Мектеп: №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі
Арал ауданы,Шижаға ауылы
Тойбахова Жадыра
Тәрбие сағатының тақырыбы: Достық алтыннан да қымбат
Тәрбиелік сағатының мақсаты. Оқушыларға «достық» ұғымының маңыздылығын түсіндіру, бір-бірімен адал, достық қарым- қатынаста болуға баулу
Бағыты: өзін-өзі танумен өзін – өзі қалыптастыру
Формасы: Пікірлесу
Әдісі: сұрақ жауап, тренинг
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, интербелсенді тақта
Уақыты: 31 қаңтар
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Сынып бөлмесін тәрбиелік шараға дайындау
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу
ІІ. Кіріспе бөлім
Мұғалім сөзі: Достық әдеп, сыйласым
Дос өмірлік қимасым.
Доы арыңдай қымбатты,
Достық сезім тым- тәтті- дегендей, бүгінгі «Достық алтыннан да қымбат» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Бір-бірінесағаттың тілінің бағыты бойынша кезекпен достық тілектерін білдіреді.
ІІІ Негізгі бөлім
Балалар «дос» деген сөз өте қасиетті ұғым. Оның астарында үлкен мән-мағына жатыр. Ал өздерің «дос» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Балалар, осы үш әріптен тұратын «дос» сөзінің мән-мағынасын ашу барысында мына сахналық қойылымды тамашалайық:
Сахналау: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісі
Автор-Амандыққызы Үміт
Қарлығаш – мырзабаева А
Жылан-Смайлов Д
Көкек – Избасов Н
Қарға Амангелдиев Н
Қарлығаш балапандары- Мұзаппарқызы, Есбергенова, Әлмұратова
-Ал, балалар, осы көріністе көріп отырғандай қарға мен көкек қарлығаштың шын достары деп ойлайсындар ма?
-Осындай жағдай тек қана құстардың арасында кездеседі деп ойлайсыңдар?
— Балалар достықтың неше түрі болады?
-Амал дос пен адал достықты қалай ажыратамыз? (оқушылар жауабы тыңдалады)
«Сенің пікірің» қанатты сөздердің мағынасын ашып, өз пікірлерін айтады
«Әрқашан тілектес, досыңа көмектес»
«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын»
«Татулық – достықтың кепілі»
«Айнымас досы бар адам- ол бақытты адам»
«Достық көзден кетсе де, көңілден кетпейді»
Сергіту сәті «Балалар достығы» ойыны
Ойынның шарты: Балалар шеңбер бойымен тұра қалады. «қол-қолға», «иық-иыққа, «бас-басқа», «шаш-шашқа» деген кезде жанында тұрған балалармен бір-бірінің денелерін түйістіреді. Соңында адам-адамға дегенде бір-бірімен құшақтасады.
Ситуациялық сұрақтар
— Сен бүгін сабаққа ақша әкелмедің. Саған аяқ астынан ақша керек болды, өзіңнің досыңнан ақша сұрадың.Сен досыңда ақша бар екенін білесің. Ақша бола тұра, досың саған көмектесуден бас тартты. Сен қандай ойда қаласың?
— Сен белгілі себеппен бір күн сабақтан қалып қойдың. Ертеңіне сабаққа келсең, сенің досың басқа сыныптасыңмен дос болып кетіпті, Бұл жағдайды қалай қабылдайсың?
— Сырым мен Дана дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Дананың басына тиді. Сырым добын домалатып, теуіп ала жөнелді
Дана мен Сырымды шын дос деп айтуға бола ма?
Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсың?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады
Сахналау Мұхтар Шаханов «Достық өлкесінің заңы»
Автор: Аманжолова Ұ рөлде- Ерболатұлы М
Досы-Мырзабаве нұрдәулет
Нағашы- Махамбетжанов Н
Нағашы әжесі: Қуанышбаева Н
Інісі-Қуатжанұлы Қ