Басы » Баяндамалар » БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ

БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ

БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП

ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ

Жандилдаева Жумагул Туленбаевна

Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейінің

Бастауыш сынып мұғалімі.

 

 

«Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне

шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан да оқыту барысында әр түрлі оқыту

әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек».

К. Ушинский

Үстіміздегі  ғасыр  –  жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту  ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден  –  бір мақсат  –  оқушылардың алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу. Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ, таңдауында шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыны болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай  —  ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін, қабілетіне байланысты өмір сүру  тәртібі күтіп тұр. Сондықтан бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғары мақсаттарының бірі болып отыр. Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады.Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең.  Сыныптан тыс жұмыс  –  бұл мұғалімдер мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі іс  — әрекеттері мен іс  —  шараларын ұйымдастыру болып табылады. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан

білімділікті қажет етеді. Оқушылардың математика  пәніне қызығушылығын арттыру, ой  —  өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.Математикада ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады.

Сыныптан тыс кездегі математикадан  шығармашылық қабілеттіліктің даму  тәсілдері осы салада жинақталған педагогикалық тәжірибеге, нақты педагогикалық материалдарды ұйымдастыруға, оқыту тұжырымдамасына, дидактикалық принципке байланысты екенін бәріміз білеміз. Осы айтылғандардың негізінде, алдымен сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру мәселесі қойылады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстардың мақсатын, міндетін және қызметін айқындап алуымыз керек.

Сыныптан тыс жұмыстар келесі негізгі мәселелерді шешуге бағытталған:

  1. Оқушының өзіндік «МЕН» концепциясының қалыптасуы. Бұл келесі факторларға байланысты:

а) өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;

б) өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;

в) өзінің маңызды орын алатынын сезінуі. Жағымды «МЕН»  —  тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына оң

әсер етеді. Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, білімі мен біліктілігін арттырады.

  1. Ұжымдық жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау.  Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір – бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге, бір-бірін сыйлауға, бір-бірін тыңдай білуге үйренеді.
  2. Оқушылардың қоғамдық қызмет түрлерімен танысып, оларды өз бетінше ұйымдастыруына ықпал ету. Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар.
  3. Дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуы. Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.
  4. Танымдық қызығушылығының артуы. Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдісіндегі және оқудан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеудегі маңызды мәселелердің бірі – мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.
  5. Бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет. Оқушылардың тәртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі белгілі. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесуіміз қажет.Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлері:

1Математика кеші  –  бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.

2 викториналар – бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмысы

кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады.

  1. Іскерлік ойындар –  оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауғамүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.
  2. Клубтық қызметтер –  оқушылардың математика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.
  3. Байқау –  бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық өздіктерді анықтау үшін тиімді.

Қазіргі  таңда мына жумыстар кеңінен ұйымдастырылуда: олимпиадалар, факультатив жумыстары, мектептегі баспа, танымжорықтар.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»  —  деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев білім беру саласындағы қызметкерлердің жауапкершілігін атап көрсетті.Әр  бір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық  –коммуникациялық технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалануы міндетті. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар, оны оқушыға меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс.«Технология»  деген термин гректің түп тамыры  techne  —  өнер, шеберлік, кәсіп  және  logos –  ғылым, білім  деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды.Қазіргі  уақытта  «педагогикалық технология»  ұғымы түрлі мағынада түсіндіріледі. Көп тарағананықтамалардың бірін В.П. Беспалько ұсынған:  Ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Қазіргі мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс–тәсілдерін ҥнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.Мұғалім  –  ақпараттанушы, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, танымдық іс  —  әрекеттерін қалыптастыру, шығармашылықпен, өзбетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында, өз іс  –  тәжірибемде жаңа технологияларды тиімді пайдаланып жүремін.Өз  тәжірибемді шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан жаңа технологиялардың бірі  –Ж.А.Қараевтің «Үш  өлшемді әдістемелік жүйесі», яғни саралап деңгейлеп оқыту технологиясы. Мақсатым  –  бүл технология элементтерін қолдану арқылы баланың танымдық белсенділігін арттырып, өзбетінше білім алуға,өзін -өзі бағалауға, бірін – бірі тыңдауға әдеттендіру.

Соның ішінде мен осы технологияны үйірме жұмыстарында қолдануды жөн көрдім. Үйірме – бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі.Тәрбиелеуші мұғалімнің міндеті

—  әрбір жасөспірімге өз қызығушылығын қанағаттандыра отырып ары қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын сыныптан тыс жұмыс тауып беру.

Менің жұмыс жүйем оқушылардың өзбетінше танымдық қызметін белсенділікке, жеке тұлға ретінде дамуға, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруға, алғ ан теориялық білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге жетелейді. Әр сабақта оқушылардың өзіндік, танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда деңгейлік тапсырмаларды пайдаланамын. Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін-өзі таниды,өзбетінше жұмыс істеп, білімін жетілдіру үшін ізденеді.  Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту кезеңдері:

  1. Қабілетті оқушыны анықтау /сауалнама, сынып жетекшімен байланыс/;
  2. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау /сауалнама арқылы/;
  3. қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы оның білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытатын жүйе құру.

Бағдарламада жұмыс жасай отырып оқушыны шығармашылыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру;

  1. Оқушыны жобалауға үйрету, пәнге деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру;
  2. Оқушының эстетикалық талғамын қалыптастыру, ізденуге, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, компьютерлік іскерлігін дамыту.

1, 2, 3 деңгейлік тапсырмаларды оқушы жеке, өзбетінше жұмыс жасайды.

4, 5 деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында 5 адамнан тұратын топтарға бірігеді.

Қорытынды.

Қорыта  келгенде,білім беру барысында  оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, тұлға ретінде танымдық

белсенділіктерін арттырудың және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор.Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жиі ұйымдастырса, оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығы артады, өзіндік шығармашылық  ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды.

Математика  пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс немесе сабақ өту барысында әртүрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады. Ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

Өз іс-тәжірибемде білім беруде  мынадай факторларға сүйенемін:

  Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  Оқушылармен жекелей, топпен жұмыстар жүргізуге баулу;

  Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;

  Оқушылардың шығармашылық ізденісін дамыту.

Осы көрсетілген міндеттерді басшылыққа ала отырып керегін пайдалансақ, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай білім алуларына жол ашарымыз анық.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Левина Е.С. О некоторых путях развития познавательного интереса учащихся к информатике.

Сб.статей «Изучение основ информатики и ВТ в средней школе: Опыт и перспективы». Москва.

«Просвещение» 1998 г.

  1. Белошапка В.К., Лесневский А.С., Штырлина И.А. Опыт ведения факультативных занятий по

информатике и вычислительной технике. Москва. «Просвещение» 2001 г.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *