Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып пәні мұғалімі Ыкласова Тарбияның 4«ә» сыныбына арналған ана тілі пәнінен қысқа мерзімдік жоспары
Сабақтың тақырыбы: Көксерек М. Әуезов
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды М. Әуезов еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. «Көксерек» әңгімесінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Міндеті :
Б. . Оқушылар М. Әуезов еңбегімен, шығармашылығымен танысады . «Көксерек» әңгімесінің мазмұны мен идеясын меңгереді .
Д. . Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту
Т. Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу
Оқытудың нәтижелері:
- Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
- Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
- Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
- Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізеді және талдай алады.
- Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл), 3-модуль –бағалау, 4 –модуль-АКТ пайдалану (электрондық оқулық), 7 модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
- Үй тапсырмасын тексеру
- Интерактивті тақтамен жұмыс
- Топпен жұмыс
- Рефлексия
Мұғалімнің іс-әрекеті:
- 1. Ұйымдастыру
- 2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
- 3. Топқа бөлу
- 4. Мәтінді тарату
- 5. Деңгейлік тапсырма
Оқушының іс-әрекеті
- 1. Психологиялық тренинг.
- 2. Топқа бөлінеді
- 3. Үй тапсырмасына жауап береді.
- 4. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
- 5. Деңгейлік тапсырмалар орындайды.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
А) Психологиялық тренинг. « Есімдер әлемі»
.
Ә)Топқа бөліну Мектептер аттары бойынша бөлінеміз.
І.Үй тапсырмасын тексеруМодуль ОмОЖт. Диалогтік оқыту Сұрақ-жауап алысу
1 Балмұздақ мәтінінің басты кейіпкері кімдер және олар не істеді?
2 Балалар аулада ойнап жүріп не тауып алды?
3Балмұздақтың пайдасы мен зияны қандай?
4 Сіздер ақша тауып алсаңдар не істер едіңдер?
Жаңа сабақтың мағынасын ашу Миға шабуыл
СТО әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашады.
АКТ қолдану Интерактивті тақтада жабайы аңдар суреті . Соның ішінен М. Әуезов қайсы аң туралы повест жазған?Оның аты қандай? Көксерек деп жауап берді.
Жаңа сабақты өздері ашады.
Оқулықпен жұмыс.Оқушылар іштей оқып мәтінмен танысады.
1-тапсырма Әр топқа тапсырма беріледі. Постер арқылы әр топтың ішінен бір оқушы жауап береді.
1-тапсырма Модуль СТО . Постер қорғау.
1-топ.
Әңгімедегі басты кейіпкер кім және ол қандай бала?
2-топ.
Көксерек туралы ауыл адамдары кандай пікірде болды?
3-топ.
Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алды ма?
4-топ
М.Әуезов кім?оның қандай шығармаларын білесіңдер?
2-тапсырма Модуль СТО (Кластер қорғау )
Көксерек
|
3-тапсырма бекіту .Модуль СТО әдісі:
Повесттің кейіпкерлерін тауып,оларды септең.
Әр топтан бір оқушы қорғайдыКөксерек,Құрмаш,нағашысы,төбет.
1-топ. Көксерек
2-топ Құрмаш
3-топ нағашысы
4-топ төбет
Бағалау . Формативтік(смайликтермен бағалау)
Рефлекция .Табыс ағашын отырғызу.Стикерлерге бүгінгі сабақтардан алған әсерлері туралы жазу.
Үйге тапсырма. « Көксерек» тақырыбында сурет салу,әңгіме жазу .