Ақбаев Е.Қ.
Шешенқара орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі
Бұқар Жырау ауданы
Қарағанды облысы
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы
Мақсаты: 1. Білімділік: ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы қазақ ауылдарының жағдайы мен қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық түрлеріне тоқталу, күнделікті тұрмыс-тіршіліктеріне, кәсіптері жайлы баяндау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын, тұжырымдамаларын толық және мәнерлі жеткізе білу қасиеттерін дамыту.Шығармашылық қабілеттерін ашу
3. Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Модульдік технологиясының элементі: «Аквариум» тәсілі
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, атаулар жасырылған А4 пішінді қағаздар, Терминдер жазулары, кәсіп түрлері жазылған плакат, сарапшылыр парағы, жетондар
Әдісі: Топтық жұмыс
Пәнаралық байланыстар: география, қазақ әдебиеті, қазіргі өмірмен байланыстыру
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын «аквариум» әдісі арқылы сұрау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Қорытындылау.
Сынып 4 топқа бөлініп сосын шеңбер немесе шаршы бойына орналасады. Әр топ арасынан өздерінің қөзқарасын білдіретін «өкіл» сайлайды. «Өкілдер» тапсырмалар алып, әрқайсысы өз тобының намысын қорғап, сұрақтарға жауап береді.Топ мүшелері өз өкілдеріне көмектесіп, нұсқаулар бере алады. Аса күрделі жағдайларда «өкіл» «тайм-аут» алып, өз тобына келіп ақылдасады. «Тайм-ауттар» саны (1-3)
«Өкілдердің» жауаптарын дұрыс-бұрыстығын анықтайтын арнайы сыншы-сарапшылыр тағайындалады. «Сыншы» — пән мұғалімі: Ақбаев Е.Қ
«Сарапшы»- қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Тұяқбаева Л.Қ
Топ аттары: « Алғадай», «Кенесары», «Қабанбай», «Махамбет»
« Алғадай» тобының тапсырмасы: «Қазақ-жоңғар соғысы, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламасы» (100 ұпай)
«Кенесары» тобының тапсырмасы: «Әбілқайыр ханның Ресей билігін мойындауы» (100 ұпай)
«Қабанбай» тобының тапсырмасы: «Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы» (100ұпай)
«Махамбет» тобының тапсырмасы: «XVIII ғасырдағы сауданың дамуы» (100 ұпай)
«Алғадай» тобының өкіліне сұрақтар:
1.Тархан, «қара сүйек», құн, зекет сөздеріне анықтама бер (30 ұпай)
2. Ғұбайдолла Уәлиұлы туралы не білесің? (50 ұпай)
3. Кенесарының Ташкентке жорығының кенеттен тоқтауының себебі , Кенесары сарбаздарының саны қанша болды?(80 ұпай)
4. «Тұлғаны тап» Бұнда қойылған сұраққа оқушы өзі 30,40,50,60, 100 ұпайларының біреуін белгілейді, берген жауабы қате болса сол белгіленген ұпай «өкілден» алынады.
Бұл тарихи тұлға қазақтан шыққан тұнғыш генерал-майор, 1842 ж алғаш қазақ даласында мектеп ашты, ағашты сындырған адамға 50 рет дүре соғуға бұйрық берді.
«Кенесары» тобының өкіліне сұрақтар:
1. Редуттар мен форпостар, амурлар, қожа, құшыр, алғадай сөздеріне анықтама бер(30 ұпай)
2.«Шоқынған қазақтар» дегеніміз кімдер және олар болашақта қай тарихи оқиғаға қатысады және Байсақал Тілекұлы деген кім? (50 ұпай)
3. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуына тоқтал (80 ұпай)
4.Бұл тарихи тұлғаны 1785 жылы тақтан тайдырды, одан әрі оны 1790 жылы Уфаға жер аударып, сонда қайтыс болады
«Қабанбай» тобының өкіліне сұрақтар:
1. «Ақ базар», «сал-сері», ламаизм, қонтайшы сөздеріне анықтама бер (30 ұпай)
2. А.С.Пушкиннің Қазақстанда болуының басты мақсаты. (50 ұпай)
3. 1842 жылы Исатай мен Махамбеттің көтерілісін кімдер жалғастырды?(80 ұпай)
4. Ол 1802 жылы Көкшетау жерінде дүниеге келді,1841 құлатылған «Хандық кеңесті» қайта құрды, 1838 ж Ақмола бекінісін өртеп жібереді
«Махамбет» тобының өкіліне сұрақтар:
1. И.Г.Ренат, «қарлығаш би», жұт, төлеңгіт, сөздеріне анықтама бер (30 ұпай)
2. Кенесары Қасымұлының көтерілісінің басты төрт себебі және басқа көтерілістерден ерекшелігі неде? (50 ұпай)
3. Ресейлік ғалымдар Кенесары ханды кімге теңеді? (80 ұпай)
4. Бұл тарихи тұлға «төреден» шыққан, әйел бола тұрса да ағасы хан Кененің арнайы барлау жасағын басқарды, ағасымен бірге иық тіресіп орыс әскерлерімен шайқасты.
Ойын соңында сарапшы ең үздік «өкілді» және топты анықтайды, жинаған ұпай сандарын белгілейді
Жаңа сабақ
Жоспар
1. Қазақ ауылы
2. Қазақтың тұрғын үйлері
3. мал шаруашылығы
4. Халықтың мал емдеу тәсәлі
5. Егіншілік кәсібі
6. Аңшылық
7. Балық аулау
Қазақтар шағын елді мекендерде-ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шаруашылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туысқандардан құралды. Әр отбасындағы жан шамамен-5-7 адамнан келді. Ауылды жасы үлкен, би немесе құрметті ақсақал басқарды.Қазақ халқы жазғ мезгілде киіз үйлерде тұрды. Киіз үйдің құрметті жері –төр деп аталды.ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарында қазақтарда отырықшы өмір салтына көшуге байланысты тұрақты баспана салу үрдісі орын алды.Қазақтар қысты «қыстақта», жкөктемде «көктеуде», жазда «жайлауда», күзде «күзеуге» көшіп отырған. Қазақтар төрт түліктің бәрін өсірді.Қой қазақтың ең басты байлығы саналды.Қой қандай қиындыққа да төзімді түлік.Ірі қойлар 2 пұтқа дейін ет, 1 пұтқа дейін құйрық майын бере алған.
ХІХ ғасырдың аяғында қазақ халқының айналысқан басты шарушылық кәсіптері:
1. Мал шаруашылығы
2. Егіншілік
3. Аңшылық
4. Балық аулау
Қорытындылау: «Кім жылдам» ойыны. «Ауызша тест» алу
1. Ауылды кім басқарды?
А.Старшын
Б. ақсақал
В. ауылнай
2. Киіз үйдің п.б уақыты?
А. 7 ғ
Б. 5 ғ
В. 13 ғ
3. Ет , басқа да азық-түлік сақтайтын орын
А. Сардоба
Б.шошала
В. қоржын үй
4. Сиырдың сүтін пайдаланғаны үшін, орнына сол сиырды төлімен жыл бойына күту, жем-шөбін беру жоралғысы қалай аталады?
А. Қансонар
Б. қанжыға майлау
В. сауын
5. ХІХ ғасырдың І-жартысындағы Қазақстанның ең бай адамы кім болған?
А. Біләш
Б. Азынабай
В. Баймырза
Бағалау:(күнделік, журнал)
Үйге: § 24 оқу