Басы » Бастауыш сыныптар » «Егінші мен қасқыр» Литва ертегісі

«Егінші мен қасқыр» Литва ертегісі

№ 144 С. Әлжіков атындағы орта мектеп
Мұғалімнің есімі: Найзатай Нұргүл Тыныштыққызы
«Егінші мен қасқыр» Литва ертегісі
Сынып: 3 «Д» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) «Егінші мен қасқыр» ертегісіндегі негізгі ойды түсінеді.Ертегіден оқушылар жауапкершілікке,еңбекқорлыққа үйренеді.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Ертегінің негізгі мазмұнын біледі.
Нанның дастарханға келу жолын үйренеді.
Оқушылардың басым бөлігі: :
— Сурет пен ертегі арасындағы байланысты анықтайды.
Кейбір оқушылар:
Дүниедегі ең дәмді астың қандай тағам екенін айтып, дәлелдейді.
Тілдік мақсат Оқушылар:
-Мәнерлеп әсерлі оқи алады.
-Кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің ұнамды ,ұнамсыз жақтарын айыра алады.
— Қатесіз, көркем етіп кестемен жұмыс жасай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Маялау,бастыру.
Сыныптағы диалог:
-Суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?
-Суретке қандай ат қоюға болады?
-Суреттегі тағамдар туралы білетініңді айт.
-Осы тағамдар дастарқанға қалай келетінін әңгімеле.
Жетістік критерилері: -Өз ойын жүйелі жеткізе алды.
— Сурет пен ертегі арасындағы байланысты анықтай алды.
-Өз ойын жүйелі жеткізе алды.
-Сурет пен ертегі арасындағы байланысты анықтауда қиналды.
-Өз ойын жүйелі жеткізе алмады.
-Сурет пен ертегі арасындағы байланысты анықтай алмады.
Алдыңғы оқу
«Шегіртке мен құмырсқа» мысалы
Сабақ кезеңдері Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер
Оқыту ресурстары

Басталуы

0-2 минут
I.Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері».
«Сиқырлы қобдишадан» стикерлер алып,ондағы мұғалім тарапынан жазылған тілектерді оқиды.
Нан өнімдерінің атауына байланысты топтастырдым.. С.М.Әбдікәрім,С.Р.Рахметова,Б.С.Қабатай,
Әдебиеттік оқу.
3-сынып.
А.; Атамұра».2014
Суреттер.

3-8 минут

9- 11 минут

II.Үй тапсырмасымен жұмыс.
«Сиқырлы қобдиша»
Сұрақтар қою.
-«Құмырсқа мен шегіртке» өлеңі шығарманың қай түріне жатады?
-Мысалда не туралы айтылған?
-Құмырсқа шегірткені неліктен илеуіне кіргізбеді?
-Сен құмырсқаның орнында болса, не істер едің?
-Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтын мақал-мәтел айт.

Сиқырлы қобдишадан кімнің есімі жазылған парақша алынса,сол оқушы жауап береді.
Мұғалімнің бағалауы.

III.Жаңа сабаққа дайындық
1.Суретпен жұмыс.
«Ой атысы» әдісі
-Суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?
-Суретке қандай ат қоюға болады?
-Суреттегі тағамдар туралы білетініңді айт.
-Осы тағамдар дастарқанға қалай келетінін әңгімеле.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Ортасы
12-14 минут

15-17 минут

18-21 минут

22-23 минут

24-30 минут

31-33 минут

34-39минут

40-43 минут

44-45 минут

IV. Жаңа білім игеру
3.Аудиожазба арқылы ертегіні тыңдайды.

4.«Серпілген сауал» әдісі
— Адам нан жеп отырғанда қасына не келді?
-Ол не жайлы сұрады?
-Нан дастарханға келгенше қанша еңбек етіледі?
-Ретімен айтып көрші?
-Бұл айтылған жұмыстар қасқырға ұнады ма?
-Сурет пен ертегідегі оқиғаның арасында байланыс бар ма? Қандай?
-Нанның дәмі неліктен дәмді деп ойлайсың?
-Нан дастарханға келу үшін қандай маман иелері еңбектенеді деп ойлайсыңдар?
Мұғалімнің фишка арқылы бағалауы.

5.«Қызықты мәлімет» Ыбырай Жақаев туралы ақпарат алады.

6.Топтық жұмыс:
«Ойлан .Жұптас.Бөліс»
1-топ: Нан дастарханға келгенше атқарылатын жұмыстарды ретімен орналастыр?
2-топ: Нанды құрметтеуге байланысты әдептілік ережесін құрыңдар.
3-топ:Нан туралы мақал-мәтелдер айтып,мағынасын түсіндіріңдер.
4-топ: Еңбекқорлық пен жалқаулықты салыстыра сипаттаңдар.
Жеке ойлану, жұпта талқылап,топта ойымен бөліседі.Әр топ өз жұмысын көрсетеді.
«Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалайды

7.Сергіту сәті: «Көңілді күн»

8.Жұптық жұмыс. «Бес жолды өлең»
1-топ
1-жұп: «Нан»сөзіне бес жолды өлең жазыңыздар.
2-жұп: «Қасқыр»сөзіне бес жолды өлең жазыңыздар.
Жұптар өзара «Бағдаршам»түстері арқылы бағалайды.

V.Сабақты бекіту:
Жеке жұмыс: Семантикалық карта
Тұқымды
Әзірлейді Астық кептіреді Жер
жыртады Диірменде
Тартады Астық
тасиды Нан пісіреді Астық
Орады
Тракторшы
Егінші
Комбайншы
Жүргізуші
Қырманшы
Диірменші
Наубайшы
«Дайын үлгі»арқылы өздерін бағалауы
Мұғалімнің қорытынды бағалауы жүреді.

VI.Үйге тапсырма:
Топтық тапсырма:
1-топ:Нанның дастарханға келу жолын сурет арқылы бейнелеп келіңіз.
2-топ: «Нан-қасиетті тағам»тақырыбына өлең жазыңыз.
3-топ: Ұн тағамдарына қатысты жұмбақтар жазыңыз.
4-топ: «Ас-атасы -нан» тақырыбына эссе жазыңыз.

“Айрықша тапсырма” әдісі:
Бір оқушыға ақын Ғафу Қайырбеков туралы мәлімет жинастыру,тағы бір оқушыға еңбек құралдары жайлы жұмбақтар жазып келу тапсырылады.

Рефлексия
«3 сөйлем»
-Бүгінгі сабақтан не алдым?
Әр оқушы өзінің ойын стикерге жазып береді.
Қосымша ақпарат

Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күр-делендіруді қалай жоспар-лайсыз? Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Сабақ мақсаты шынайы болды.Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында балаларға өздері қалаған стикерлерін таңдауға мүмкіндік бердім.Ол стикердің келесі бетінде өз тарапымнан тілектер жазылған еді.Бүгінгі сабақта өтілген ертегінің мазмұнын түсіну арқылы балалар нанның дастарханға келу жолын білді.Сынып оқушылары топтық,жұптық жұмыстарда ынтымақтаса жұмыс жасады.Өз ойларын ашық айта алды.Бағалау алдыңғы сабақтағыдай көп уақыт алған жоқ.Балалар аз да болса дағдыланғандарын көрсетті.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1)Ертегіні аудио жазбадан тыңдаулары балаларға ерекше әсер етті.

2)Жұптарын бағалау сәтті өтті.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқуды да, оқытуды да)?
1) Менің жазған тілектерім балалардың сабаққа деген ынтасын арттыруда көмегін тигізді.

2)Жеке жұмыста «Семантикалық карта» толтыруға балалардың дағдыланғаны көрінді.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Оқушылар кері байланыста «3 сөйлем» арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ашып жазыпты.Олардың жазғанынан ұққаным сабақтың өту барысында өзара бағалауға үйренгендерін жазыпты.С деңгейіндегі бір оқушым « Сабақ үнемі осындай қызықты болса екен» деп жазыпты.[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *