Басы » Бейнелеу өнері » Пейзаждың өркендеу тарихы

Пейзаждың өркендеу тарихы

бейнелеу  Оңтүстік  Қазақстан  облысы

Мақтарал  ауданы, Асықата  кенті

      «Жеңіс» мектеп – гимназия»

коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің

Бейнелеу  өнері  және  сызу  пәнінің  мұғалімі

  Садықбекова  Айгерім  Дарханқызы

 Сабақтың   тақырыбы: «Пейзаждың өркендеу тарихы»

 Сабақтың   мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері түрлерінің  жанрларын ажырата білуге,  көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, нәрсені алыстаған сайын       кішірейіп  көрсетуді, әрі  қатесіз салуға  үйрету.

ә) Дамытушылығы: живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.

б) Тәрбиелігі: айналадағы   қоршаған   ортаны   бейнелеуде   ұйымшылдыққа, дербестікке,  достыққа  тәрбиелеу.
Сабақ  түрі:  Ойын  сабақ.

 

Сабақ  әдісі:  Сұрақ  —  жауап,   түсіндіру,   суретте  ерекшеліктерін    табу, сурет  құрастыру,  сурет  салу.
Құрал — жабдықтар, көрнекті құралдар: Табиғат  көрінісі  бейнеленген  суреттер,  кітаптар,  карточкалар,  плакаттар,  сурет  дәптер, бояғыштар, өшіргіш,  жәй қалам, т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу..
  2. Құрал — жабдықтарын тексеріп, назарларын сабаққа аудару.

 

Кіріспе  бөлім:

Мұғалім  сөзі.

Пейзаж жанры жайлы оқушыларға түсіндіремін.

Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез — құлқын  айнытпай  беруге  тырысады.

Пейзаж жеке жанр ретінде портреттен анағұрлым кешірек қалыптасты. Алайда алғашқы адамдардың жартастарға салған өрнектерінен олардың тірі табиғат элементтерін бейнелеудегі  алғаш  талпыныстарын байқауға болады. Белгісіз суретшілер балықтары бар өзенді, кұстар қалықтаған аспанды, жағалаудағы ағаштарды бейнелеген. Бірақ жартастардас суреттердің  бәрі  схемалы  түрде болды. Біртіндеп пейзаж нақтылана түседі. Ол жеке-дара қалыптаспаса да, мысалы, Египет мазарлы қабырғаларындағы сурет сияқты әдемі фон болып қала берді. Көне Римде үй қабырғалары суреттермен әшекейленген. Қабырғалардағы суреттер құдайлар мен батырлардың ерлік істерінен хабар береді.

Еуропаның ертедегі суретшілері пейзажды тек орта ғасырда ғана өз шығармаларына енгізген. Бірақ оларда сызықтық перспектива болмаған. Керісінше, көбінесе алыстағы заттар алдыңғы қатардағылардан үлкен етіп бейнеленген. Ертедегі суретшілердің бұл тәсілі — кері перспектива деген атқа ие болған. Оны Шығыс шеберлерінің еңбектерінен де байқауға болады. Алайда XVI ғасырдан бастап  пейзажға деген көзқарас өзгере бастады. Еуропа суретшілері бұл кезде перспектива заңдарын біраз меңгерді. Олар пейзаждағы жарықтың рөлін мұқият зерттеуге кірісті. Картиналарда жарық пен көлеңке пайда бола бастады. XVII ғасырдың аяғында пейзаж жеке жанрға айналды. Бірақ алғашқы пейзажшы — суретшілер әлі де өз шығармаларын ашық аспан аясында — пленэрде жазбады. Олар табиғат аясында қарындашпен долбар суреттер салып алып, артынан студияда жұмыстарын бояумен аяқтаған. Бұл тәсілмен орындалған жұмыстарда түстер палитрасы табиғаттағы бояулар мен жарықтың құбылуын дәл көрсете алған. Олар тек заттың өзіне тән түсін ғана бере білді. Мысалы; жасыл  шөп, аспан көк, бұлттар ақ түсті. Бұған таңғалатын ештеңе жоқ, өйткені пейзаждағы түстер натураға қарап емес, қағазға есте сақтау бойынша түсірілген болатын. Ал франңуз суретшісі Клод Лоррен белгілі бір мезгілге тән түстік байланыстарды  көрсететін табиғатты бейнелеп, «Тәуліктің төрт мезгілі» және «Жылдың төрт мезгілі» деген атпен пейзаж циклдерін салды.

Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді. Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз. Көз алдымызға күз мезгілін елестету. Күзде қандай өзгерістер болады:

  • Күн суытады
  • Егін жиналады.
  • Ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі
  • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Бүгін  біз  4 «Д» сынып  оқушылары  арасында   «Пейзаждың  өркендеу  тарихы» тақырыбына  өтетін  ойын  сабағымызды  тамашалаңыздар.

Ең  алдымен  оқушылар  үш  топқа  бөлінеміз. Қолдарыңа  берілген  суреттер  бойынша  «Күз», «Қыс», «Көктем» тобына  бөлініп,  жайғасыздар. Өздеріңіз  топтарыңызбен  ақылдасып, топ  басшысын  сайлайсыздар.

Оқушылар  енді  біз  сіздермен  жылулық  шеңберін  құрайық.

Армысың, шапағатты күніміз!

Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, табиғат анамыз!

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.

 

Топқа  бөлу:

І – топ: «Күз»

ІІ – топ: «Қыс»

ІІІ – топ: «Көктем»

Ал, енді  оқушалар  бүгін   біз  сіздермен  үш  топқа  бөлініп, ойын  ойнаймыз. Сіздерге  сәттілік  тілеп, ойынымыздың  шарттарымен  таныстырып, өтейін.

  1. Тапсырма: «Ойлан тап»
  2. Тапсырма: «Мозайка»
  3. Тапсырма: «Айырмашылығын тап»
  4. Тапсырма: «Адасқан әріптер»
  5. Тапсырма: «Ой шақыру»
  6. Тапсырма: «Берілген суретті  аяқтау»
  7. Қорытынды.
  8. Үйге тапсырма.

 

  1. «Ойлан тап»  ойыны

Бұл  тапсырмада  әр  топқа  таблица  сызылған  қағаз  беремін. Сіздер  дұрыс  жауаптарын  тауып,  жанындағы  клетканының  ішіне  әріптер  арқылы   жазып   шығасыздар. Әр  дұрыс жауапқа топтарыңызға  1 ұпайдан  қосып   отырасыздар.

 

«Күз»  тобы
 

а)

 

Натюрморт

 

 

 

Аңыз — әңгімелер, ертегілерге

байланысты салынған суреттер.

ә) Тұрмыстық жанр  

 

 

Француз сөзі.

Қазақша жансыз зөттарды

бейнелеу дегенді білдіреді.

 

б)

 

 

Мифтік жанр

 

 

Әр халықтың

тұрмыс – тіршілігін бейнелеу.

 

 

 «Қыс»  тобы
 

а)

 

Маринистік  жанр

  Соғыс  тақырыбына салынған  суреттер.
ә) Портрет   Орыстың “море” сөзінен шыққан.

өзен, көл, теңіз көріністерін бейнелеу.

 

б)

Батальдық жанр    

Адам келбетін  бейнелеп салу.

 

 

«Көктем»  тобы
 

а)

 

Пейзаж

  Тарихта болған

оқиғаларды  көркем бейнелеу.

ә) Анималистік жанр   Француз сөзі. Қазақша

қоршаған ортаны, табиғат көрінісін

бейнелеу түрде көрсетуді білдіреді.

 

б)

 

Тарихи жанр   Жан-жануарларды,

аң — құстарды бейнелеу.

 

  1. «Мозайка» ойыны

Бұл  ойынымыздың  шартында  сіздерге  мен  қырқылған  суреттер  беремін. Сіздердер  берілген  суретерден  бір  мезгілді  тауып, ақ  қағазға  желімдейсіздер. Шыққан  мезгілге  қажетті  заттар  немесе  киімдерді  жандарына   бейнелейсіздер.

 

 

 

  1. «Айырмашылығын тап» ойыны

 

Әр  топқа  бірдей  екі   суреттен  беремін. Сіздер  сол  екі  суретке  қарап  айырмашылығын  тауып  бересіздер. Қанша  айырмашылық  тапқан  топқа, сонша  ұпай  санынан  қосып  отырамыз.

ай

 

 

  1. «Адасқан әріптер» ойыны

Оқушылар  мен  сіздерге  адасқан  әріптер  жазылған  қағаз  беремін. Сіздер  сол  әріптерден  сөздер  шығару  керексіздер. Қай  топ  қанша  сөз  тапса, қоржындарыңызға  сонша  ұпай  санынан  қосып  отырасыздар.

 

Жауабы:

 

  1. АРЫС,                                   Сары
  2. ЗЫЛҚЫ, Қызыл
  3. ҒЫРСАШ,                                                  Сарғыш
  4. ҚАППА,                                                      Аппақ
  5. ҚЫҢРОҢ,                                                   Қоңыр
  6. АРҚА,                                                          Қара
  7. ЛЫЖАС,                                                   Жасыл
  8. КӨСИЯК,                                                    Сиякөк
  9. ҰРС,                                                          Сұр
  10. ТЫҒЫЛҚЗ,                                              Қызғылт
  11. ГІЛКҮН, Күлгін
  12. ПЕККӨБЕҢК.                                          Көкпенбек

  

  1. «Ой шақыру» стратегиясы.

Оқушылар  қазір  жылдың  қай  мезгілі? Дұрыс  айтасыздар, күз  айы. Ал, енді  мен  әр  тоқа  ақ  қағаз  беремін. Сіздер  сол  күз  айының   ерекшеліктерін  жазып, қорғап  бересіздер.

 

Күз
 
Егін жиналады
 
 
 
 
Көкөністер

жиналады

Құстар жылы жаққа кетеді
Күн салқындайды
 Жапырақтар  сарғайып  жерге түседі
Жаңбыр жауады

 

  1. Сергіту сәті. Оқушылар  шаршадыңдар ма? Онда  келіңдер  бірге  сергіту  жаттығуын  жасап  алайық. Бүгінгі  тақырыбымыз  табиғат  көрінісі  болғандықтан, табиғат  құбылыстарының  дауысын  салып  көрейік.

 

Күз  келді.

Жапырақтар  сықырлап, түсіп  жатыр.

Жаңбыр  жауды.

 

Қыс  келді.

Қар  жауды.

Боран  соқты.

 

Көктем  келді.

Күн  шықты.

Ағаштар  бүршік  жарды.

 

  1. «Қылқалам  шебері»

Ал, енді  әр  топқа  боялмаған  табиғат  көрінің  суретін  беремін. Сіздер  сол  суретке  дұрыс  реңктерін  тауып, бояп  аяқтап  бересіздер. Әр  топтың  суреттерінің  реңктеріне  қарап   ұпай  сандарын  беремін.

 

Қорытынды:   Осымен  бүгінгі  ойын  сабағымыз  өз  мәресіне  жетті. Енді  жинаған  ұпай   сандарыңызды  санап  әр  топқа  орын  беремін  және  марапаттаймын. Бағалау.

Күніміз  ашық болсын!

Түніміз  тыныш болсын!

Ауамыз  таза болсын!

Суымыз  мөлдір болсын!

Оқушылар  бүгін  барлықтарыңыз  сабаққа  өте  жақсы  қатыстыңыздар, үлкен  рахмет. Сіздерге бүгінгі  сабағымыз    ұнады  ма? Нені  үйрендіңіздер?

 

 

Үйге  тапсырма:    Күз  көрінісін  бейнелеп  келу.

 

 

 

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *