , көңілін көтеріп болғанша , қояндарымызда келіп қалыпты .Олардың бізге айтары бар сияқты.
Қоян : Міне үйшік тамаша
Биікте емес аласа
Мұнда біздер қалайық,
Ойын – сауық құрайық! Күлегеш мұнда бақа келмеді ме , ол болмаса мен қалай өнерімді көрсетем …..(мұңайып басын төмен салады)
Жүргізуші: Қоян сіз алаңдамаңыз, сізбен ойынды бастай берейік , олда келер . Балалар біз қоянның мұңайған көңілін көтерейікші .
Күлдіргі: Жарайды , менің көңілімді көтеру үшін , бір шартымды орындайсындар ма ?
Балалар : Әрине , орындаймыз !
Қоян: Менің шартым мына шарлардың ішінде , біреуін таңдап алыңдарда жарыс ұйымдастырайық.
2 – шарт: Шардың ішінен «қаппен секіру» сөзі шығады. Балалар қаппен секіріп жарысады.
(Осы кезде сырттан бақылдап бақалар кіреді).
Бақа: Бақ , бақ , бақ
Күн неткен салқын-ақ
Үйшік неткен әдемі – ақ
Кім бар екен бұл үйде ,
Орын бар ма біздерге ?
Жүргізуші : Әрине бақа , сендерді бағаналы бері күтіп отырмыз , сен келмеді деп көжектердің де көңіл – күй түсті. Бәрі бізге өз шартымен келіп жатыр , мүмкін сіздіңде балаларға ранаған шартыңыз бар шығар.
Бақа: Менде де бір шарт бар , орындауға ерінбесеңдер , мен қуанып қалар едім бақ – бақ . Мына шарлардың ішінен бір шарды таңдап өздерің таңдаңдар мендегі шартты.
3 – шарт: Шардың ішінен «қос аяқпен секіру» сөзі шығады.
(Балалар қос аяқпен секіріп жарысады).
Жүргізуші: Күлегеш енді кім келу керек еді, есікке қарайлай бердіңіз ғой ?
Күлегеш : Біздің қу түлкі көрінбейді ? Соны қарап тұрғаным ғой .Баріміз түлкі деп дауыстайықшы.
Балалар:Түлкі , түлкі
(Түлкі кіреді).
Жүргізуші: Түлкі мырза кешіктіңіз ғой. Біздің балалар сізді таңертеңнен бері күтіп отыр.
Түлкі: Орманменен сайменен ,
Келеміз біз жайменен
Кім бар екен бұл үйде ?
Орын бар ма біздерге.
- Таңертеңнен бері осы жерде таба алмай шаршадым ?
Жүргізуші : Түлкі қатты шаршаған боларсың , қаласаңыз балалар сіздің көңіліңізді көтерсін ?
Түлкі: Ол үшін менің мына шардың ішіне жасырылған шартымды орындаңдаршы.
(Шарды жарып ішіндегі «кергі арасынан жүгіру» сөзін алып оқиды)
4 – шарт: кедергі арасынан жарыса жүгіру
Түлкінің шартын орындап бола бергенде , ішке қорбаңдап қонжық енеді .
Қонжық : Қонжықтармыз –қорбаңбай
Бұлне қылған үйшік – ай ?
Кім бар екен бұл үйде ,
Орын бар ма біздерге ?
Жүргізуші : Әрине Қожеке , сізді бағаналы бері күтіп отырмыз . Шаршаған боларсыз мында отырыңыз, ал балалар сіздің шаршағаныңызды басатын бір ойын көрсетсін.
Қонжық : Жарайды , онда олар бал жинасын , мен бал жегім келіп тұр .
5 – шарт : Ек топқа екі шелекпен су қойылады , келесі бал сөзі бар екі шелекке , кеселер арқылы су тасылады .
Жүргізуші : Рахмет сендерге , бүгін өте жақсы кештің куәсі болдық , әрдайым осындай достыққа , бірлікке арналған кештерде , цирк әлемінде бас қосулардың куәсі болайық.
- Ал біздің сарапшылардың пікірін тыңдайтын кезде жеткен сияқты, тыңдайық.
(марапаттау сәті )
Күлдіргі : Біздің қайтар кезіміз болды , мен аңдарымды ертіп алып кеш болмай тұрғанда өз циркіме жетіп алайын. Қош сау болыңдар ! Біз тағы да келеміз .
Жүргізуші: Жақсылыққа , бақытқа ,
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос , бауыр ,
Болмасын еш тосқауыл ! Қош сау болыңыздар !
Ортада достық туралы көңілді әуен қойылып би биленеді .