Басы » Информатика » Компьютерде сандық ақпаратты кодтай білуге үйрену.

Компьютерде сандық ақпаратты кодтай білуге үйрену.

 

Сабақ:  Сандық  ақпаратты  кодтау Мектеп: Нұрғабұл  Малгаждарұлы  атындағы  Қызыл  Қазақстан  негізгі  мектебі.
Күні: Мұғалім есімі: Салимжанова А.Ж.
Сынып  7 Қатысқандар саны:8 Қатыспағандар саны
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Компьютерде  сандық  ақпаратты  кодтай  білуге   үйрену.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Компьютердің   алфавитін  біліп,  сандық  ақпаратты  кодтаудың  маңызын  атап, ондық  жүйе  мен  екілік  жүйенің  айырмашылығын  біледі.
Оқушылардың басым бөлігі
Ондық  жүйеден  екілік  жүйеге  ауыстырудың  маңызын  ерекшелеп,кодтай  алады.
Кейбір оқушылар
Ақпаратты  кодтау  үшін  өз  жүйелерін  ойлап  тауып  оны  кодтай  алады.
Тілдік мақсат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар   ауызша  жауап бере алады,  талқылап,  талдайды

 

 …. (істей алады)

Негізгі сөздер мен тіркестер
Кодтау,  декодтау, екілік  және  ондық  жүйе.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған мақсаттар:
Неліктен  екілік  жүйесі компьютер  үшін  ыңғайлы?
Сіз неліктен…. екенін айта аласыз ба?

 

Ақпараттың  қандай  түрлерін  компьютер  өңдейді?  Қалай  ойлайсыңдар,  ақпаратты  декодтау  дегеніміз  не?  Кодтау  дегеніміз не? Компьютерде ақпарат  қалай  беріледі? Неліктен  екілік  жүйесі компьютер  үшін  ыңғайлы?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Калькулятор  көмегімен  кодтай  біледі,   есептеу  жүйелерін  жүргізе  алады.
Алдыңғы оқу. Қауіпсіздік  техника  ережесін  сақтай  біледі.  Ақпарат  түрлері  мен  қасиеттерін,  ақпаратты  өңдеу  тәсілдерін, ақпарттың  көлемі  және  оның  өлшем  бірліктерін  біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз ) Ресурстар
Басталуы    3 минут

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

5 минут

 

1.Сергіту  сәті: «Жыланша». Мақсаты:  оқушылардың  көңіл  күйін  ширатып, белсенділігін  арттыру, өзара  және  оқытушымен  қарым – қатынасты  нығайту.

Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап,келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.

Топқа бөліну:І топ «Ақпараттың  түрлері » сандық, мәтіндік, графикалық,  дыбыстық, видеолық.  ІІ  топ  «Ақпараттың  өлшем  бірліктері» бит, байт, килобайт, мегабайт, гегабайт, терабайт. Топбасшылар  сайланып, бағалау  парағы  таратылады. Топбасшы  топ  мүшелерін  бағалайды.

2. Үй  тапсырмасын  тексеру, сәйкестендіру  тесті.

Ақпарат  деген 81%
Ақпаратты  қабылдау , есту 3%
Ақпаратты  қабылдау , көру 10%
Ақпаратты  қабылдау , иіскеу Мәлімет
Ақпаратты  қабылдау , дәм  сезу. 4%
Ақпаратты  қабылдау , сезу 2%
Ақпарат  жылдамдығы Бит/c
Ақпараттың  қасиеті Жөнелту
Ақпаратты  өңдеу Өзектік

ф.б.( әр дұрыс  жауапқа  стикер  тарату)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5- сынып  оқулығы  ВьюшковаЕ.А.,

Параскун Н.В.,

Әбенов Б.Қ.

Астана: «Арман — ПВ»  баспасы, 2013 жыл.

Ортасы

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

7 минут

 

 

 

10минут

 

 

 

 

5  минут

 

 

 

 

3.Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

—          Ақпарат  деген  не,  оны  қалай  түсінесіңдер?

—          Адам  ақпаратты  қандай  ақпараттық  арналар  арқылы  қабылдайды?

—          Бейнелеу  тәсілдері  бойынша  ақпараттың  қандай  түрлерін  білесіңдер?

—     Ақпараттың  қандай  түрлерін  компьютер  өңдейді?

 

 

Сандық,                       мәтіндік,                      графикалық.

Ендеше  біз  бүгін  «Сандық  ақпаратты  қодтау»  тақырыбымен  сабағымызды  бастаймыз.

 

 Мағынаны тану. Жаңа  тақырып  слайд  арқылы  көрсетіледі.

Оқулықтан мәтінмен танысып  отырады. (жеке.ж)

Топта талдап,  постерге  салады   жобаларын   қорғайды. (топтық .ж)

Оқулықтағы ребустың  шешімін  табады..

Қ.б. Бармақпен  бағалау.

Ой толғаныс  кезеңі:

Компьютердегі  тәжірибелік  жұмыс. (жұп.ж)

Калькулятор  программасы  көмегімен  сандарды  кодтауды  қарастыру.

1.      Калькулятор  программасын  ашыңдар.(Іске  қосу-  Барлық  программалар  -СтандарттыКалькулятор)

2.      Инженерлік  түрді  таңдаңдар ( Түр – Программалаушы)

3.      Кодтау  амалдарын  ауыстыра  отырып ( Dec – ондық,  Bin –екілік), әртүрлі  сандардың  екілік  кодтарын  алыңдар (1- сурет)

4.Сабақты  қорытындылау: «Сұрақ — жауап»

1.Ақпараттың  қандай  түрлерін  компьютер  өңдейді?

2.Ақпаратты  кодтау  дегеніміз  не?

3.Декодтау  деген  не?

4.Код  деген?

5.Екілік  есептеу  жүйесі  деген?

6.Компьютерде  ақпарат  қалай  беріледі?

7.Неліктен  екілік  жүйесі  компьютер  үшін  ыңғайлы?

8.Компьютерде  сандық  ақпараттарды  кодтаудың  ерекшеліктерін  сипаттаңдар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7- сынып  оқулығы  ВьюшковаЕ.А.,

Параскун Н.В.,

Бекетауов Б.Қ.

Астана: «Арман — ПВ»  баспасы, 2015 жыл.

Аяқталуы 5.Үйге  тапсырма: §2 Оқу, 9-беттегі  сұрақтаға  жауап  беру.Ереже қайталау.

6.Бағалау:  Бағалау  парағы бойынша  қорытынды. Әр  топ  басшысы  бағалау  парағы  бойынша   айтып  түсіндіреді.

7.Кері байланыс. «Таңдау  әдісі»

—          Бүгін сабақ не туралы болды ?

—          Не қиын болды ?

—          Нені білдім ?

 
 

 

Қосымша ақпарат

Саралау-cіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылықтардағы байланыс
Ақпараттың  түрлерін  атаңдар?Адам  ақпаратқа  қандай  амалдар  қолданады?Ақпаратты  қалай  өлшеуге  болады? Байт,  бит деген не?Ақпараттың  қандай  түрлерін  компьютер  өңдейді?  Сияқты  сұрақтарды  қою  арқылы  оқушылардың  ойын  жетелеймін.

Өздеріне  жаңа  жүйе  ойлап  шығарып,  мәтінді  кодтап  келуге  ұсынамын.

Тапсырмалардың  орындау  барысын  бақылап, шапшаң  және  толық  орындаған  тапсырмалардан   байқаймын.  Сәйкестендіру  тестін  аламын.Дарынды  оқушылармен    жұмыс,   ақпаратты  кодтау  жүйелерін ойлап  табу тапсырмасын ұйымдастырамын. Жұптық  жұмыс  мақсатында  мен  тәжірибелік  жұмыс  беремін.  Информатика кабинетіндегі   қауіпсіздік  ережелерін  сақтау
Рефлексия 

Сабақ/оқу мақсаттары шынай ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 
Қорытынды бағамдау

 

 

Қандай екі нәрсе табысты  болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

 

2:

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

 

1:

 

2:

 

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *